Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 тамыздағы N 860 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 13 тамыздағы
N 860 қаулысымен  
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      реттiк нөмiрi 27-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек сату";
      реттiк нөмiрi 31-1-жолдың 3-бағанындағы "этил спиртiн сақтау және сату, сондай-ақ алкоголь өнiмiн (сырадан басқа), сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату," деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
      "Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзiмi" деген I-бөлiмнiң 14-тармағындағы "этил спиртін сақтау мен сату," деген сөздер алынып тасталсын.

      2.  (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.12.  N 578  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      3.  Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы  N 733  (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4.  күші жойылды
      Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.19. N  610  (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. <*>
       ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N  1127  қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады