Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 мамырдағы N 581 қаулысы

      "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңына және "Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
 

      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгіне Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2004 жылғы 11 наурыздағы "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының пайдасына шығарған шешiмiн орындау үшiн 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 11458736 (он бір миллион төрт жүз елу сегіз мың жетi жүз отыз алты) теңге, оның iшiнде негiзгi борыш сомасын өтеу үшiн 11124986 (он бiр миллион бiр жүз жиырма төрт мың тоғыз жүз сексен алты) теңге және мемлекеттiк бажды қайтару үшiн 333750 (үш жүз отыз үш мың жетi жүз елу) теңге бөлiнсiн.
 

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
 

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады