Маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 маусымдағы N 706 қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Мұнай көлігі институты" ашық акционерлік қоғамы (Украина) "Теңіз-Астрахань-Грозный" магистралдық мұнай құбырына (0-452 км. учаске) техникалық аудит жүргізу үшін сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар қызметтерді беруші болып белгіленсін.

      2. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен 65803000 (алпыс бес миллион сегіз жүз үш мың) теңге сомасына мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ақшаның оңтайлы және тиімді пайдаланылуын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С. Школьникке жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады