Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулыларына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 тамыздағы N 870 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
      02 "Қорғаныс" деген функционалдық топта:
      678 "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы" деген әкiмшi бойынша:
      002 "Республикалық ұлан объектiлерiнiң құрылысын салу" деген бағдарламада:
      "Астана қаласында Республикалық ұлан кешендi ғимаратын салу (II кезек)" деген жолдағы "176500" деген сандар "155020" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "10 бiрлiкке арналған жауынгерлiк техника
      үшiн тұтас металл боксының құрылысын салу             21480";
      2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға  413-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      реттiк нөмiрi 4-жолда:
      "Автомобильдiк техникаларға арналған қосалқы бөлшектердi, агрегаттар мен басқа да заттарды сатып алу." деген абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Әскери мақсаттағы арнайы жарақтар сатып алу - 25 жиынтық";
      " - қару-жарақ, суық қару және оларға арналған қосалқы бөлшектер - 3726 дана;" деген абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      " - биокомпьютерлiк кешен - 1 жиынтық;";
      көрсетiлген қаулыға 414-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. 10 бiрлiкке арналған жауынгерлiк техника үшiн тұтас металл боксының құрылысын салу.";
      7-тармақ "жобасындағы жатақхана" деген сөздерден кейiн "және жауынгерлiк техника үшiн тұтас металл боксының" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады