"Агросауда" мемлекеттік сыртқы сауда акционерлік компаниясы тартқан мемлекет кепілдік берген қарыздың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 мамырдағы N 509 қаулысы

      "Агросауда" "мемлекеттiк сыртқы сауда акционерлiк компаниясы тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша республикалық бюджеттен оқшауландырған қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "МАК" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң (бұдан әрi - "МАК" ЖШС) 333474,89 EBPO (үш жүз отыз үш мың төрт жүз жетпiс төрт ЕВРО сексен тоғыз цент) мөлшерiнде "Агросауда" мемлекеттiк сыртқы сауда акционерлiк компаниясы тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша республикалық бюджет алдындағы берешектi өтеу жөнiндегi мiндеттемелердiң бiр бөлiгiн қабылдау туралы ұсынысына келiсiм берілсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарды:
      1) осы қаулының 1-тармағында көзделген норманы;
      2) "МАК" ЖШС-ның 11 жыл iшiнде тең үлеспен республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтаруын;
      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi  N 832 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептілiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатқа сыйақы есептеудi;
      4) "МАК" ЖШС республикалық бюджет алдындағы мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету мақсатында тиiстi Кепiлдiк туралы шартты ресiмдеудi көздейтiн "Медетшi қор" жабық акционерлiк қоғамы мен "МАК" ЖШС арасында келiсiм жасасуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады