Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулыларына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамыздағы N 813 қаулысы

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260  қаулысында :

      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      IV "Шығындар" деген бөлiмде:
      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер көрсету" деген функционалдық топта:
      01 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілдi, атқарушы және басқа органдар" деген ішкi функцияда:
      104 "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi" деген әкiмші бойынша:
      001 "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің қызметiн қамтамасыз ету" деген бағдарламада:
      008 "Мемлекеттiк органдардың ғимараттарын, үй-жайларын және құрылыстарын күрделi жөндеу" деген кiшi бағдарламадағы "82961" деген сандар "79946" деген сандармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 009-кіші бағдарламамен толықтырылсын:

"009  Мемлекеттiк органдарды материалдық-
      техникалық жарақтандыру                                 3015";

      2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысында :

      көрсетiлген қаулыға  6-қосымшада :

      "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесi мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 5-жолмен толықтырылсын:

"5. -  009 Мемлекеттік органдарды   4 жиынтық   Жыл   Қазақстан
           материалдық-техникалық   басшы       бойы  Республикасы
           жарақтандыру             кабинетiн         Премьер-
                                    сатып алу         Министрiнің
                                                      Кеңсесi".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады