Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 145 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі N 808 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдарды оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 145  қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 7, 73-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы";

      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттеріне, мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын және/немесе мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттік органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар), заңнамада белгіленген тәртіппен жыл сайын:";

      1) және 2) тармақшалар алынып тасталсын;

      3) тармақшада:
      бірінші абзацта "әкімшілік шығыстардың сметасын" деген сөздер "ұлттық компаниялардың даму жоспарларын, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың, олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларын және мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші және үшінші абзацтарда "акционерлік қоғамдардың" деген сөздерден кейін "және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші абзацта:
      "акционерлік қоғамдардың" деген сөздерден кейін "және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Шетел валютасындағы іссапарлар шығыстарын өтеудің нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 қыркүйектегі N 967 қаулысымен және "Шетел валютасындағы іссапарлар шығыстарын өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 16 қарашадағы N 534 бұйрығымен" деген сөздер "Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шетелдік іссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы N 148  қаулысымен " деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшада "акционерлік қоғамның" деген сөздерден кейін "және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) мемлекеттік органмен (мемлекеттік кәсіпорындар үшін - мемлекеттік басқару органымен) акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттік кәсіпорындардың) бірінші басшылары мен олардың орынбасарларының шетелдік іссапарларын келісу міндеттілігін қамтамасыз етсін;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады