Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне инвестициялар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заң актiлерiне
инвестициялар мәселелері бойынша өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы
1-бап . Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжат; N 18, 142-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 жылғы 12 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 12 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне дәрiлiк заттар айналымы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2004 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына):
мынадай мазмұндағы 134-1, 563-1-баптармен толықтырылсын:
"134-1-бап. Мемлекеттiк заттай гранттарды қайтару мерзiмдерiн бұзу
Инвестициялар туралы заңнамада белгіленген мемлекеттiк заттай гранттарды қайтару мерзiмдерiн бұзу, -
заңды тұлғаларға бір мыңнан екі мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
563-1-бап. Инвестициялар жөніндегi уәкiлеттi орган
1. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 134-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшілік құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.".
2. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат):
1) 9-баптың 6-тармағындағы "инвесторға" деген сөз "инвестициялық жобаны іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-баптың 7) тармақшасындағы "инвесторға - осы Кодексте және Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында белгіленген тәртiппен меншiкке немесе жер пайдалануға өтеусiз" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына кейiннен меншiкке өтеусiз немесе жер пайдалануға бере отырып, инвестициялық жобаны iске асыру үшiн уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығында" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 1-2, 4-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақшадағы "инвестициялар - " деген сөзден кейiн "қаржылық" деген сөзбен толықтырылсын;
7) тармақшадағы "инвестициялық жобаны iске асыру үшiн Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының меншiгiне не жер пайдалануына өтеусiз берiлетiн" деген сөздер "кейiннен меншiкке өтеусiз не жер пайдалануға бере отырып Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны iске асыру үшiн уақытша өтеусiз пайдалануға берiлетiн немесе уақытша өтеусiз жер пайдалануы құқығында ұсынылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-баптың 1-тармағындағы "жаңа жұмыс орындарын құруға және бар жұмыс орындарын сақтауға," деген сөздер "қазақстандық кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 14-бапта:
1-тармақтағы "қызметтiң кiшi түрлерiн сыныптаушы" деген сөздер "экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптаушысының сыныптары" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "инвестормен" деген сөздер "инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 15-баптың 3) тармақшасындағы "инвестордың" деген сөз "өтінiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 16-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Инвестициялық салықтық преференциялар қызметтiң түрiне және тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне байланысты әрбiр жекелеген жағдайларда айқындалатын мерзiмге берiледi.";
6) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"17-бап. Кеден баждарын салудан босату
1. Кеден баждарын салудан босату инвестициялық жобаны iске асыру үшiн әкелiнетiн жабдықтар мен олардың жинақтаушыларын импорттау кезiнде ұсынылуы мүмкiн.
2. Кеден баждарын салудан босату келiсiм-шарттың қолдану мерзiмiне, бірақ келiсiм-шарт тiркелген сәттен бастап 5 жылдан аспайтын уақытқа беріледi.
3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған шешiм туралы хабарламаны уәкiлеттi орган 5 жұмыс күні ішінде кеден iсiнiң мәселелері жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.";
7) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттiк заттай гранттарды осы Заңмен белгiленген тәртiппен мемлекеттiк мүлік және жер ресурстарын басқару саласындағы тиiстi мемлекеттiк органдармен келісу бойынша келiсiм-шартқа сәйкес инвестициялық мiндеттемелер орындалған жағдайда кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз бере отырып, уақытша өтеусіз пайдалануға не жер пайдалануға уәкiлеттi орган береді.
Ұсынылған мемлекеттiк заттай грантты меншікке немесе жер пайдалануға өтеусіз беру үшін уәкiлеттi органның шешiмi негіз болып табылады. Уәкiлеттi органның шешімі олар осы Заңның 21-1-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жүргізiлген тексеру нәтижелерiнiң негізінде қабылданады.";
8) 19-бапта:
5) тармақшада:
"құжаттар" деген сөз "құжаттардың көшiрмелерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) жобаны қаржыландырудың көздері мен кепiлдiгiн белгілейтін, нотариалдық тәртiппен куәландырылған құжаттардың көшiрмелерi. Өз қаражатының есебінен қаржыландырылатын жағдайда олардың бар екендігі туралы растау қағазы қоса берiледi;";
7) тармақшадағы "инвестор" деген сөз "өтінім берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
8) өтiнiм берiлген тоқсанның алғашқы күніне арналған бухгалтерлік баланс;
9) тiркеу орны бойынша салық органының салықтық берешегінің, жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақылық жарналар бойынша берешегiнiң жоқтығы туралы анықтамалар болған жағдайда қабылдайды және тіркейді.";
9) 20-бапта:
"Инвестициялық" деген сөздiң алдынан "1." деген санмен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Инвестициялық преференцияларды беруге жасалған өтiнiмдердi қабылдаудың, тiркеудiң және қараудың тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.";
10) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:
"21-1-бап. Мониторинг және келiсiм-шарт талаптарының сақталуын бақылау
1. Келiсiм-шарт жасасқаннан кейін келісім-шарт жасасушы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы уәкілетті органға:
1) тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейiнгi айдың жиырма бесінен кешіктірмей статистика жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген нысан бойынша инвестициялық жобаны іске асыру туралы есептi;
2) жыл сайын, бірiнші маусымнан кешіктірмей:
статистика жөнiндегi уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша бiр жылғы есепті және оған түсiндiрме жазбаны;
тіркелген активтерді пайдалануды енгізуді растайтын құжатты;
аудиторлық есеппен расталған:
инвестициялық қызмет нәтижесіндегі кiрiстер мен шығыстар туралы есепті;
жыл iшiндегi бухгалтерлiк балансты;
тiркелген активтер бойынша ажыратымды ұсынады.
Аудиторлық есеп өткен жылдағы қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерін талдауды және келiсiм-шарт бойынша инвестициялық міндеттемелердің орындалғандығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
2. Мониторингтi және келісім-шарт талаптарының сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган өздері бекіткен тәртіппен мынадай нысандарда жүзеге асырады:
1) инвестициялық жобаларды іске асыру туралы есептiлiктi тексеру;
2) ұсынылған аудиторлық есептер негiзiнде тексеру;
3) тексеру, оның iшiнде инвестициялық қызмет объектiсiне бара отырып, құжаттық тексеру.";
11) 22-бапта:
3-тармақтағы "инвесторға" деген сөз "келiсiм-шарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) келiсiм-шарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы келiсiм-шарт бойынша өзінің мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда. Бұл жағдайларда көрсетiлген заңды тұлға келісім-шарт бойынша берілген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомаларын Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген айыппұл санкциялары қолданыла отырып төлейді.";
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) осы Заңның 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес келiсiм-шарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы берген есептегі мәлiметтердiң бұрмаланғаны немесе жасырылғаны анықталған жағдайда.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
4. Бiр жақты тәртіппен келісім-шарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының бастамасы бойынша келiсiм-шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде, көрсетiлген заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен өсiмпұлын есептей отырып, келiсiм-шарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялардың салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомаларын төлейдi.";
6-тармақтардағы "инвестор" деген сөз "келiсiм-шарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Мемлекеттiк заттай грантты қайтаруды уәкiлеттi орган келiсiм-шартты мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бiр ай мерзiмде келiсiм-шарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы жүзеге асырады.".
2-бап. Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi