2004 жылы бiрыңғай ұлттық тестілеудi өткiзудi қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ шектеулi мерзiмде тестілеудi өткiзудiң қосымша пункттерiн ашу қажеттiлiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлiгiне тестілеудi өткiзудiң қосымша 37 пунктiн ашу және олардың қызметiн қамтамасыз ету үшiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға 2004 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнің резервiнен 153979200 (бiр жүз елу үш миллион тоғыз жүз жетпiс тоғыз мың екi жүз) теңге бөлiнсiн.
2. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес қосымшаға сай заңды тұлғалар тестілеудi өткiзудің қосымша пункттерi үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар жабдықтар мен олардың қызметiн қамтамасыз ету жөнiнде қызметтер көрсетудi берушілер ретiнде белгіленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 19 сәуірдегі
N 434 қаулысына
қосымша
Тестiлеудi өткiзудiң қосымша пункттерiне арналған
жабдықтар берушілердiң және олардың қызметiн
қамтамасыз ету жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердің
тiзбесi
__________________________________________________________________
P/c|Тауарлар мен қызметтер|Тауарлар мен|Тауарлар мен |Шығындары
N |көрсетудi берушілердiң|қызметтер |қызметтер |(теңге)
| атауы |көрсетудi |көрсету атауы |
| |берушінің | |
| |орналасқан | |
| | жерi | |
__________________________________________________________________
1. "Прайя" жауапкершiлігi Алматы Принтерлер 1508906
шектеулі серіктестігі қаласы Жеке 7886550
компьютерлер
2. "АЛСИ" жабық акцио. Алматы Көшiру 3813479
нерлік қоғамы қаласы аппараттары
Мониторлар 1333332
3. "Алмаком" жауапкер. Алматы Оптикалық 22523588
шiлігі шектеулi қаласы маркер
серiктестігі сканерлерi
4. "Мемлекеттiк стандарт. Астана Тестілеу пункт. 116913345
тар және тестiлеу ұлт. қаласы терінің қызметiн
тық орталығы" республи. қамтамасыз ету
калық мемлекеттiк жөнiнде көрсетi.
қазыналық кәсіпорны летiн қызметтер
__________________________________________________________________