Қазақстан Республикасы Yкiметінiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 шілдедегі N 753 қаулысы

      "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңына және "Қазақстан Республикасының Yкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Укiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен ежелгі Отырар қалашығын археологиялық зерттеу және консервациялау жөнiндегі жұмыстарды жалғастыру үшiн 10000000 (он миллион) теңге бөлiнсiн. 

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады