"Қазақстан Республикасындағы жергіліктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 мамырдағы N 586 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің қарауына енгізiлсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi
мемлекеттік басқару туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгiзу туралы

       1-бап. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 ж. 23 қаңтардағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "19-1) аудандық (қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген штат санының жалпы лимитiн аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмдiкке жеткiзедi;".
       2-бап. Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады