"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 мамырдағы N 503 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы

       "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., N 52, 636-құжат; 1995 ж., N 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 10, 101-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) 16-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы "еңбек сіңірген" деген сөздерден кейін "не Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тізбе бойынша кәсіптерге ие және талаптарға жауап беретін" деген сөздермен және "адамдардан" деген сөзден кейін "және олардың отбасы мүшелерінен" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 21-бап 4) тармақшадағы "тіркелмесе" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса".

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады