2004 жылғы көктеу кезеңiнде Қазақстанның оңтүстiк өңiрлерiн суғаратын сумен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан және Қызылорда облыстары тұтынушыларының Қырғыз Республикасынан электр энергиясын алуы және өтемақы ретiнде Бішкек қаласының жылу электр орталығына дейiн көмiр мен мазутты орайластыра жеткiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын.
2004 жылғы көктеу кезеңiнде Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына келетiн электр энергиясының барлық ағыны осы қаулының шеңберiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi - оңтүстiк өңiрлердiң суғармалы жерлерiн суғаруға арналған су жеткiзiлiмдерi жөнiндегi үйлестiрушi;
2) "Қазақстан электр желiлерiн басқару жөнiндегi компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "КЕGОС" ААҚ) - Қырғыз Республикасынан жеткiзiлетiн электр энергиясын беру жөніндегi оператор болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi агенттігi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен және "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамымен бірлесе отырып, 2004 жылғы көктеу кезеңiнде Қырғыз Республикасынан алынатын электр энергиясы үшiн өтемақы ретiнде жеткiзiлетiн көмiр мен мазутты экспорттық қатынаста темiр жол көлiгiмен тасымалдау тарифтерiне 0,5 төмендету коэффициентiн белгiлесiн.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының берiлген өтінімдерге сәйкес Бiшкек қаласының жылу электр орталығына дейiн көмiр мен мазутты жеткiзу үшiн жылжымалы құрамды үздiксiз беруiн қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігi Қазақстан Республикасының заңнамасына және 1994 жылғы 15 сәуiрдегi Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге сәйкес осы қаулы шеңберiнде жасалған келiсiм-шарттар бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектілер жеткiзетін электр энергиясы, көмiр мен мазут үшін кеден баждарын 2004 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданбасын.
6. Оңтүстiк Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкiмдерi бiр апта мерзiмде көктеу кезеңiндегi суғаруға арналған суды үнемдеу жөнiндегi іс-шараларды әзiрлесiн және олардың орындалуын қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi көктеу кезеңiнде судың ұтымды пайдаланылуына бақылау орнатсын.
7. "KEGOC" ААҚ-қа заңнамада белгiленген тәртiппен Орталық Азияның жиілiктi реттеушi энергия жүйесiнен қуатты реттеу жөнiндегi қызметтi сатып алу жолымен Қазақстанның Бiрыңғай энергетикалық жүйесiнiң оңтүстiк бөлiгiнде электр тогының стандартты жиілiгiн ұстап тұруды және технологиялық шығындарды өтеу үшiн электр энергиясын бір көзден - Қырғыз Республикасының "Электр станциялары" акционерлiк қоғамынан сатып алуды қамтамасыз ету ұсынылсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С.Есiмовке жүктелсiн.
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі