Орман қорының жерінің жекелеген учаскелерiн басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 494 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң  130-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қызылорда облысы әкiмдiгiнiң орман және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесiнiң алаңы 8,97 га жер учаскесi, соның iшiнде 1,52 га құрылыс салынған және 7,4 га басқа алқаптар орман қоры жерiнiң санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатынан тыс жер санатына ауыстырылсын.

      2. Қызылорда облысының әкiмi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесiн көп салалы аурухана кешенiнiң құрылысына тұрақты жер пайдалануға "Қызылорда облыстық медициналық орталығы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнына берудi қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады