Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөнiндегi комитетiн құру туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 мамырдағы N 545 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөнiндегі комитетiн құру туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Ахметжан Смағұлұлы Есiмовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Yкiметi арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөнiндегi комитетiн құру туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

  Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Yкiметi арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөнiндегі комитетiн құру туралы келiсiм

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Yкiметi (бұдан әрi - "Тараптар" деп аталатын),
      екi ел арасындағы тату көршiлiк пен достық қатынастарды тереңдетуге ниет бiлдiре отырып,
      2003 жылғы 6 маусымдағы "Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы 2003-2008 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын" iске асыру және Тараптардың жан-жақты ынтымақтастығын екi ел халықтарының игiлігі үшiн әртүрлi салаларда iлгерiлету мақсатында,
      теңдiк пен өзара тиiмділік қағидаттарына сәйкес,
      мына төмендегілер туралы келiсті:

  1-бап

      1. Тараптар Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында Ынтымақтастық жөнiндегі комитет (бұдан әрi - "Комитет" деп аталатын) құрады.
      2. Комитет жұмысының негiзгi нысаны әдетте жылына бiр рет, бiрақ тұрақты негізде емес Комитеттің тең төрағаларының басшылығымен Қазақстанда және Қытайда кезекпен өткiзiлетiн Комитеттің мәжiлiсi болып табылады. Практикалық қажеттiлiкке сәйкес арнайы мәжiлiс өткiзiледi.
      3. Комитет жұмысының тәртiбi мен жоспары оның мәжiлiстерiнде айқындалады. Комитеттің шешiмi ымыралық негізде қабылданады және қол қойылған күнiнен бастап күшiне енетiн хаттамалармен ресiмделедi.

  2-бап

      Комитетті құрудың негiзгі мақсаты сауда-экономикалық, көлік, ғылыми-техникалық, қаржы, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы, ұлттық, қоғамдық, экономикалық қауiпсiздiк салалары мен стратегиялық маңызы бар iрi ынтымақтастық жобаларын жоспарлау мен ұзақ мерзiмдi ынтымақтастық бағдарламаларын әзiрлеудi қоса алғанда, басқа да салалардағы Тараптардың ынтымақтастығын үйлестiру болып табылады.

  3-бап

      Комитеттiң әр бөлiгiнiң төрағасы әрбiр Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес Премьер-Министрдiң орынбасары деңгейiнде тағайындалады.

  4-бап

      1. Тараптар Комитет шеңберiнде мынадай Кiшi комитеттер (бұдан әрi - "Кiшi комитеттер" деп аталатын) құрады:
      1) Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегі кiшi комитет:
      Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Индустрия және сауда министрлiгi;
      Қытай тарапының үйлестiрушi органы: Коммерция министрлiгi.
      2) Көлiктiк ынтымақтастық жөнiндегi кіші комитет:
      Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Көлiк және коммуникациялар министрлiгi;
      Қытай тарапының үйлестіруші органы: Коммуникациялар министрлiгi.
      3) Өткiзу пункттерi арасындағы және кеден iсi саласындағы ынтымақтастық жөнiндегі кiшi комитет:
      Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Кедендiк бақылау агенттігі;
      Қытай тарапының үйлестiруші органы: Кедендiк бас басқарма.
      4) Ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi кiшi комитет:
      Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Бiлiм және ғылым министрлiгi;
      Қытай тарапының үйлестiрушi органы: Ғылым және техника iстерi жөнiндегі министрлiгi.
      5) Қаржылық ынтымақтастық жөнiндегi кiшi комитет:
      Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Ұлттық Банк;
      Қытай тарапының үйлестiрушi органы: Қытай Халық банкi.
      6) Энергетика саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi кiшi комитет:
      Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi;
      Қытай тарапының үйлестiрушi органы: Даму және реформа iстерi жөнiндегі мемлекеттік комитет.
      7) Геология және жер қойнауы саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi кiшi комитет:
      Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі;
      Қытай тарапының үйлестiрушi органы: Жер және табиғи ресурстар министрлігi.
      8) Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөнiндегі кiшi комитет:
      Қазақстан тарапының үйлестірушi органы: Мәдениет министрлiгi;
      Қытай тарапының үйлестiрушi органы: Мәдениет министрлiгi.
      9) Қауiпсiздiк саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi кiшi комитет:
      Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Сыртқы iстер министрлігі;
      Қытай тарапының үйлестіруші органы: Сыртқы iстер министрлiгi.
      2. Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша Комитет шеңберiнде тұрақты және уақытша жұмыс органдары, соның iшiнде жекелеген Кiшi комитеттер құрылады және таратылады.
      3. Әрбiр Тарап Кiшi комитеттердiң төрағаларын тағайындайды және олардың құрамын қалыптастырады.
      4. Кiшi комитеттер Комитет мәжiлістерiнде бекiтiлетiн жұмыстың негiзгi бағыттары мен тәртiбi туралы ережелер әзiрлейдi.
      5. Тараптар екi елдiң бiрiнде кезекпен өткiзiлетін Комитет мәжiлiстерiнiң мерзiмдерi мен Күн тәртiбi жөнiндегі ақпараттарды күнi бұрын келiседi және олармен өзара алмасады.

  5-бап

      1. Комитеттiң екi бөлiгі Хатшылықтарының функцияларын Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы сыртқы iстер министрлiктерiнiң тиiстi департаменттерi орындайды. Атқарушы хатшылардың мiндеттерiн екi елдiң сыртқы iстер министрлiктерiнiң тиiсті басшылары орындайды.
      2. Қажет болған жағдайда Тараптар өзара келiсiм бойынша Комитеттiң екi бөлiгінiң Атқарушы хатшыларының кездесуiн өткiзедi.

  6-бап

      1. Комитеттің және Комитет шеңберiндегі Кiшi комитеттердiң мәжiлiстерiн өткiзуге байланысты шығыстарды қабылдаушы тарап көтередi.
      2. Мәжiлiстерге қатысуға байланысты шығыстарды әрбiр Тарап дербес көтередi.

  7-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың келiсiмi бойынша осы Келісiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетін өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн.

  8-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану жөнiнде даулар туындаған жағдайда, Тараптар оларды достық консультациялар жолымен шешетін болады.

  9-бап

      Осы Келiсiм Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

  10-бап

      Осы Келiсiмнiң күшiне енуiмен 1992 жылғы 26 ақпанда Пекин қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан-қытай үкiметаралық сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегі комиссиясын құру туралы келiсiм өзiнiң қолданылуын тоқтатады.

  11-бап

      2001 жылғы 12 қыркүйектегi екi мемлекеттiң Премьер-Министрлерi қол қойған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге сәйкес бұрын құрылған Қазақстан-қытай трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғау жөнiндегi бiрлескен комиссиясы екi мемлекеттің трансшекаралық өзендерiнiң ресурстарына байланысты тиiстi жұмыстарға жауап бередi. Бұл комиссия Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөнiндегi комитетiне қол жеткiзiлген уағдаластықтар туралы баяндауға мiндеттi.

  12-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және бес жыл бойы қолданылады. Егер Тараптардың ешқайсысы Келiсiмнiң қолданылуының кезектi кезеңi аяқталғанға дейiн алты айдан кешiктiрмей оның қолданылуын өзiнiң тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша нысанда хабарламаса, ол келесi бес жылдық кезеңге ұзартылатын болады.

      2004 жылғы "____" _________ ________ қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi барлық мәтiннiң күшi бiрдей.

       Қазақстан Республикасының        Қытай Халық Республикасының
      Yкiметi үшiн                     Үкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады