Маңызды стратегиялық мәні бар қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 мамырдағы N 504 қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. 2004 жылғы 28 сәуiрде Душанбе қаласында (Тәжiкстан Республикасы) өтетiн Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетiнiң он сегiзiншi отырысына Қазақстан Республикасы делегациясының қатысуы үшiн "Eypо-Азия Эйр" авиакомпаниясы" ашық акционерлiк қоғамы сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар Астана - Душанбе - Астана бағыты бойынша арнайы рейстi жүзеге асыру жөнiндегi қызметтер көрсетудi берушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      2004 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдiк iссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен қызметтер көрсетудi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      осы қаулыға сәйкес қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алу үшiн пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады