Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 678 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 шілдедегі N 1061 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.07.13. N 1061 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 29 мамырдағы N 592 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 15, 166-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 29 мамырдағы N 592 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 12 мамырдағы N 441 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 19, 194-құжат).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2004 жылғы 21 маусымдағы
N 678 қаулысымен    
бекiтiлген        

Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесi

      Ескерту. Ережеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 8 тамыздағы N 679 Қаулысымен.

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және алдағы қаржы жылына арналған жергілiкті бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды.

1-бөлiм. Жалпы ережелер

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметi бекiтетiн Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары (бұдан әрi - Республиканың орта мерзiмдi жоспары), жергілiкті өкілдi орган бекiтетiн Өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары (бұдан әрi - Өңiрдiң орта мерзiмдi жоспары), жергiлiктi атқарушы орган бекiтетiн тиiсті әкімшілiк-аумақтық бiрліктің алдағы үш жылдық кезеңге арналған Орта мерзiмдi фискалдық саясаты (бұдан әрi - Орта мерзiмдi фискалдық саясат), мемлекеттiк, салалық (секторалдық), өңiрлiк бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына елдегi ахуал және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы жолдауы , бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бағалау және өткен және ағымдағы қаржы жылдарында жергілікті бюджеттердi атқарудың нәтижелері, алдағы қаржы жылына арналған жергілiктi бюджеттердің жобаларын әзiрлеудің негізі болып табылады.

      2. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзiрлеу процесi мынадай кезеңдердi қамтиды:
      1) алдағы қаржы жылына арналған түсiмдердiң болжамды көрсеткіштерiн айқындау;
      2) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін айқындау;
      2-1) басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін айқындау;
      3) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерінің бюджеттiк өтiнiмдерді жасауы;
      4) жергілікті бюджеттiк бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттiк өтінімдерін қарау;
      5) мәслихаттың тиiстi қаржы жылына арналған жергiлікті бюджет туралы шешімінің жобасын әзiрлеу.

2-бөлiм. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобаларын әзiрлеу

2-тарау. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiне түсетiн түсiмдердiң болжамды көрсеткiштерiн айқындау

      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттiк жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы (бұдан әрi - бюджеттiк жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлетті орган) үш жылдық кезеңге айқындалған республикалық бюджеттен берілетін бюджеттiк субвенциялардың, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттерден алынатын бюджеттiк алып қоюлардың көлемдерiн және облыстық бюджет пен аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерден арасында кiрiстердi бөлу нормативтерiн ескере отырып, бюджет құрылымына сәйкес облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi түсiмдерiнiң болжамды көрсеткiштерiн айқындайды және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссияларының (бұдан әрi - бюджет комиссиясы) қарауына жiбередi.
      4. Бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 5 маусымына дейiнгi мерзiмде алдағы қаржы жылына арналған облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті түсiмдерінің ұсынылған болжамды көрсеткіштерiн қарайды және мақұлдайды.
      4-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде түсімдердің болжамды көрсеткіштерін және өңірдің белгіленген стратегиялық, әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын ескере отырып бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттарын көрсете отырып, тиісті қаржы жылының облыстық бюджетін, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін нақтылау туралы шешім қабылдайды.
      4-2. Облыстық бюджеттерді, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін нақтылау тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетін нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда, мәслихаттың тиісті шешімі Қазақстан Республикасының Президенті тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей қабылданады.

3-тарау. Бюджет шығыстарының лимиттерін және облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің басым бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесін айқындау

      5. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi шығыстарының лимиттерiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілiктi уәкiлеттi орган облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінiң болжамды көрсеткiштерi, бюджет қаражатын жұмсаудың басымды бағыттары, Орта мерзiмдi фискалдық саясатта айқындалған өзге де көрсеткiштер, теріс операциялық сальдоның облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті тапшылығының жол берілетін шектегі мөлшерлері және республиканың орта мерзiмдi жоспарында, Өңiрдің орта мерзiмдi жоспарында айқындалған өзге де макроэкономикалық көрсеткiштер, үш жылдық кезеңге бекiтiлген бюджеттік алулар мен субвенциялардың көлемдерi, сондай-ақ алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi түсiмдерінің бюджет комиссиясы мақұлдаған болжамды көрсеткiштерi негiзiнде қалыптастырады.
      6. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті басым бюджеттік инвестициялық жобаларының (бағдарламаларының) тізбесін қалыптастыру облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесі негізінде жүзеге асырылады.
      Бұл ретте облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті басым бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысанда өткен жылғы есептік деректер мен ағымдағы жылға арналған жоспарлы көрсеткіштер көрсетілетін облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің бюджеттік бағдарламаларынан қалыптастырылады.
      Жоспарланатын кезеңнің бірінші жылында іске асырылуы басталатын облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің басым бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесіне енгізілетін облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің бюджеттік бағдарламалары сонымен қатар мынадай талаптарға сай болуға тиіс:
      1) мемлекеттік функцияларға сәйкес келу;
      2) мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламаларға сәйкес келу;
      3) орта мерзімді фискалдық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келу;
      4) бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) үшін техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының оң қорытындысы болуы.
      7. Ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар үшін бюджет шығыстарының лимиттерiн есептеу кезiнде:
      1) үш жылдық кезеңге белгiленген облыстық бюджеттен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне берiлетін бюджеттiк субвенциялардың көлемi мен республикалық бюджетке алынатын бюджеттік алулардың көлемдерiн қоса алғанда, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi кiрiстерінің көлемiнен аспауы тиiс ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға арналған шығындардың жалпы көлемi;
      2) бекiтiлген заттай нормалар;
      3) ағымдағы қаржы жылының ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларының көлемi;
      4) бюджеттік шығыстарды ұлғайту немесе азайту жөнінде Орта мерзiмдi фискалдық саясатта көрсетiлген бағыттар;
      5) ағымдағы қаржы жылында аяқталатын ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды алып тастау қажеттігі;
      6) өзге де қажеттi жағдайлар ескерiледi.
      8. Ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар үшін бюджет шығыстарының лимиттерi облыстық бюджеттiк бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әрбiр әкiмшісi (бұдан әрi - бюджеттiк бағдарламалардың әкімшілерi) үшiн айқындалады. Жалпы лимиттерден шығыстардың жекелеген түрлерiн бөлiп көрсетуге болады.
      9. Бюджеттiк даму бағдарламалары үшін шығыстардың лимиттерi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерi арасында ажыратылмай, тұтас айқындалады. Бюджеттік даму бағдарламалары үшiн шығыстар лимиттерiнiң көлемi облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi шығыстарының жалпы болжамды көлемi мен ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар үшін шығыстар лимиттерiнің жалпы көлемi арасындағы айырмашылық ретiнде есептеледi.
      9-1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік комиссияның қарауына:
      облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін бюджет шығыстарының лимиттерін (бұдан әрі - ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін бюджет шығыстарының лимиті);
      облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін (бұдан әрі - бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттері);
      облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін енгізеді.
      10. Бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 7 маусымына дейiнгi мерзiмде ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға және бюджеттiк даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерiн, сондай-ақ облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін қарайды және мақұлдайды.
      11. Бюджет комиссиясы мақұлдаған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін және облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi шығыстарының лимиттерiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті орган 3 жұмыс күнi iшінде бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiне, ал бюджеттiк даму бағдарламалары үшін және облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін бюджет шығыстарының лимиттерiн бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iрiктеу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкілеттi органына жеткiзедi.
      12. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) жөніндегі өтiнiмдерiн қарау нәтижелерi, заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялардың қаржы-экономикалық негiздемелерi негiзiнде және бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджеттік даму бағдарламаларына арналған бюджет шығыстарының лимиттерi шегiнде:
      1) ағымдағы жылы мемлекеттiк, салалық (секторалдық), өңiрлiк бағдарламалар бөлінiсiнде iске асырылатын бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) ескеріле отыра, басымды бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тiзбесiн;
      2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар жөнiндегi ұсыныстарды қалыптастырады және ағымдағы жылдың 15 маусымына дейiн бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      13. Бюджет комиссиясы осы Ереженiң 12-тармағында көрсетілген тiзбе мен ұсыныстарды қарайды, оларды қаржыландыру көзi мен тетiгiн және оларды iске асыруға жауапты болатын бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiн айқындайды.
      14. Бюджет комиссиясы мақұлдаған басымды бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар жөніндегі ұсыныстары тiзбесiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкілеттi орган үш күн ішiнде бюджеттiк бағдарламалардың әкімшiлерiне жеткiзедi.
      15. Бюджеттiк жоспарлау жөніндегi орталық уәкiлетті орган ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін бюджеттік жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкілеттік органға республикалық бюджеттен берiлетін мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердің болжамды көлемдерi мен мақсатын жеткiзедi. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган оларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерi бойынша бөледi және оларға үш жұмыс күш iшiнде жеткiзедi.
      16. (алынып тасталды - 2007.08.08. N 679 )

4-тарау. Облыстық бюджеттiк бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламалары әкiмшілерінің бюджеттік өтінімдердi жасауы

      17. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен:
      бірыңғай бюджет сыныптамасы;
      бюджет шығыстарының лимиттері;
      өткен қаржы жылында бюджет комиссиясы мақұлдаған үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінім;
      республиканың немесе өңірдің орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары және орта мерзімді фискалдық саясат;
      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жеткізген басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесі;
      бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобасы;
      бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жүргізген, жоспарланатын қаржы жылына ауысатын бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау нәтижелері негізінде жасалады.
      18. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiк өтінімдердi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлетті орган белгілеген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 1 шілдесінен кешіктiрмей бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.
      Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы қабылдаған бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттары бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясы облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін нақтылау туралы шешім қабылданған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімдерін ұсынады.
      19. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне берiлетiн мақсатты трансферттердi және бюджеттік кредиттердi қаржыландыруды жүзеге асыратын бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлетті органға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бөлiнісiнде осы бюджеттiк бағдарламалар бойынша негiзделген есептеулердi ұсынады.

5-тарау. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламалары әкiмшілерінің бюджеттік өтінімдерiн қарау

      20. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілiкті уәкiлетті орган:
      1) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерінің бюджеттiк өтiнiмдерінің осы Ережеде және Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасында оларға қойылатын талаптарға сәйкестiгiн қарайды;
      2) бюджетті жоспарлау сатысында бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды:
      болжанатын қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама бойынша паспорттардың жобалары, қаржыландыру жоспарларының жылдық сомалары, шығыстар есептері;
      бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүргізген бюджеттік бағдарламаның тиімділігін бағалау нәтижелері негізінде;
      және:
      өңірдің тиісті болжанатын жылдарға арналып қабылданған стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларына және әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларына;
      егер алдағы қаржы жылында осы бағдарламаны іске асыру көзделсе, бюджеттік бағдарламалардың өткен және ағымдағы жылдарда іске асырылуын талдауға сәйкес жүргізеді;
      3) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнің бюджеттiк өтiнiмдерi бойынша қорытынды дайындайды;
      4) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне облыстық бюджеттен берiлетiн мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдерi жөнiнде ұсыныс дайындайды.
      21. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерінің бюджеттiк өтiнiмдерi жөнiндегi қорытындының нысанын бюджеттік жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлетті орган айқындайды.
      22. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерінің бюджеттiк өтiнiмдерi және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның олар жөнiндегi қорытындысы, сондай-ақ бюджеттiк жоспарлау жөнiндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның облыстық бюджеттен берілетiн мақсатты трансферттер мен бюджеттiк кредиттердiң көлемдерi жөнiндегi ұсынысы ағымдағы жылдың 25 шілдесінен бастап бюджет комиссиясының қарауына енгiзiледi.
      23. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерінің бюджеттiк өтiнiмдерi мен бюджеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті органның олар жөнiндегi қорытындысы бюджет комиссиясының қарауына екi кезеңде енгiзiлуi мүмкiн.
      Бiріншi кезеңде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар енгiзiледi. Бұл ретте бюджет комиссиясы жаңа әрi қосымша бюджет қаражатын талап ететiн, жеке қаралатын бюджеттiк бағдарламаларды қоспағанда, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік бағдарламалардың барлық әкiмшілерi бойынша тұтастай қарайды.
      Екiншi кезеңде бюджеттiк даму бағдарламалары енгiзiледi. Бюджет комиссиясы бюджеттік өтінімдердi тақырыптық блоктар бойынша қарау тәртiбiн белгiлей алады.
      24. Бюджет комиссиясының бюджеттiк бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттiк өтiнiмдерiн қарау кестесiн бюджет комиссиясының жұмыс органы жасайды.
      25. Бюджет комиссиясы енгізiлген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтiнiмдерiн, бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкілетті органның қорытындысын, сондай-ақ аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне облыстық бюджеттен берiлетiн мақсатты трансферттер мен бюджеттiк кредиттердiң көлемдерi жөнiндегi ұсынысты қарайды және ағымдағы жылдың 25 тамызына дейiнгi мерзiмде олар жөнiнде шешім қабылдайды.
      Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді қарайды, олар бойынша қорытынды дайындайды және оларды бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік өтінімдерді ұсынған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына шешім қабылдау үшін енгізеді.
      26. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті орган мен бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi арасындағы келiспеушіліктердi бюджет комиссиясы қарайды.
      27. Бюджет комиссиясы облыстық бюджеттiк бағдарламалар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламалары жөнiнде түпкiлiкті шешім қабылдағаннан кейiн бюджеттiк бағдарламалар әкімшілерінің қосымша өтiнiмдер беруге құқығы жоқ.
      28. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне облыстық бюджеттен берiлетiн мақсатты трансферттер мен бюджеттiк кредиттердің көлемдерiн бюджеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкілетті органына жеткiзедi.
      29. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерi үш күндiк мерзiмде облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары жобаларын және шығыстардың есептерiн бюджет комиссиясының шешiмдеріне сәйкес келтiредi және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілiктi уәкілетті органға ұсынады.
      Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын және бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығыстардың есептерін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының шешімдеріне сәйкес келтіреді және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы шешім қабылдаған күннен кейін 3 жұмыс күнінің ішінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

  6-тарау. Облыстық бюджет, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың бюджеті туралы мәслихат
шешiмiнiң жобасын әзiрлеу

      30. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкілетті орган бюджет комиссиясы қабылдаған шешiмдер негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi жобасын қарау және оның түпкілiктi нұсқасын айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 15 қыркүйегiнен кешiкпей аяқталады.
      Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қабылдаған шешімдерінің негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қорытындысынан кейін 5 жұмыс күні ішінде нақтыланған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      31. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілiкті уәкілеті орган алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi жобасының түпкілікті нұсқасы негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi туралы мәслихат шешімiнің жобасын жасайды және ағымдағы жылдың 1 қазанынан кеш емес мерзiмде оны облыстың республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілiктi атқарушы органының қарауына ұсынады.
      Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының нақтыланған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы бойынша қабылданған шешімдерінің негізінде 10 жұмыс күні ішінде тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімнің жобасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарауына ұсынады.
      32. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi туралы мәслихат шешімінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергіліктi атқарушы органы ағымдағы жылдың 15 қазанынан кешiктірмей мәслихатқа енгiзедi.

3-бөлім. Аудан (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнiң жобасын әзірлеу

7-тарау. Алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн түсiмдердiң болжамды көрсеткiштерiн айқындау

      33. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы үш жылдық кезеңге белгiленген облыстық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялардың, облыстық бюджет пен аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің арасында кiрiстердi бөлу нормативтерін ескере отырып, бюджет құрылымына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн түсiмдердiң болжамды көрсеткiштерiн айқындайды және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының (бұдан әрi - бюджет комиссиясы) қарауына жiбередi.
      34. Бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне дейiнгi мерзiмде алдағы қаржы жылына аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң ұсынылған болжамды көрсеткіштерін қарайды және мақұлдайды.
      34-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде өңірдің стратегиялық, әлеуметтік-экономикалық дамуының белгіленген басымдықтарын ескере отырып, түсімдердің болжамды көрсеткіштері мен бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттарын көрсете отырып, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджетін нақтылау туралы шешім қабылдайды.
      34-2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетін нақтылау тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің нақтылануына байланысты жүргізілген жағдайда мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімге қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей мәслихаттың тиісті шешімі қабылданады.

8-тарау. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті шығыстарының лимиттерін және басым бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесін айқындау

      35. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарының лимиттерiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің болжамды көрсеткiштерi, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, Орта мерзiмдi фискалдық саясатта айқындалған өзге де көрсеткiштер, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті тапшылығының, теріс операциялық сальдоның жол берілетiн шектегі мөлшерлері және Өңiрдiң орта мерзiмдi жоспарында айқындалған өзге де макроэкономикалық көрсеткiштер, үш жылдық кезеңге белгіленген бюджеттік алулар мен субвенциялардың көлемдерi, сондай-ақ алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті түсiмдерінің бюджет комиссиясы мақұлдаған болжамды көрсеткіштерi негізiнде қалыптастырады.
      36. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларының (бағдарламаларының) тізбесін қалыптастыру аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесі негізінде жүзеге асырылады.
      Бұл ретте аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысандағы өткен жылғы есептік деректер мен ағымдағы жылға арналған жоспарлы көрсеткіштер көрсетілетін аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің бюджеттік бағдарламаларынан қалыптастырылады. Жоспарланатын кезеңнің бірінші жылында іске асырылуы басталатын, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесіне енгізілетін аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің бюджеттік бағдарламалары сонымен қатар мынадай талаптарға жауап беруге тиіс:
      1) мемлекеттік функцияларға сәйкес келу;.
      2) мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламаларға сәйкес келу;
      3) орта мерзімді фискалдық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келу;
      4) бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) үшін техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының оң қорытындысының болуы.
      37. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін есептеу кезiнде:
      1) облыстық бюджетке алынатын бюджеттiк алулардың бекiткен көлемдерiн қоса алғанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламаларына, қаладағы ауданның, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламаларына арналған шығындардың жалпы көлемi аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi кiрiстерінің көлемiнен аспауы тиiс;
      2) бекiтiлген заттай нормалар;
      3) ағымдағы қаржы жылының ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының көлемi;
      4) бюджеттік шығыстарды ұлғайту немесе азайту жөнiнде орта мерзiмдi фискалдық саясатта көрсетiлген бағыттар;
      5) ағымдағы қаржы жылында аяқталатын ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларды алып тастау қажеттiгі;
      6) өзге де қажетті жағдайлар ескеріледi.
      38. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламалары, қаладағы ауданның, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары үшін шығыстардың лимиттері, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және қаладағы аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi аппаратының (бұдан әpi - әкім аппараты) бюджеттік бағдарламаларының әрбiр әкімшісі үшін айқындалады. Жалпы лимиттерден шығыстардың жекелеген түрлерiн бөліп көрсетуге болады.
      39. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк даму бағдарламалар үшін шығыстардың лимиттерi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшілерi мен әкiмдер аппараты арасында ажыратылмай, тұтас айқындалады. Бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстары лимиттерінің көлемі аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi шығыстарына жалпы болжамды көлемi мен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларын бюджет шығыстары лимиттерінің жалпы көлемi арасындағы айырмашылық ретінде есептеледi.
      39-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы бюджеттік комиссияның қарауына:
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін;
      аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін енгізеді.
      40. Бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне дейiнгi мерзiмде ауданның ағымдағы бюджеттік бағдарламаларына және (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерiн, сондай-ақ аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін қарайды және мақұлдайды.
      41. Бюджет комиссиясы мақұлдаған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламалары және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі үшiн шығыстардың лимиттерiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы үш жұмыс күнi iшiнде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк бағдарламаларының әкімшілерiне және әкiмдердiң аппараттарына, ал бюджеттік даму бағдарламалары және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі үшiн шығыстардың лимиттерiн бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iрiктеу үшiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкiлеттi органына жеткiзедi.
      42. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлетті органы бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) жөніндегі өтiнiмдерiн қарау нәтижелерi, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелерi негiзінде және бюджет комиссиясы мақұлдаған, бюджеттiк даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерi шегінде:
      1) ағымдағы қаржы жылында мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңiрлiк бағдарламалар бөлінісiнде iске асырылатын бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) ескере отырып, басымды бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тiзбесiн;
      2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялар жөнiндегі ұсыныстарды қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылының 15  шілдесіне дейiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      43. Бюджет комиссиясы осы Ереженiң 42-тармағында көрсетiлген тізбе мен ұсыныстарды қарайды, оларды қаржыландыру көзi мен тетігiн және оларды iске асыруға жауапты болатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін айқындайды.
      44. Бюджет комиссиясы мақұлдаған басымды бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар жөніндегі ұсыныстар тiзбесiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегі жергілікті уәкілеттi органы үш күн ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк бағдарламаларының әкімшілерi мен әкiмдердiң аппараттарына жеткізедi.
      45. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілетті органы облыстық бюджеттен берілетiн мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердiң болжамды көлемдерi мен мақсатын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшілерi, әкiмдердiң аппараттары бойынша бөледi және оларға үш жұмыс күнi ішінде жеткiзедi.
      46. (алынып тасталды - 2007.08.08. N 679 )

  9-тарау. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалары әкiмшілерінің бюджеттік өтінімдердi жасауы

      47. Осы Ереженің 17-тармағына сәйкес жасаған, алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiмдердi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк бағдарламаларының әкімшілерi мен әкiмдердiң аппараттары ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегi жергілікті уәкілетті органы белгiлеген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 15 шілдесінен кешіктiрмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына ұсынады.
      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қабылдаған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау туралы шешім қабылданғаннан кейін 10 жұмыс күнінің ішінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттары бойынша бюджеттік өтінімдерді табыс етеді.

  10-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерінің бюджеттік өтінімдерiн қарау

      48. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк бағдарламалар әкімшiлерінің және әкімдер аппараттарының бюджеттiк өтiнiмдерін осы Ереженің 20-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегi жергiлiктi уәкілеттi органы қарайды.
      49. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және әкiмдер аппараттарының бюджеттік өтiнiмдерi жөнiндегi қорытындының нысанын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілетті органы айқындайды.
      50. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерінің, әкiмдер аппараттарының бюджеттiк өтiнiмдерi және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк жоспарлау жөніндегі жергілiкті уәкілетті органының олар жөнiндегі қорытындысы осы Ереженiң 23-тармағында көзделген тәртiппен ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап бюджет комиссиясының қарауына енгiзiледi.
      51. Бюджет комиссиясының ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнің және әкімдер аппараттарының бюджеттiк өтінiмдерін қарау кестесiн бюджет комиссиясының жұмыс органы жасайды.
      52. Бюджет комиссиясы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң, әкімдер аппараттарының енгiзiлген бюджеттік өтінiмдерiн, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкілетті органының қорытындысын қарайды және ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейiнгi мерзiмде олар жөнiнде шешiм қабылдайды.
      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және шешім қабылдау үшін оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік өтінімдерді табыс еткеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде енгізеді.
      53. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), әкімдердiң аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының әкiмшілерi мен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкілетті органы арасындағы келіспеушіліктердi бюджет комиссиясы қарайды.
      54. Бюджет комиссиясы бюджеттiк бағдарламалар жөнiнде түпкілiктi шешім қабылдағаннан кейiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкiмшілерi және әкiмдер аппараттары қосымша өтінімдер беруге құқығы жоқ.
      55. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшілерi, әкiмдер аппараттары үш күндiк мерзiмде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары жобаларын, шығыстардың есептерiн бюджет комиссиясының шешімдерiне сәйкес келтіреді және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөнiндегi жергіліктi уәкілеттi органына ұсынады.
      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын және бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығыстар есептемелерін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының шешімдеріне сәйкес келтіреді және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін 3 жұмыс күннің ішінде оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

  11-тарау. Тиiстi қаржы жылына арналған ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы
мәслихат шешімiнiң жобасын әзiрлеу

      56. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілетті органы бюджет комиссиясы қабылдаған шешімдер негізiнде алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бap қала) бюджетi жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасайды және оны бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      Алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасын қарау және оның түпкiлікті нұсқасын айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 қазанынан кешікпей аяқталады.
      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қабылдаған шешімдері негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қорытындыларынан кейін 5 жұмыс күні ішінде нақтыланған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      57. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілiктi уәкiлетті органы алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасы негізінде алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімiнің жобасын жасайды және ағымдағы жылдың 15 қазанынан кеш емес мерзiмде оны ауданның облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қарауына ұсынады.
      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының нақтыланған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы бойынша қабылданған шешімдерінің негізінде 10 жұмыс күнінің ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімнің жобасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарауына ұсынады.
      58. Алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктiрмей мәслихатқа енгiзедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады