РҚАО-ның ескертуі. P031327 қаулысын қараңыз
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1327 қаулысына
6-қосымша
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 614128 мың теңге (алты жүз он төрт миллион бiр жүз жиырма сегiз мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы ; "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы ; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы ; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегi N 993 қаулысы .
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткiзу үшiн оның аппаратының қызметiн қамтамасыз ету, өз лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес кәсiби қызмет саласындағы бiлiм беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық бiлiмдерiн, машықтарын, дағдыларын жаңарту.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткiзу үшiн оның аппаратын ұстау, мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби бiліктілігін арттыру, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 ғимаратта орналасқан 6-қабаттағы алаңы 967,7 шаршы метр үй-жайға күрделі жөндеу жүргізу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
__________________________________________________________________
р/c|Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
N |дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1 001 Қазақстан
Республикасы
Премьер-
Министрiнiң
қызметiн
қамтамасыз
ету
2 001 Орталық Қазақстан Жыл Қазақстан
органның Республикасы бойы. Республи.
аппараты Премьер-Министрiнiң касы
Кеңсесiне жүктелген Премьер-
функцияларды Министрiнiң
орындау мақсатында Кеңсесi
307 бiрлiк санында
бекітiлген штат
санының лимитi
шегiнде оның
аппаратын ұстау.
Қазақстан
Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасарларын
литерлiк рейстермен
қамтамасыз ету
3 007 Мемлекеттiк Бекiтiлген Жыл Қазақстан
қызметші. бiлiктiлiгiн бойы. Республи.
лердiң арттыру жоспарына касы
біліктілігін сәйкес мемлекеттiк Премьер-
арттыру қызметшiлердiң Министрiнiң
бiлiктiлiгiн Кеңсесi.
арттыру жөнiндегi
қызметтер көрсетудi
сатып алу, оның
iшiнде мемлекеттiк
тiлдi үйрету.
Бiлiктiлiгiн
арттыру курсынан
өтетiн мемлекеттiк
қызметшiлердiң
орташа жылдық
саны - 95.
4 008 Мемлекеттiк Алматы қаласы, Жыл Қазақстан
органдардың Республика алаңы, бойы. Респуб.
ғимараттарын, 4 ғимаратта ликасы
үй-жайлары орналасқан Премьер-
және 6-қабаттағы алаңы Министрiнiң
құрылыстарын 967,7 шаршы метр Кеңсесi.
күрделi үй-жайға күрделi
жөндеу жөндеу жүргiзу.
5 009 Мемлекеттік 4 жиынтық Жыл Қазақстан
органдарды басшы бойы Республи.
материалдық- кабинетін касы
техникалық сатып алу Премьер-
жарақтандыру Министрiнің
Кеңсесi <*>
__________________________________________________________________
Ескерту. Кесте толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамыздағы N 813 қаулысымен .
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындау қазiргi заманғы экономикалық шарттарға сәйкес кәсiби мемлекеттiк қызмет талаптарына сай мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1327 қаулысына
7-қосымша
Ескерту. 7-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.26. N 197ю қаулысымен .
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттiк органдарда ақпараттық
қауiпсiздiктi ұйымдастыру және қамтамасыз ету"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 28257 мың теңге (жиырма сегiз миллион екi жүз елу жетi мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңы ; "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы ; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы ; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы ; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы ; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 наурыздағы N 390-16қ қаулысымен бекiтiлген Құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi нұсқаулық; "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысы ; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегi N 993 қаулысы ; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң "Ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру орталығы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 мамырдағы N 435 қаулысы ; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң "Ақпаратты техникалық қорғау орталығы" мемлекеттiк мекемесiнiң жарғысын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының 2002 жылғы 11 қазандағы N 25-1-97 бұйрығы; "Ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру орталығы" мемлекеттiк мекемесiнiң жарғысын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының 2003 жылғы 3 маусымдағы N 25-1-51 бұйрығы.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: мемлекеттiк органдарда ақпараттық қауiпсiздiктi ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi техникалық қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету, мемлекеттiк органдар мен ұйымдарды ақпаратты техникалық қорғау құралдарымен жарақтандыру, ақпаратты техникалық қорғау құралдарын, компьютерлiк және ұйымдастыру техникасын сатып алу, ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандарды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
__________________________________________________________________
р/c|Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
N |дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1 002 Мемлекеттiк
органдарда
ақпараттық
қауiпсіздікті
ұйымдастыру
және
қамтамасыз
ету
2 100 Мемлекеттiк 1) 14 бiрлiк Жыл "Ақпаратты
органдарда санында бекiтiлген бойы техникалық
ақпаратты штат санының лимитi қорғау
техникалық шегiнде "Ақпаратты орталығы"
қорғауды техникалық қорғау мемлекеттiк
ұйымдастыру орталығы" мекемесi
жөнiндегi мемлекеттiк
орталық мекемесiн ұстау.
2) Мыналарды сатып
алу:
компьютер - 5
бiрлiк;
сервер - 1 бiрлiк;
Notebook - 1 бiрлiк;
коммутатор - 1
бiрлiк;
бағыттауыш - 1
бiрлiк;
сканер - 1 бiрлiк;
көшiру машинасы -
1 бiрлiк;
принтер - 2 бiрлiк;
бағдарламалық
қамтамасыз ету -
1 бiрлiк;
телефондық аналог
фильтрi - 106
бiрлiк;
телефондық сандық
фильтр - 170
бiрлiк;
желiлiк фильтр -
100 бiрлiк;
матрицалық
генератор -
100 бiрлiк;
радиотрансляциялық
желiлердi қорғау
құрылғысы -
1 бiрлiк;
шредер - 1 бірлік,
шағын АТС - цифр-
лық - 1 бірлік;
Мемлекеттiк
органдарда
ақпаратты қорғау
құралдарын орнату
және олардың
техникалық
жай-күйiн тексеру.
3 101 Ақпарат 8 бiрлiк санында Жыл "Ақпараттық
қауiпсiздiгi бекiтiлген штат бойы қауiпсiздiк
саласында санының лимитi саласында
мамандарды шегiнде мамандар
даярлау "Ақпараттық даярлау
және қауiпсiздiк және
біліктілігін саласында мамандар олардың
арттыру даярлау және бiлiктi.
орталығы олардың лiгiн
бiлiктiлiгiн арттыру
арттыру орталығы" орталығы" MM
ММ ұстау
__________________________________________________________________
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердiң жария болу техникалық арналарын уақтылы анықтау, қызметтiк ақпаратты өңдеу процестерiн автоматтандыру, мемлекеттiк құпияларды қорғау үшiн ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы мамандардың кәсiби деңгейiн арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1327 қаулысына
8-қосымша
Ескерту. 8-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.26. N 197ю қаулысымен .
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттiк мекемелердi фельдъегерлiк
байланыспен қамтамасыз ету"
деген 003 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 212437 мың теңге (екi жүз он екi миллион төрт жүз отыз жетi мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 18 мамырдағы Заңының 15-бабы ; "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы ; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы ; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы ; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы ; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 12 тамыздағы N 668қ қаулысы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысы ; "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысы ; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегi N 993 қаулысы ; Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң жарғысын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының 2002 жылғы 11 қазандағы N 25-1-94 бұйрығы.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: мемлекеттiк мекемелердi фельдъегерлiк байланыспен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттiк мекемелердiң аса маңызды, өте құпия, құпия, үкiметтiк, дипломатиялық хат-хабарларының, бағалы жөнелтiмдерi мен жүктерiнiң жедел жеткiзiлуi мен сақталуын қамтамасыз ету, компьютерлiк және ұйымдастыру техникасын.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
__________________________________________________________________
р/c|Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
N |дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1 003 Мемлекеттiк 1) 307 бiрлiк Жыл "Қазақстан
мекемелердi санында бекiтілген бойы Республи.
фельдъе. штат санының касының
герлiк лимитi шегiнде мемлекеттiк
байланыспен Мемлекеттiк фельдъе.
қамтамасыз фельдъегерлiк герлiк
ету қызметтi ұстау. қызметi"
2) Мыналарды республи.
сатып алу: калық
дербес компьютер мемлекеттiк
- 40 жиынтық; мекемесi
монитор -
2 бiрлiк;
лазерлiк принтер
- 40 бiрлiк;
сервер - 2 бiрлiк;
магниттiк лента
- 2 бiрлiк;
жергiлiктi
желiлерге
арналған жабдық -
1 бiрлiк;
бағдарламалық
қамтамасыз ету
- 50 бiрлiк.
шағын АТС - ұқсас
- 1 жиынтық;
Компьютерлiк
жабдықтар мен
бағдарламалық
қамтамасыз етудi
орнату.
__________________________________________________________________
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: тасымалданатын құпия және үкiметтiк хат-хабарлардың уақтылы жөнелтiлуi және 100% сақталуы, бұл мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етедi, сұрау салуларды орындау жөнiндегі жұмыстарды автоматтандыру (қажеттi қызметтiк ақпаратты жылдам iздеу, өңдеу, беру және сақтау).