Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамыздағы N 820 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.20 № 429 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 57, 551-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:
      2-тармақтағы "Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары" деген сөздер "Премьер-Министрiнiң орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына мыналар енгізiлсiн:

      Әйтiмова               - Қазақстан Республикасы Премьер-
      Бiрғаным Сарықызы        Министрiнiң орынбасары, төраға

      Доминов                - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк
      Евгений Евгеньевич       қоғамы басқармасының төрағасы
                               (келiсiм бойынша)

      Досаев                 - Қазақстан Республикасының Денсаулық
      Ерболат Асқарбекұлы      сақтау министрi

      Қыпшақбаев             - "Инжиниринг және технологиялар
      Әбділ Исаұлы             трансфертi орталығы" акционерлік
                               қоғамының президентi (келiсiм
                               бойынша)

      Мамыраев               - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
      Бейбiт Баймағамбетұлы    Әкiмшiлігі Iшкi саясат басқармасының
                               Әлеуметтiк-саясат бөлiмi
                               әлеуметтiк-мәдени сала секторының
                               меңгерушiсi (келiсiм бойынша)

      Өтеулина               - Қазақстан Республикасы Премьер-
      Хафиза Мұхтарқызы        Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени
                               даму бөлiмiнiң меңгерушiсi

      Шығаев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
      Мұрат Насырұлы           Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени
                               даму бөлiмiнiң бас сарапшысы, хатшы;

      көрсетiлген құрамнан: Марченко Григорий Александрович, Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы, Ергешев Розмат Байташұлы, Дунаев Арман Ғалиасқарұлы, Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы, Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады