"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 4071 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi өкiмiнiң жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 мамырдағы N 582 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 4071 өкiмiне өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi өкiмiнiң жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
Өкімі Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 4071 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 4071 өкiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген өкiммен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң дербес құрамына:

Дунаев                 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Арман Ғалиасқарұлы

Као Стефано            - "Эни" компаниясының барлау және өндiру
                         жөнiндегі бас өндiрiстік директоры

Сәйденов               - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Әнуар Ғалимоллаұлы       төрағасы

Хитч Джеймс            - "Бейкер және Маккензи ТМД Лтд"
                         компаниясының басқарушы серiктесi

енгiзiлсiн;

"Тиллерсон Рекс        - "ЭксонМобил" корпорациясының аға
                         вице-президентi"

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Тиллерсон Рекс        - "ЭксонМобил" корпорациясының президентi
                          және басқарма мүшесi";

      көрсетiлген Кеңестiң құрамынан: Гутброд Макс, Досаев Ерболат Асқарбекұлы, Марченко Григорий Александрович шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады