Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 794 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі N 399 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 452 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 452 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Тауарлардың кедендік құнын айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде пайдаланылатын ақпараттық анықтамалық туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 794қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбындағы "пайдаланылатын ақпараттық анықтамалық" деген сөздер "пайдаланылатын ақпараттық анықтамалықтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мыналар:
      1) "ЦЕНА-ИНФОРМ" жауапкершілігі шектеулі қоғамы ақпараттық-баспа фирмасының (Ресей Федерациясы) "Ценовая информация" ақпараттық бюллетені;
      2) Қазақстан азық-түлік өнімдерін өндірушілер одағының "Тамақ өнімдері бағаларының ақпараттық анықтамалығы" (Қазақстан Республикасы) тауарлардың кедендік құнын айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде пайдаланылатын анықтамалықтар ретінде белгіленсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады