Мемлекеттiк ресурстар астығын сатудың кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы N 873 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" акционерлiк қоғамының сатылатын мемлекеттiк ресурстар астығын 100 (бip жүз) мың тоннаға дейiнгi көлемде iшкi рынокта ашық тендерлер өткiзу арқылы не тауар биржасында сатуын қамтамасыз етсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi С.Ә.Үмбетовке жүктелсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады