Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу мен қорғау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау және қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 мамырдағы N 571 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 19, 170-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 мамырдағы N 571 қаулысына өзгерту енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 15 тамыздағы N 1015 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 34, 320-құжат).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі