"Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 911 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы

  "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап. "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 9, 91-құжат; 2001 ж., N 4, 23-құжат; 2002 ж., N 1, 3-құжат; N 17, 155-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 2-бапта:
      сегізiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Статистикалық жұмыстар жоспары - мемлекеттiк статистикалық байқаулар мен статистикалық байқауларға байланысты басқа да статистикалық жұмыстарды жүргiзудiң жылдық жоспары бар ресми құжат;";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Ұлттық санақ - белгiлi бiр уақыт кезеңiндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының барлық аумағы бойынша зерттеуге жататын барлық жеке және заңды тұлғаларды статистикалық байқау. Уәкiлеттi орган Статистикалық жұмыстар жоспарынан тыс жүргiзедi.";
      2) 3-бапта:
      төртiншi бөлiкте:
      "жеке тұлғалардың" деген сөздерден кейiн "Ұлттық санақты және Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мемлекеттiк статистикалық байқауларды жүргiзу кезiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда" деген сөздер алынып тасталсын;
      бесiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ғылым және қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi Статистикалық жұмыстар жоспарын алдын ала талқылағаннан кейiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.";
      3) 8-баптың үшiншi бөлiгiнде "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда" деген сөздер "мемлекеттiк статистикалық байқаулармен қамтылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 10-бапта:
      бiрiншi бөлiкте "және Статистикалық жұмыстар жоспарын орындау мақсатында" деген сөздер алынып тасталсын;
      үшiншi абзацтағы "заңдарда белгiленген реттерде" деген сөздер "Статистикалық жұмыстар жоспарын орындау және Ұлттық санақ жүргiзу мақсатында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 11-баптың алтыншы абзацы "сұратылған ақпаратты" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "13-бап. Жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi
      Жеке және заңды тұлғаларға бастапқы статистикалық ақпараттың құпия болуына, Статистикалық жұмыстар жоспарына қол жеткiзуге болатындығына кепiлдiк берiледi. Бастапқы статистикалық ақпаратты тарату тек қана ақпаратты берген жеке және заңды тұлғалардың келiсiмiмен немесе аты-жөнiн көрсетпей жүргiзiлуi мүмкiн. Басқа мемлекеттік органдардан алынған жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат ақпаратты ұсынған мемлекеттiк органдардың келiсiмiмен ғана таратуға жатады. Бастапқы статистикалық ақпаратты таратудың өзге де жағдайлары:
      мемлекеттiк меншiк нысанындағы немесе акциялардың бақыланатын пакетi мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар туралы ақпаратқа;
      Мемлекеттiк статистикалық тiзiлiмнен алынған құпия емес ақпаратқа қатысты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерiмен айқындалады.".

       2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады