Ақмола облысы Атбасар қаласының жылумен қамтамасыз етiлу жағдайын тұрақтандыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасының Үкiметінің резервiнен қазандық шаруашылығын жөндеу және қысқы жағдайларда Атбасар қаласының жылыту жүйелерінің қатып қалуын болдырмау үшін Ақмола облысының әкiмiне 35000000 (отыз бес миллион) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Ақмола облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiне 2004 жылғы орындалған жұмыстардың көлемдерi мен құны туралы есеп берсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі