Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Yкiметi арасындағы Өсiмдiктердiң карантинi және оларды қорғау жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы N 879 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. 2004 жылғы 17 мамырда Пекин қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Өсiмдiктердiң карантинi және оларды қорғау жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Yкiметi арасында Өсiмдiктердiң карантинi және оларды қорғау жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiм

      (2004 жылғы 27 тамызда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2017 ж., № 3, 29-құжат)

      Қазақстан Республикасының Yкіметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметі (бұдан әрi Тараптар деп аталады),

      Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында зиянкестердiң пайда болуы мен таралуының алдын алуға кепiлдiк беру, осы реттелетiн объектiлердi алмасу және олардың таралуы кезiнде тиiмдi бақылау мен өсiмдiктердiң карантинi мен оларды қорғау саласындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында,

      мына төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Осы Келiсiмде мынадай терминдер қолданылады:

      (а) өсiмдiк - тiрi өсiмдiктер және тұқымы мен тұқымдық плазманы қоса, олардың бөлiктерi;

      (b) өсiмдiк өнiмдерi - өсiмдiк текті (дәндi қоса алғанда), қайта өңделмеген материал және қайта өңделген, өзiнiң табиғаты жағынан немесе өңдеу сипаты жағынан зиянкестердiң пайда болу немесе таралу қаупiн төндiруi мүмкiн өнімдер;

      (с) фитосанитарлық бақылау - өсiмдiктерде, өсiмдiк өнiмдерiнде және көлiк құралдарында карантиндiк зиянкестердiң бар немесе жоқ екендiгiн тексеру мақсатында қолданылатын iс-әрекет;

      (d) зиянкестер - өсiмдiктердің, жануарлардың немесе өсiмдiктерге немесе өсiмдiк өнiмдерiне зиян келтiретiн патогендердiң кез келген түрлерi, алуан түрлілерi және биотиптерi;

      (е) карантиндiк зиянкестер - аумақтық экономикасына ықпалды қаупі бар және осылайша қатер төндiретiн, бiрақ әзiрге жоқ немесе бар, бiрақ кеңiнен таралмаған және ресми бақылауда тұрған зиянкестер;

      (f) реттелетiн карантиндiк емес зиянкестер - отырғызуға арналған өсiмдiктерде болуы осы өсiмдiктердi пайдалану жөнiндегi ниеттерге зиянын тигiзетiн, сондықтан да тиiмділігі экономикалық жағынан қолдануға болмайтын және осыған орай импорттаушы-тарап аумағында реттелетiн объект болып табылатын карантиндiк емес зиянкестер;

      (g) реттелетiн объектілер - зиянкестердің пайда болу немесе таралу ошағына айналуы мүмкiн және фитосанитарлық шаралар, атап айтқанда, халықаралық тасымалдар кезiнде, қолдануға жататын кез келген өсiмдiк және өсiмдiк өнiмi, сақталатын орны, буып-түю материалы, көлiк құралы, контейнер, топырақ немесе кез келген басқа организм, объект немесе материал.

2-бап

      1. Тараптар өсiмдiктердiң карантинi және оларды қорғау саласындағы екi жақты ынтымақтастықты қолдайды, орындайды және дамытады.

      2. Осы Келiсiм шеңберiнде Тараптардың ынтымақтастығы Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

3-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру жөнiндегi Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлетті органдары мыналар болып табылады:

      - Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi;

      - Қытай тарапынан - Қытай Халық Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қытай Халық Республикасының Сапаны, инспекцияны және карантиндi қадағалау мемлекеттiк бас басқармасы;

      Тараптар мемлекеттерінің жоғарыда аталған уәкiлетті органдарының атауы немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар бiрiн-бiрi дипломатиялық арналар арқылы уақтылы хабардар етедi.

4-бап

      Тараптар бiр Тарап мемлекетiнiң аумағынан екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына карантиндiк зиянкестердің немесе реттелетiн карантиндiк емес зиянкестердiң әкелiнуiнiң алдын алу жөнiндегi барлық шараларды қолданады.

5-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң уәкілеттi органдары ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына зиян келтiретiн карантиндiк зиянкестердiң бар немесе жоқ екендігін анықтау мақсатында реттелетiн объектiлердi өндiрiс, қайта өңдеу, тасымалдау және сақтау процесiнде тексерудi жүргізедi.

6-бап

      Бiр Тараптың аумағынан екінші Тарап мемлекетiнiң аумағына экспортталатын, барлық реттелетiн объектілер:

      (а) басқа Тарап мемлекетiнiң аумағына экспортталатын реттелетін объектiлер Тараптар мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес келуге тиiс. Екiншi Тараптың аумағына экспортталатын реттелетiн объектілер қатаң карантиндiк тексеруден өткiзiлуге және бұл партиясында екінші Тарап бiлгiсi келiп отырған карантиндiк зиянкестер мен реттелетін карантиндiк емес зиянкестер жоқ екендігін растау үшiн экспорттаушы-Тарап берген ресми фитосанитарлық сертификат олармен бiрге жiберiлуге тиiс. Фитосанитарлық сертификат ағылшын тiлiнде және экспорттаушы-Тараптың ресми тiлiнде жазылуға тиiс;

      (b) тараптар зиянкестермен бүлiнуi мүмкiн сабанды, жапырақтарды және басқа да өсiмдiк материалдарын буып-түю материалы және ыдыстарды қомдайтын және оларға төсейтiн материал ретiнде пайдаланбайды. Солай бола тұрса да, қағаз бен синтетикалық материалдарды пайдалануға рұқсат етiлген. Көлiк құралдары, бума мен ыдысты қомдайтын және оларға төсейтiн материалдар тиiстi фитосанитарлық өңдеуден өткiзiлуге тиiс;

      (с) топырақ экспортталатын тауарлармен бiрге екiншi Тарап мемлекетінің аумағына экспортталмауға және әкелiнбеуге тиiс.

7-бап

      Тараптар екiншi Тараптың мемлекетiнен импортталатын реттелетiн объектiлерге карантиндiк және реттелетiн карантиндiк емес зиянкестердің алдын алу және фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру мақсатында Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес тексеру жүргiзетiн болады. Әрбiр Тараптың табылған залалданған объектілердi карантиндiк өңдеуден өткiзуге құқығы бар.

8-бап

      Карантиндiк бақылауға, фитосанитарлық сертификат алуға және карантиндiк рұқсатқа байланысты шығыстарды Тараптардың мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес жүктің иелерi жабады.

9-бап

      Әрбiр Тарап Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына немесе осы Келiсiмнiң ережелерiне қайшы келетiн карантиндiк зиянкестер немесе кез келген басқа нәрселер табылған кезде бұл туралы екiншi Тарапты хабардар етуге тиiс.

10-бап

      Екiншi Тараптың ұлттық экономикасына қатер төндiретiн зиянкестердiң пайда болуының, атап айтқанда, карантиндiк зиянкестердiң пайда болуының алдын алу мақсатында Тараптардың:

      - өсiмдiктердiң және өсiмдiк өнiмдерiнiң импортына шектеу белгiлеуге немесе қосымша шаралар қолдануға;

      - өсiмдiктердің және өсiмдiк өнiмдерiнiң импортына тыйым салуға құқығы бар.

11-бап

      Тараптар өз мемлекеттерiнің аумақтарында карантиндiк зиянкестер мен реттелетiн карантиндiк емес зиянкестердiң енуiн болдырмау мақсатында реттелетiн объектiлер карантинi үшiн жауапкершілiк жүктейтін шекаралық бекеттердi белгiлейдi.

12-бап

      1. Тараптар өсiмдiктердiң карантинi және оларды қорғау жөнiндегі қолданылып жүрген заңдар мен ережелер бойынша, әсiресе карантиндiк зиянкестердiң Тiзбесi өзгерген кезде ақпараттар алмасады.

      2. Тараптар өсiмдiктердiң карантинi және оларды қорғау жөнiндегi өз сарапшылары арасында өзара iс-қимыл негiзiнде техникалық алмасуды қолдайды.

      3. Тараптар карантиндiк зиянкестердiң пайда болуы және таралуы туралы және өсiмдiктердi қорғау жөнiндегі ахуал туралы бiрiн-бiрi хабардар етедi, өсiмдiктердiң карантинi және оларды қорғау саласында техникалық ынтымақтастықты дамытады және осы негiзде алынған қандай да бiр нәтижелердi немесе ақпаратты екiншi Тараптың келiсiмiнсiз үшiншi тарапқа бермейдi.

13-бап

      Тараптар өсiмдiктердiң карантинi және оларды қорғау жөнiндегi мәселелердi және осы Келiсiмнің ережелерiн iске асыруға байланысты мәселелердi талқылау үшiн қажеттілігiне орай кеңес өткiзедi. Кеңес өткiзу жөнiндегі күндi, орынды, оның күн тәртібiн және өткiзу жөнiндегi шығыстарды Тараптар консультациялар арқылы анықтайды.

14-бап

      Тараптар екi мемлекет арасындағы сауданы дамыту мақсатында Экспорттаушы-тарап мемлекетiнiң аумағында реттелетiн объектiлер бойынша Импорттаушы-тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес фитосанитарлық бақылау жүргiзедi. Фитосанитарлық бақылаудың орнын, рәсімін, шарттарын, жағдайын және уақытын уәкiлетті органдар консультациялар арқылы белгiлейдi.

15-бап

      Осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндiру және/немесе қолдану кезiнде даулар мен келiспеушілiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды келiссөздер және/немесе өзара консультациялар жолымен шешедi.

      Тараптар өзара келiсiм бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi.

16-бап

      Осы Келiсiм Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан немесе олардың халықаралық ұйымдарға мүшелiгiнен туындайтын олардың құқықтары мен мiндеттемелерiне ықпал жасамайды.

17-бап

      Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажетті Тараптармен мемлекет ішiлiк процедуралардың орындалуы туралы соңғы күннен бастап жазбаша хабарламаны алғаннан кейiн күшiне енедi.

      Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады. Егер Тараптардың бipeуi Келiсiмнiң қолданылуын тоқтатуға өзiнiң ниетi туралы оның кезектi қолданылу кезеңi аяқталғанға дейiн алты айдан кешіктiрмей дипломатиялық арналар арқылы екiншi Тарапқа хабардар етпесе, Келiсiм келесi бес жылдық кезеңге автоматты түрде ұзартылатын болады.

      Бұл жағдайда осы Келiсiм Тараптардың бiрi екіншi Тараптың жазбаша хабарламасын алғаннан кейiн алты айдан кейiн өзiнiң қолданылуын тоқтатады.

      2004 жылғы 17 мамырда Пекин қаласында, қазақ, қытай, орыс және ағылшын тiлдерiнде екi данада жасалды әрi барлық мәтiндердің күшi бiрдей.

Қазақстан Республикасының

Қытай Халық Республикасының

Үкiметi үшiн

Үкiметi үшін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады