"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына өзгерiс енгізу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 шілдедегі N 768 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiн қайта ұйымдастыру туралы" 2004 жылғы 9 маусымдағы N 1382  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29  Жарлығына өзгерiс енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141  Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы Президентiнің
Жарлығы
 

     Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы
22 қаңтардағы N 29 Жарлығына өзгерiс енгiзу және Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 20 маусымдағы
N 1141 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегi агенттігін қайта ұйымдастыру турады" 2004 жылғы 9 маусымдағы N 1382  Жарлығына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29  Жарлығына(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2001 ж., N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат; N 45, 445-құжат; 2003 ж., N 12, 132-құжат; N 16, 160-құжат; 2004 ж., N 13, 166-құжат; N 21, 267-құжат) мынадай өзгерiс енгiзілсiн:

      аталған Жарлықтың 1-қосымшасында:

      "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды
      реттеу және бәсекелестiкті қорғау жөнiндегi агенттігi   573
      оның iшiнде аумақтық органдар                           408"

      деген жол алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігінің мәселелерi" туралы 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141  Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 27, 250-құжат; N 41, 427-құжат; 2004 ж., N 21, 267-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады