2000 жылғы 9 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Өзара сауда-саттықта жанама салықтарды өндiрiп алу қағидаттары туралы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы хаттама жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 955 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған 2000 жылғы 9 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Өзара сауда-саттықта жанама салықтарды өндiрiп алу қағидаттары туралы  келiсiмге өзгерiстер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Арман Ғалиасқарұлы Дунаевқа ресей тарабымен келiссөздер жүргiзуге және уағдаластыққа қол жеткiзгеннен кейiн, қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан көрсетiлген Хаттамаға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

2000 жылғы 9 қазанда жасалған
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Өзара
сауда-саттықта жанама салықтарды өндiрiп алу
қағидаттары туралы келiсiмге өзгерістер енгiзу туралы
Хаттама

      2000 жылғы 9 қазанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Өзара сауда-саттықта жанама салықтарды өндiрiп алу қағидаттары туралы келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм)  8-бабына сәйкес бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi
      Келiсiмге мынадай өзгерiстер енгiзу туралы келiстi:
      1. Келiсiмнiң 3-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-бап. Тауарларды әкету кезiнде салық салу қағидаты
      Бiр Тарап мемлекетiнiң кеден аумағынан әкетiлетiн және екiншi Тарап мемлекетінiң кеден аумағына әкелiнетiн, экспорттың кеден режимiне жатқызылатын тауарларға Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес нөлдiк ставка бойынша жанама салықтар салынады.".
      2. Келiсiмнiң 4-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-бап. Тауарларды әкелу кезiнде салық салу қағидаты
      Бiр Тарап мемлекетiнiң кеден аумағынан әкетiліп, екiншi Тарап мемлекетiнiң кеден аумағына әкелiнетiн тауарларға әкелiнген елде оның ұлттық заңнамасына сәйкес жанама салықтар салынады.".
      3. Осы Хаттама Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
      4. Осы Хаттама Хаттаманың күшіне енуi үшін қажеттi мемлекетiшілiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар бойынша алған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап күшiне енедi және осы Хаттама күшіне енгеннен кейiн тиелген тауарларға қатысты қолданылады.

      200_ жылғы "___" __________ _________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды әрi екi мәтiннiң күшi бiрдей.

       Қазақстан Республикасының           Ресей Федерациясы
      Yкіметі үшін                        Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады