Дизель отынының экспорты туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі N 438 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қырғыз Республикасының Үкіметі өкілеттік берген "МұнайМырзаОпт" ұйымына 2004 жылғы 10 сәуір - 1 маусымда тұрмыстық пештік отыннан басқа, 15000 (он бес мың) тонна көлемінде дизель отынын (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 19410 0 - 2710 19490 0) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат етілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі осы қаулының 1-тармағының орындалуы және әкетілетін дизель отынының көлемін есепке алу жөніндегі қажетті шараларды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады