Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы eceпті жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi
жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет кодексiне сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептi жасау және ұсыну epeжеci бекiтiлсiн.
2. Осы Жарлық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2004 жылғы "__"_______
N__ Жарлығымен
бекітілген
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы
есепті жасау және ұсыну ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және есептi кезеңде республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау және беру тәртiбiн анықтайды.
2. Түсiмдердiң және қаржыландырудың жиынтық жоспарының, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының атқарылуы туралы есептердiң деректерi есептi кезеңде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептi жасау үшiн негiз болып табылады.
3. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп есептi кезеңде жүргiзiлген республикалық бюджеттің түсiмдерi және шығыстарын қаржыландыру жөнiндегi барлық операцияларды көрсетедi.
4. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы eceпті Бюджет кодексiне және осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес бюджеттің атқарылуы жөнiндегi орталық уәкілетті орган жасайды.
5. Есептi кезеңде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептi қалыптастыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде анықталған бюджет құрылымы бойынша кассалық негiзде мың теңгемен жүзеге асырылады.
2. Есептi жасау тәртiбi
6. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептер мерзiмділігі бойынша ай сайын және қаржы жылының қорытындысы бойынша жасалады.
7. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы ай сайынғы есеп тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және Қазақстан Республикасы Үкiметінің тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы қаулысына сәйкес жасалады және мыналарды:
есептi қаржы жылына арнап бекiтілген, нақтыланған, түзетiлген республикалық бюджеттің сомасын;
жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен eceпті кезеңге арналған республикалық бюджеттің түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасын;
жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен есептi кезеңде берiлген рұқсаттардың сомасын;
жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен есептi кезеңдегi республикалық бюджеттiң кассалық атқарылу сомасын;
есептi кезеңдер республикалық бюджеттің кассалық атқарылу сомасының есептi кезеңдегi түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына және есептi қаржы жылына арнап атқарылатын (бекiтілген, нақтыланған, түзетілген) республикалық бюджеттің сомасына пайыздық қатынасын көрсете отырып, бюджет түсiмдерi сыныптамасының және Бiрыңғай бюджеттік сыныптама бюджет шығыстарының функционалдық, экономикалық сыныптамасының кодтары бойынша қалыптастырылады.
8. Өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес жасалады және мыналарды:
есептi қаржы жылына арнап бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген республикалық бюджеттің сомасын;
есептi қаржы жылындағы республикалық бюджеттің кассалық атқарылу сомасын;
есептi қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң кассалық атқарылу сомасының есептi қаржы жылында атқарылған (бекiтілген, нақтыланған, түзетiлген) республикалық бюджет сомасынан ауытқуын;
есептi қаржы жылындағы республикалық бюджеттің кассалық атқарылу сомасының есептi қаржы жылында атқарылған (бекiтілген, нақтыланған, түзетiлген) республикалық бюджет сомасына пайыздық қатынасын көрсете отырып, бюджет түсiмдерi сыныптамасының және Бiрыңғай бюджеттік сыныптама бюджет шығыстарының функционалдық, экономикалық сыныптамасының кодтары бойынша қалыптастырылады.
9. Өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке мыналар қоса беріледi:
1) түсiндiрме жазба;
2) түсiмдер бойынша атқарылу туралы, сондай-ақ тиiмділiгін бағалауды қоса алғанда, республикалық бюджеттік бағдарламаларды iске асыру туралы талдамалық есеп.
10. Түсiндiрме жазбада iс жүзiнде қалыптасқан бағыттарды тиiстi жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын әзiрлеу кезеңiнде негiзге алынған opтa мерзiмдi фискалдық саясаттың және әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарының басым бағыттарымен салыстыра отырып, елдегi экономикалық ахуал және бюджет-салық саясатының негiзi бағыттары туралы және тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң баптарының атқарылуы туралы талдамалық ақпарат берiледi.
Түсiндiрме жазбаға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi бекiту туралы қаулысында және Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитетiнiң өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебiнде көрсетілген iс-шараларды iске асыру жөнiндегі ақпарат енгiзіледi.
11. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есеп бюджеттiң құрылымы бойынша жасалады және:
мыналарды:
түсiмдер жоспарының атқарылуына әсер еткен негізгі факторларды және iс жүзiндегі атқарылудың кiрiстер түсiмдерiнiң жоспарынан ауытқу себептерiн баяндай отырып, салықтық түсiмдердiң, салықтық емес түсiмдердiң, негізгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдердiң, ресми трансферттерден түсетiн түсiмдердiң атқарылуын талдауды қамтитын "Түсiмдер" бөлiмi бойынша республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы;
мыналарды:
бюджеттік бағдарламаларды iске асырудың экономикалық тиiмдiлiгін;
бюджеттік бағдарламаларды басқару тиiмдiлiгiн;
бюджеттік бағдарламаларды iске асыру сапасын;
бюджеттік бағдарламалардың нәтижелілігін бағалауды қамтитын "Шығындар" бөлiмi бойынша республикалық бюджеттік бағдарламаларды iске асыру туралы;
республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары бойынша қалыптасқан операциялық сальдо сомасын түсiндiретiн "Операциялық сальдо" бөлiмiнiң атқарылуы туралы;
кредит беруге байланысты республикалық бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды қамтитын, кредиттердi өтеу жөнiндегi түсiмдер жоспарын атқарудың негiзгі факторларын және олардың iс жүзiндегі түсiмдерiнiң жоспарлы сомадан ауытқу себептерiн баяндайтын "Таза бюджеттiк кредит бepу" бөлiмiнiң атқарылуы туралы;
қаржы активтерiн сатып алуға байланысты бюджеттік бағдарламалардың атқарылу нәтижелерiн қамтитын, олар бойынша бюджет қаражатының жете игерiлмеу себептерiн көрсететiн, олардың тиiмділігін бағалауды, сондай-ақ олардың iс жүзiндегi түсiмдерiнiң жоспарлы сомадан ауытқу себептерiн көрсете отырып, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер жоспарының атқарылу нәтижелерiн қамтитын "Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо" бөлiмiнiң атқарылуы туралы;
республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары бойынша тапшылықтың (профициттiң) iс жүзiнде қалыптасқан сомасын түсiндiретін "Бюджеттің тапшылығы (профицитi)" бөлiмiнiң атқарылуы туралы;
қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебiнен бюджет тапшылығын жабуды iс жүзiнде қамтамасыз ету немесе қарыздар бойынша негізгi борышты өтеуге бюджет профицитiнiң, қарыз қаражатының, бюджет қаражаты бос қалдықтарының жұмсалу нәтижелерiн қамтитын "Бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану)" бөлiмiнiң атқарылуы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды.
Республикалық бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру туралы талдамалық есеп республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру, олардың тиiмдiлігін iшкi бағалау туралы талдамалық есептерiне, кредиторлық және дебиторлық берешектер туралы деректерге және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган сұрататын басқа деректерге негiзделедi.
3. Есептi беру тәртібі
12. Бюджеттің атқарылуы жөнiндегi орталық уәкілетті орган ай сайын есептiден кейiнгi айдың бiрi күнiндегi жағдай бойынша осы Ереженiң 7-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi есептiден кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитетіне және бюджеттік жоспарлау және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға бередi.
13. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегі орталық уәкілеттi орган есептiден кейiнгi айдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей осы Ереженiң 8-11-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық eceпті Қазақстан Республикасының Үкiметiне, бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және мемлекеттiк қаржы бақылау органдарына бередi.
14. Eceпті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен бiрге Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын ағымдағы жылғы 1 мамырдан кешiктірмей Қазақстан Республикасының Парламентiне және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитетiне бередi.
4. Қорытынды ережелер
15. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен шешiледi.