Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап . "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 16, 214-құжат; 1999 ж., N 19, 646-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 2-баптың 1-тармағындағы "реттейдi" деген сөз "қолданылады" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-3), 2-1), 3-1), 3-2), 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-3) табиғи монополия субъектiсiнiң үлестес тұлғасы - шешiмдi тiкелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) табиғи монополия субъектiсi қабылдаған шешiмге әсер ету, оның iшiнде шарттың, ауызша шартты немесе өзге мәміленi қоса мүмкiндiгi бар (берiлген өкiлеттiктердiң шеңберiнде оның қызметiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардан басқа) тұлға, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсiне қатысты осындай құқығы бар кез келген тұлға;
2-1) ұзақ мерзiмдi кезең - бес жылдан астам уақыт аралығы;
3-1) инвестициялық бағдарлама (жоба) - жаңа активтердi жасауға, қазiргi бар активтердi кеңейтуге, қалпына келтiруге, қайта жаңартуға, қолдауға бағытталған қаражаттарды салу және қайтару, табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi құралдарын техникалық-экономикалық тиiмдiлiк алу мақсатында қысқа мерзiмге, орташа мерзiмге немесе ұзақ мерзiмге қайта жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасы;
3-2) инвестициялық тариф (баға, алым ставкасы) - бiр инвестициялық жобаның шеңберiнде уәкiлеттi орган бекiткен тариф (баға, алым ставкасы) немесе жаңадан құрылған, салынған инвестициялардың толық өтелiмдiлiгiне дейiн жұмыс iстейтiн объектiлерге көрсетiлетiн табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған оның шектi деңгейi;
3-3) қысқа мерзiмдi кезең - бiр жылға дейiнгi уақытты қоса уақыт аралығы;";
4) тармақшада:
"қызметтерiн" деген сөздiң алдынан "реттелетiн" деген сөзбен толықтырылсын;
"тауарларын" деген сөздiң алдынан "реттелетiн" деген сөзбен толықтырылсын;
4-1) тармақша "қызметтерiне" деген сөз "немесе реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) оның шектi деңгейiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-2), 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-2) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi - орташа немесе ұзақ мерзiмге бекiтiлетiн табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметiне (тауарға, жұмысқа) арналған тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) ең жоғары шамасы;
4-3) орташа кезең - бiр жылдан асатын бес жылға дейiнгi уақытты қоса уақыт аралығы;";
5-2) тармақшадағы "қызметтерiнiң" деген сөз "реттелетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-3) тарифтiк смета - уәкiлеттi орган жыл сайын және (немесе) орташа немесе ұзақ кезеңге арналған реттелетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) мөлшерiнде бекiтетiн көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) кiрiстерi мен шығыстарының статьялары, көлемдерi туралы көрсеткiштерi мен уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң басқа экономикалық көрсеткiштерi;";
мынадай мазмұндағы 5-4), 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-4) техникалық сараптама - iске қосылған активтердiң техникалық жай-күйiн (техникалық сипаттамасын) талдау және активтердi жұмыс iстеу қалпында ұстауды қамтамасыз ететiн жұмыстар жүргiзудiң қажеттiгi, технологиялық процестiң, технология өндiрiсiнiң материалдық, еңбек шығындарының белгiленген нормаларына сәйкестiгiн қоса тиiмдiлiгi, инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) жүзеге асырудың қажеттiлiгiн бағалау, ұсынылатын реттелетiн қызметтердiң түрлерi бойынша негiзгi құралдарды бөлудiң iске қосылған деңгейi және дұрыстығы;
6-1) қаржылық сараптама - олардың табиғи монополиялар туралы заңнаманың және уәкiлеттi орган шешiмдерiнiң орындалуын бағалау мақсатында табиғи монополия субъектiсiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң қаржылық көрсеткiштерiне қолданылатын тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) әсерiн талдау, тарифтiк сметаның орындалуын тексеру (бағалау) және есеп саясатын сақтау, уәкiлеттi органмен келiсiлген инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың) орындалуы;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектiсi ұсынатын және уәкiлеттi органның мемлекеттiк реттеуiне, қызметтердi тұтынушыға белгiлi бiр тауар беру түрiнде ұсыну жағдайларын қоса жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);";
3) 4-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Табиғи монополиялар аясы"
1-тармақта:
"аясында" деген сөз "аяларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мынадай iс-әрекет түрлерi" деген сөздер алынып тасталсын;
3-1) тармақшадағы "жылыту қазандықтарында, өндiрiстiң құрамдастырылған үлгісіндегі стансаларында өндiру" деген сөздер алынып тасталсын;
4-1) тармақшадағы "бәсекелес кiрме жолдар және оны салудың технологиялық мүмкiндiктерi не экономикалық тиiмдiлiгi болмаған кездегi кiрме жолдардың қызметтерi" деген сөздер алынып тасталсын;
5) тармақшадағы ", айлақтар, әуежайлар" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) порттардың, әуежайлардың қызметтерi";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) телекоммуникациялардың техникалық мүмкiн еместiк не экономикалық мақсатсыздық себебi бойынша, тарифтерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерiн қоспағанда, осы қызметтердi көрсететiн нақты байланыс операторының болмау жағдайы кезiндегi қызметтерi;";
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
6-1) телекоммуникациялар желiлерiн жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желiлерiне қосу мақсатында жалға немесе кабельдiк арналар мен технологиялық мүлiктi пайдалануға қызметтер ұсыну;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Уәкiлеттi орган осы баптың 1-тармағында санамаланған табиғи монополиялар саласының табиғи монополия субъектiлерiнiң осы сала шеңберiнде ұсынылатын қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) реттелетiнге жатқызу мәнiн талдауды жүзеге асырады.
Реттелетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша бекiтедi.";
2-тармақта:
"табиғи монополия" деген сөздер "табиғи монополиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
", ұсынылатын реттелетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) нақты түрлерiн көрсете отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы "Табиғи монополия" деген сөздер "Табиғи монополиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-1-тармақ алынып тасталсын;
4) 5-бапта:
"Табиғи монополия" деген сөздер "Табиғи монополиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
1) тармақшадағы "өзiнiң негiзгi қызметiне" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "қызметтер" деген сөз "реттелетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
"ұсынылған" деген сөз "реттелген" деген сөзбен ауыстырылсын;
"ескерiлмеген" деген сөзден кейiн "реттелген" деген сөзбен толықтырылсын;
"немесе олардың шектi деңгейлерi" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшада:
"қызметтерге" деген сөз "реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қызметтер" деген сөз "реттелетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) өндiрiске және реттелетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсыну үшiн пайдаланылатын меншiк құқығына және өзге де заңды негiзде тиесiлi мүлiктi сенiмдi басқаруға, мүлiктiк жалдауға, лизингке беруге;";
6) тармақшадағы "қызметтерi" деген сөз "реттелетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары)" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшада:
"қызмет көрсетулер" деген сөздердiң алдынан "реттелетiн" деген сөзбен толықтырылсын;
"тұтынушыларға" деген сөзден кейiн "реттелетiн" деген сөзбен толықтырылсын;
8) тармақшадағы "қызмет көрсетулерге (тауарларға, жұмыстарға)" деген сөздер "немесе реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) олардың шектi деңгейiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгілеген реттелетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн ұсынылатын реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап етуге.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың 1-тармағының 4) және 6) тармақшаларында көзделген шектеулердi сақтау мақсатында, табиғи монополия субъектiсiнiң олар ұсынатын реттелетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін төлемдер қабылдау кассасының болуы мiндеттi.";
5) 6-бапта:
1-1) тармақша "ұсынылатын" деген сөзден кейiн "реттелетiн" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
"1-3) өзiнiң таңдауы бойынша тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекiтуге немесе реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған оның шекті деңгейiне арналған өтiнiмдi уәкiлеттi органның қарауына ұсынуға;";
6) 7-бапта:
2) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
"2) мемлекеттiк басқару органдары өздерiнiң құзыретi шегiнде уәкiлеттi орган ұсынған реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) бекiткен тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн ескере отырып, белгiлеген ұсынылатын реттелетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес, реттелетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға жалпыға бiрдей қызмет көрсетудi қамтамасыз етуге;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) олар ұсынған қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн тұтынушылардан өз кассалары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар арқылы төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге;";
3) тармақшада:
"ескерiлген" деген сөзден кейiн "реттелетiн" деген сөзбен толықтырылсын;
"жағдайларда," деген сөзден кейiн "реттелетiн" деген сөзбен толықтырылсын;
", оның iшiнде уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең жағдайлармен қол жеткiзуге" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда, барлық тұтынушыларға тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiнен аспайтын тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша реттелетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға;";
7) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарында белгiленген аудит жүргiзу шартына қосымша талаптарға сәйкес" деген сөздер ", осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетiлген, үш жылда бiр рет мiндеттi аудит жүргiзетiн табиғи монополия субъектiлерiнен басқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7-1) реттелетін қызметтердiң әрбiр түрi бойынша және тұтастай уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен өзге қызмет бойынша табыстарды, шығындар мен iске қосылған активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзуге;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) ұсынылатын реттелетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне тұтынушылармен Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгi шарттарға сәйкес жеке шарттар жасасуға;";
10) тармақша "тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)" деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейлерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақша "қызметтер" деген сөздiң алдынан "реттелетiн" деген сөзбен толықтырылсын;
13) тармақша "тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)" деген сөздерден кейiн "кешiктiрмей" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 14), 15), 16) тармақшалармен толықтырылсын:
"14) уәкiлеттi орган бекiткен талаптарға сәйкес өз қызметiне:
қаржылық - екi жылда бiр реттен кем емес;
техникалық - бес жылда бiр реттен кем емес тәуелсiз сараптама жүргiзуге;
15) Қазақстан Республикасының салық заңнамасы өзгерген жағдайда, соның салдарынан табиғи монополия субъектiсiнiң шығындарының құны аталған өзгерiстер қолданысқа енген күннен бастап азайса, барлық тұтынушылар үшiн ұсынылатын реттелетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және олардың шектi деңгейiн төмендетуге;
16) сауда-саттықта тендер нысанында, мүлiктердi мемлекет меншiгiне беру жағдайларынан басқа реттелетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiруге және ұсынуға арналған мүлiктi иелiктен айыруға мiндеттi.";
7) 10-баптың 1) тармақшасындағы "қызметтерiн" деген сөз "реттелетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды)" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 11-бапта:
2-тармақ:
"субъектiсiнiң" деген сөзден кейiн "реттелетiн" деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақ "қызметтерiн" деген сөзден кейiн "(тауарларын, жұмыстарын)" деген сөздермен толықтырылсын;
9) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Уәкiлеттi орган
Уәкiлеттi органның ережесiн, құрылымын және жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.";
10) 13-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеудiң кемсiтпеушiлiк әдiстемесiн әзiрлейді, бекiтедi және қолданады;";
11) 14-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша "реттейтiн" деген сөзден кейiн "және бақылайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша "және бақылауды" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) қажет болған жағдайда, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптама жүргiзуге;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) табиғи монополиялар туралы заңнама бұзылған жағдайда, табиғи монополия субъектiлерiне, мемлекеттік органдарға орындалуы мiндеттi нұсқама мен табиғи монополия субъектiлерiн қайта ұйымдастыру туралы және (немесе) мүлiктi иелiктен айыру туралы нұсқама енгiзуге;";
9-1) тармақшадағы "субъектiлерiнiң" деген сөзден кейiн "реттелетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды)" деген сөздермен толықтырылсын;
9-2), 9-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"9-2) табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтiк сметаларын олар белгiлеген тәртiппен өзгертуге бастамашылық жасауға;";
9-3) шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметасын бекiту кезiнде ескерiлетiн сатып алулар үшiн бақылауды жүзеге асыруға;";
9-4) тармақша алынып тасталсын;
9-6) тармақша "субъектiсiнiң" деген сөзден кейiн "реттелетiн" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-7), 9-8), 9-9) тармақшалармен толықтырылсын:
"9-7) реттелетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша табыстарды, шығындар мен және iске қосылған активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу тәртiбiн бекiтуге;
9-8) тағайындалатын оңалтушы басқарушының кандидатурасын және табиғи монополия субъектiлерiнiң оңалту жоспарын келiсуге;
9-9) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейiн мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген сапаға қойылатын талаптарды ескере отырып бекiтуге;";
12) 14-1-бапта:
1) тармақшада:
"тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)" деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейлерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
"тарифке (бағаға, алым ставкасына)" деген сөздерден кейiн "немесе оның шектi деңгейiне" деген сөздермен толықтырылсын;
"тарифтiк сметада көзделген амортизациялық аударымдардың қаражаттарын мақсатсыз пайдалануға және тариф сметасының шығын баптарын орындамауға" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша "немесе олардың шектi деңгейлерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша алынып тасталсын;
5), 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге берген өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзуге;
6) мыналарды:
тарифтiк сметаларды, тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiту;
тарифтiк сметалардың жобаларын, тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн ұсыну;
уақытша төмендету коэффициентiн бекiту тәртiбiн айқындауға мiндеттi.";
13) 15-бапта:
1-тармақта:
мына мазмұндағы 1-1), 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiн бекiтумен;
1-2) инвестициялық тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекiтумен;";
4) тармақшадағы "ерекше тәртiбiмен" деген сөздер "ерекше тәртiптi бекiтумен" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) реттелетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша табыстарды, шығындарды, iске қосылған активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу тәртiбiн бекiтумен;
6) есепке алу саясатын келiсумен жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Жылына айлық есептiк көрсеткiштерi 350 000-нан аспайтын реттелетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден алынған табыс табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiне Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн мемлекеттiк реттеудiң оңайлатылған тәртiбi қолданылады. Көрсетiлген табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тiзбесiн облыс (республикалық маңызы бар қалалық, астана) әкiмдерiнiң ұсынымы бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi.";
14) 15-1-бапта:
тақырыбындағы "субъектi қызметтерiне" деген сөздер "субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне" деген сөздермен ауыстырылсын, "тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейлерiн" деген сөздермен толықтырылсын;";
1-тармақта:
"субъектi қызметтерiне" деген сөздер "субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне" деген сөздермен ауыстырылсын, "тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейлерiн" деген сөздермен толықтырылсын;";
"қызметтердi ұсыну" деген сөздердiң алдынан "реттелетiн" деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақта:
"тарифтi (бағаны, алым ставкасын)" деген сөздерден кейiн "немесе оның шектi деңгейiн" деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша "немесе оның шектi деңгейiн" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк кепiлдiгiмен бұрын алынған кредиттердi қайтаруды қамтамасыз етудi;";
3) тармақша "немесе оның шектi деңгейiн" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша "немесе оның шектi деңгейiн" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне есептеу құралдарын сатып алу және орнату шығындары уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қосылады.";
15) 16-бапта:
тақырыбы "немесе олардың шектi деңгейлерi мен тарифтiк сметалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта "ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, алымдар ставкаларына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту (өзгерту)" деген сөздер "ұсынылатын реттелетiн қызметтерге (тауарларға, алымдар ставкаларына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiту" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
"тарифтiк сметаны және тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын" деген сөздер "тарифтiк сметалардың және тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"өзiнiң" деген сөз "реттелетiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiммен толықтырылсын:
"Тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда, табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тарифтi (бағаны, алым ставкасын) қарауға олар қолданысқа енгізiлгенге дейiн бip жүз сексен күн бұрын өтiнiм ұсынады.";
екiншi бөлiмдегi "тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары)" деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейлерi мен тарифтік сметалары" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
"көрсететiн" деген сөзден кейiн "реттелетiн" деген сөзбен толықтырылсын;
"күн iшiнде" деген сөздерден кейiн ", ал тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн бекiткен жағдайда, бiр жүз алпыс бес күн iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi сөйлемнiң "тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейлерi" деген сөздермен толықтырылсын;
16) 17-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қолданыстағы тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын өзгертуге арналған өтiнiмдi қарауға қабылдаған жағдайда, уәкiлеттi орган, қажет болған жағдайда, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерінің және тарифтiк сметалардың жобаларына қосымша қаржылық және (немесе) техникалық сараптаманы, бұл үшiн тәуелсiз сарапшыларды, мемлекеттiк органдарды, тұтынушыларды және олардың қоғамдық бiрлестiктерiн, жобаны ұсынушы табиғи монополия субъектiлерiн тарта отырып жүргiзедi.
1-1-тармақта:
"өткiзген жағдайда" деген сөздер "өткiзген кезде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"он бес" деген сөз "жетi" деген сөзбен ауыстырылсын;
"қызметтерiне" деген сөз "немесе реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) олардың шектi деңгейлерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 18-бапта:
тақырып "немесе олардың шектi деңгейлерi мен тарифтiк сметаларын" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы "қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын)" деген сөздер "реттелетiн қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерi мен тарифтiк сметаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгерту" деген сөздер "реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ "тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының)" деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейлерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың бiрiншi бөлiмiндегi:
бiрiнші сөйлемдегi:
"тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)" деген сөздерден кейiн "және тарифтiк сметаларды" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген" деген сөздер "уәкiлеттi орган айқындаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi сөйлем "тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)" деген сөздерден кейiн "және тарифтiк сметаларды" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Активтер жасалған мәмiлелердiң немесе банкрот деп танылған қарызгер - табиғи монополия субъектiсiнiң конкурстық массасын өткiзудiң нәтижесiнде оның меншiгiне түскен табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға осы активтердi иеленушiлер үшiн уәкiлеттi орган бұрын бекiткен реттелетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) немесе тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) немесе олардың шектi деңгейлерiне және тарифтiк сметаларға реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекiтуге өтiнiм ұсынғанға дейiнгi конкурстық өндiрiс процесінде өндiрiп алынған мүлiктердi ұсынады, бiрақ бұл алты айдан аспауға тиiс.";
6-тармақта:
"тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)" деген сөздерден кейiн "және тарифтiк сметаларды" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының салық заңнамасы өзгерген жағдайда, соның нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсiнiң шығын құны азаяды, уәкiлеттi орган өзiнiң бастамасы бойынша тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн табиғи монополия субъектiсiнiң осындай шығынның азаюын ескере отырып бекiтедi, көрсетiлген өзгерiстер қолданысқа енгiзiлген күннен бастап қолданылады.";
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Уәкiлеттi орган тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiн бекiткен кезде тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) белгiлi бiр шамасының қолданыс мерзiмi белгiленедi.";
"Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн енгiзу тиiстi жылдың бiрiншi шілдесiнен бастап жүзеге асырылады.";
18) 18-1-бапта:
1-тармақта:
"қызметiн" деген сөз "реттелетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды)" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) (егер өзге мәмiлелер жасауға қатысты табиғи монополия субъектiсiнiң иелiктен айырылған мүлiктерiнiң немесе табиғи монополия субъектiсiнiң мүлiктерiнiң қаржылық жылға арналған баланстық құны жыл басындағы оның активтерiнiң баланстық құнынан 0.05 пайыз асып кетсе) және олар табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн өсiруге, үзiлмейтiн байланыстағы технологиялық жиенi бұзуға,
ұсынылатын реттелетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерін үзуге не елеулi төмендетуге алып келмейтiн жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкін иелiктен айыруға және онымен өзге мәмiлелер жасауға;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) қаржылық жылда құндық көрiнiсi оның активтерiнiң баланстық құнынан 0,05 пайыз артатын реттелетін қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін пайдаланылатын табиғи монополия субъектiсi жалға алған мүлiктер және мүлiктiк жалдау шартын жасаған кезде табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн арттыруға, тұтынушылармен жасалған шарттарды бұзуға, технологиялық жүйемен үзiлiссiз байланысты бұзуға, ұсынылатын реттелетiн қызметтердi (өндiрiлетiн тауарларды, жұмыстарды) үзуге не олардың көлемдерiн едәуiр азайтуға алып келмейдi;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты, өзге де қызметтi жүзеге асыруына, пошта туралы заңнамада белгiленген қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ осы қызметтен алынған табыстар табиғи монополия субъектiсiнiң барлық қызметiнен бiр күнтiзбелiк жыл iшiнде алынған табыстардан бес пайыз аспайтындай жағдайда жүзеге асыруына;";
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) табиғи монополия субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) он пайыздан астамын жеке немесе заңды тұлғалардың (немесе тұлғалар тобының) сатып алуына;";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Реттелетiн қызметтермен технологиялық байланысты қызмет түрлерiнiң тiзбесiн уәкiлеттi орган өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк органмен немесе жергiлiктi атқарушы органмен, егер табиғи монополия субъектiсi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлсе және (немесе) коммуналдық меншiкте болса мемлекеттiк органды Қазақстан Республикасының Үкiметi жергiлiктi атқарушы және өкiлеттi органдардың ұсынуы бойынша айқындаған жағдайды қоспағанда, бiрлесiп бекiтедi.
19) 18-2-бап алынып тасталсын;
20) "ұсынылатын" деген сөзден кейiн "реттелетiн" деген сөзбен толықтырылсын;
21) 18-4-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер нысанында жүзеге асырылады.";
3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының заңдарымен" деген сөздер "уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1, 5-1 және 7-1-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң үлестес тұлғалары үшiн конкурстың бiрыңғай ұйымдастырушысы ретiнде шығуға құқылы.
5-1. Табиғи монополия субъектiсiнiң үлестес тұлғаларының аталған табиғи монополия субъектiсi өткiзетiн тендерге (лотқа) қатысуға, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген жағдайларды қоспағанда, құқықтары жоқ;
7-1. Шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi рыноктық бағадан жоғары бағамен сатып алған жағдайда уәкiлеттi орган тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң рыноктық құнынан асатын жұмсалған шығындарды бекiтiлген тарифтiк сметадан және (немесе) тарифтiк сметаның жобасын, тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн кейiннен қарау кезiнде тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе олардың шектi деңгейлерiне енгiзiлетiн шығындардан алып тастауға құқылы.
Тендер өткiзу кезiнде қалыптасқан тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) рыноктық бағасын бағалау қызметi туралы заңнамаға сәйкес уәкiлеттi орган тартқан бағалаушы жасаған бағалау туралы есептiң негiзiнде айқындалады.";
8-тармақ "тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)" деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейлерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Осы бапта көзделген талаптар теңгерiмдiк электр энергиясын, орталықтандырылған сауда-саттықтардағы, спот рыногындағы электр энергиясын электр энергетикасы туралы заңнамаға сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополия субъектiлерiне қолданылмайды.";
22) 19-бапта:
1-тармақта:
"субъектiлерi" деген сөзден кейiн ", мемлекеттiк органдар," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) осы заңға сәйкес келмейтiн кесiмдердi алып тастауға немесе өзгертуге;";
2-тармақтағы "негiзiндегi" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын талдау қорытындысы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
23) мынадай мазмұндағы 19-1 баппен толықтырылсын:
"19-1 бап. Уәкiлеттi органның нұсқамасы
1. Уәкiлеттi органның нұсқамасын табиғи монополия субъектiлерi, мемлекеттік органдар, олардың басшылары шешiмдерде (нұсқамаларда) көзделген мерзiмде, бiрақ оларды алған күннен бастап 30 күннен кешiктiрмей орындайды.
2. Мемлекеттiк органдар осы Заңды бұзып қабылдаған кесiмдердi алып тастау немесе өзгерту туралы, не алғашқы жағдайға келтiру жөнiндегi нұсқамаларды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган осы кесiмдердi (толық немесе iшiнара) жарамсыз деп тану туралы және (немесе) алғашқы жағдайға келтiруге мәжбүрлеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
3. Табиғи монополия субъектiсi нұсқаманы орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiн нұсқамада көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.";
24) 21-бап:
"тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)" деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейлерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
"қызметтер" деген сөз "реттелетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi