Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттігі мен Корея Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгі арасындағы Байланыс және ақпараттандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 971 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi мен Корея Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi арасындағы Байланыс және ақпараттандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қоюға келiсiм берiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi мен Корея Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi арасындағы Байланыс және ақпараттандыру саласындағы ынтымақтастық туралы
Келісім

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын, Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегi агенттiгi мен Корея Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi,
      тең құқық және өзара тиiмдi ынтымақтастық қағидаттарына негізделген ақпараттандыру және байланыс саласындағы экономикалық және ғылыми-техникалық қатынастарды дамытуға ұмтылуды басшылыққа ала отырып,
      ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту жөнiндегi бiрлескен жобаларды жүзеге асыруда өзара мүдделілiктi сезiне отырып,
      байланыс және ақпараттандыру саласындағы құқықтық, экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық үшiн тиiстi жағдайлар жасау және қатынастардың үйлесiмдi дамуына ықпал ету мақсатында,
      Қазақстан-Оңтүстік Корея сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi үкiметаралық комиссиясының 2003 жылғы 10 қарашадағы екінші отырысы барысында қол жеткiзілген уағдаластықты іске асыруға ұмтыла отырып,
      мына төмендегілер туралы келiстi:

  1-бап

      Тараптар ақпараттандыру және байланыс саласындағы ынтымақтастықты мынадай салаларда жүзеге асыруға келiстi:
      1) жеке сектордың инвестициялық жобаларын бiрлесiп iске асыруды қолдау;
      2) консалтингтік қызметтер;
      3) мамандарды оқыту және олардың білiктілiгiн арттыру;
      4) Тараптар, бiрлесiп айқындайтын басқа да салалар.

  2-бап

      Нақты жобаларды iске асыру кезiнде Тараптар екі Тараптың мемлекетi қатысушылар болып табылатын зияткерлiк меншiктi қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы және халықаралық шарттарды басшылыққа алады.

  3-бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң 1-бабында айқындалған ынтымақтастық саласында өзара консультацияларды жүргiзу мақсатында делегациялар алмасуға ықпал етедi. Тараптар осы Келiсiмдi орындау барысында туындайтын шығындарды, егер әрбiр нақты жағдайда өзгеше тәртiп келiсілмесе, олар өз алдына жеке көтередi.

  4-бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерiне қайшы келетiн, оның мақсаттарына жетуге кедергi келтiретiн және интеграциялық процестердiң дамуына қандай да болмасын залал әкелетін әрекеттерден бас тартады.
      Осы Келiсiм өздерi қатысушылар болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

  5-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде даулар туындаған жағдайда, Тараптар оларды екi жақты келiссөздер және консультациялар жолымен шешетiн болады.

  6-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн өзгерту немесе оның қолданылуын тоқтату, ол толық аяқталғанға дейiн ол қолданылған кезеңде жасалған шарттар (келiсiм-шарттар) бойынша жобалардың орындалуына әсер етпейтiн болады.

  7-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және бес жыл мерзiмге жасалады. Осы Келiсiм егер Тараптардың бiрi тиiстi бес жылдық мерзiм аяқталғанға дейiн алты айдан кешiктiрмей оның қолданылуын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлама жiбермесе, келесi бес жылдық мерзiмге өздiгiнен ұзартылатын болады.
      Осы Келiсiм Тараптардың бiрi екiншi Тараптан тиiстi жазбаша хабарлама алғаннан кейiн алты айдан кейiн өзiнiң қолданылуын тоқтатады.

      2004 жылы "___" ________ __________ қаласында әрқайсысы қазақ, корей, орыс және ағылшын тілдерiнде екi түпнұсқа данада қол қойылды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушілiктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тілiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

       Қазақстан Республикасының         Корей Республикасының
      Ақпараттандыру және байланыс      Ақпарат және коммуникациялар
      жөнiндегi агенттігi үшiн          министрлiгi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады