Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 571 қаулысына өзгерту енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 15 тамыздағы N 1015. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.05.14. N 540 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу мен қорғау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлау және қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 571  қаулысына  мынадай өзгерту енгiзiлсiн: 
      1-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жер қойнауын жалпы зерттеуге бағытталған 1:50 000 масштабты геологиялық, геофизикалық суретке түсiру, жер сiлкiнiстерiн болжау, 1:100 000 және одан ұсақ масштабты гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық, геоэкологиялық суретке түсiру және басқа жұмыстарды қоса алғанда, аймақтық геологиялық-геофизикалық зерттеулер";

      Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрiнiң
     орынбасары

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады