Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi қызметтерiн сертификаттау ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1019 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі N 891 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.09.26 N 891 Қаулысымен.

      "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес, сондай-ақ азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу саласындағы заңнаманы одан әрі жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсіздiк жөнiндегі қызметтерiн сертификаттау ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 4 қазандағы
N 1019 қаулысымен  
бекiтiлген     

Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегі қызметтерiн сертификаттау ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi қызметтерiн сертификаттау ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында (бұдан әрі - авиациялық қауіпсiздіктi қамтамасыз ететiн азаматтық авиация ұйымдары) қызметтерiн сертификаттауды жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Осы Ережеде Заңда және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігін пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күшi бар Жарлығында (бұдан әрi - Жарлық) көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) өтiнiш беруші - Авиациялық қауiпсіздік жөнiндегі қызметтердiң сәйкестiк сертификатын (бұдан әрі - Сертификат) алу үшін уәкiлеттi органға өтiнiш берген заңды тұлға;
      2) инспекциялық бақылау - сертификаттау жөнiндегi тiркелген органдардың тарапынан сертификатталған өнiмнің, процестің, жұмыстың, қызметтердің белгiленген талаптарға сәйкестiгiн бақылау;
      3) азаматтық авиация ұйымы - азаматтық авиация саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      4) сертификаттық тексеру - уәкiлетті орган жүзеге асыратын өтiнiш берушінің (авиациялық қауіпсіздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызмет көрсету бойынша персоналдың, жабдықтың, технологиялық процестердiң) сертификаттық талаптарға сәйкестігін тексеру;
      5) сертификаттық талаптар - азаматтық авиацияны сертификаттау саласындағы нормативтiк құқықтық кесімдермен белгiленген талаптар;
      6) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң арнайы техникалық құралдары - азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актiлерiнен қорғауды қамтамасыз ету кезiнде жеке немесе қандай да бiр жүйенiң бөлiгі ретiнде пайдалануға арналған арнайы құрылғылар.
      3. Авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететін азаматтық авиация ұйымдарының қызметтерiн сертификаттауды уәкілеттi орган сертификатты 2 жылдан артық емес мерзiм берiп, қолданылу саласы мен қолданылу мерзiмiн көрсетiп жүргізедi.
      Сертификаттарды берудi есепке алуды, сондай-ақ сертификаттық талаптардың сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      4. Авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегі азаматтық авиация ұйымдарының қызметтерiн сертификаттау әуежайлық қызметке арналған немесе әуе тасымалдарын жүзеге асыруға арналған лицензияны алғанға дейiн авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн қызметтiң негiзгі түрлерi бойынша кешендi жүргiзiледi.
      5. Сертификаттауға жататын авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн азаматтық авиация ұйымдары қызметiнiң негiзгi түрлерi:
      1) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
      2) азаматтық авиация ұйымдарының құрылыстары мен жердегi құралдарының қауiпсiздiгін қамтамасыз ету;
      3) әуе кемелерінің қауiпсiздiгін қамтамасыз ету;
      4) жолаушыларды, қол жүгiн, әуе кемесiнiң экипаж мүшелерiн және авиаперсоналды тексерудi ұйымдастыру;
      5) багажды, жүктi, почтаны және борттық қорларды ұшу алдында тексерудi ұйымдастыру;
      6) мемлекеттiк органдармен және азаматтық авиация ұйымдарымен өзара iс-қимылды үйлестiру жөнiндегі, соның ішінде азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актiлерi кезiнде шаралар ұйымдастыру және қолдану болып табылады.
      6. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететiн азаматтық авиация ұйымы онда осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Авиациялық қауіпсіздік жөнiндегі сәйкестiк сертификаты бар болған кезде ғана авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асырады.

2. Сертификаттау жүргiзу тәртiбi

      7. Сертификаттау жүргiзудiң мынадай тәртiбi белгiленедi:
      1) өтiнiш берушінің осы Ереженің 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды қоса бере отырып, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға өтiніш беруi;
      2) алдын-ала бағалау және өтiнiш бойынша уәкiлеттi органның шешiм қабылдауы;
      3) уәкiлеттi органның сертификаттық тексеру жүргiзуi;
      4) шешiм қабылдау және Сертификат беру (беруден бас тарту).
      8. Өтінiшке мынадай құжаттар қоса беріледi:
      1) өтініш берушінің құрылтай құжаттары;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк;
      3) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша өтiнiш берушімен шарттық қатынастары бар (бар болған кезде) пайдаланушылар мен азаматтық авиация кәсіпорындарының тiзбесi;
      4) авиациялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша пайдаланушылармен жасалған шарттардың (шарттарға қосымшалардың) (бap болған кезде) көшiрмелерi;
      5) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi тiкелей жүзеге асыратын өтiнiш берушінің басшы құрамы туралы деректер;
      6) өтiнiш берушінің бағыныштылық пен өзара іс-қимыл жасайтын байланыстары (өтiнiш берушінің әкiмшiлiгi, құрылымдық бөлiмшелерi) көрсетiлген авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң (бұдан әрі - АҚҚ) ұйымдастырушылық құрылымының сызбасы;
      7) өтiнiш берушінің AҚҚ туралы ережесi;
      8) АҚҚ-тың персоналмен жинақталуы жөнiндегi деректер;
      9) AҚҚ-тың өндiрiстiк базасы жөнiндегi деректер;
      10) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң техникалық құралдарының тiзбесi;
      11) авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi басшы құжаттардың тiзбесі;
      12) өтiнiш беруші ұйымды инспекциялық тексеру актiсi (ол өткiзiлген жағдайда);
      13) АҚҚ бақылайтын аймақтар (енуi шектелген аймақтар) көрсетiлген өтініш беруші аумағы жоспарының сызбасы;
      14) онда тексеру пункттері орналасқан аэровокзал ғимаратының нақты сызбасы (жоспары);
      15) АҚҚ персоналы мен авиаперсоналды (санаттары бойынша) оқыту бағдарламасы;
      16) өтiнiш берушінің авиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағдарламасы;
      17) авиациялық қауiпсiздiк жөніндегi әуежай комиссиясы туралы ереженің көшiрмесi, оның жеке құрамы;
      18) сертификаттау жөніндегі жұмыстарға ақы төлеу туралы түбіртек.
      Осы тармақтың 1)-2) тармақшаларында көзделген құжаттар нотариалды расталған көшiрмелер түрінде ұсынылады.
      Осы Ереженің 3)-18) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар өтiнiш берушінің бiрiншi басшысы қол қойған және мөрiмен расталған көшiрмелер түрінде ұсынылады.
      9. Уәкiлеттi орган өтiнiштi және өтiнiшке қоса берiлген құжаттарды оларды алған күнiнен бастап 30 (отыз) күнтiзбелiк күн iшiнде осы Ереженің талаптарына сәйкестігін қарайды және өтiнiш жөнiнде қабылданған шешiм туралы өтiнiш берушіге осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес хабарлайды.
      10. Егер өтiнiш және (немесе) өтiнiшке қоса берiлген құжаттар осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген немесе өтiнiшке қоса берiлген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда, мұндай өтінім, қайтару себептерi көрсетiлiп қайтарылуға жатады.
      11. Өтiнiм бойынша ескертулер болмаған кезде (ескертулердi жойғаннан кейiн) өтiнiм бойынша шешiм негiзiнде уәкiлеттi органның бұйрығымен сертификаттық тексеру жүргiзу үшiн комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

3. Сертификаттық тексеру

      12. Осы тексеру азаматтық авиация ұйымдары қызметiнiң өтінім берiлген аясына қатысты жүргiзiледi.
      13. Сертификаттық тексеру барысында өтінім беруші өтінiм берiлген қызмет саласының сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн растайды.
      14. Сертификаттық тексеру авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегі азаматтық авиация ұйымдарын сертификаттық тексерудің уәкiлеттi орган бекiтетiн үлгілік бағдарламасына сәйкес жүргiзiледi.
      15. Сертификаттық тексеру нәтижелерi бойынша екі данада (өтiнiш беруші мен уәкiлеттi орган үшiн бiр-бiрден) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық қауiпсiздiктiң нақты жай-күйі, Сертификат беру мүмкiндiгi (мүмкін еместігі) туралы тұжырымдар, ұсынымдар мен қорытындылар көрсетiлген сертификаттық тексеру актісі (бұдан әрi - Акт) жасалады.
      Актіге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды.
      16. Комиссияның сертификаттық тексеру мерзiмi комиссия сертификаттық тексеру орнына келген сәттен бастап 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.

4. Сертификатты беру, беруден бас тарту,
қолданылуын тоқтата тұру және қайтарып алу

      17. Сертификат беру мүмкiндiгi туралы қорытындысы бар Акт Сертификат беру үшін негіз болып табылады.
      18. Сертификатты беру мүмкiндігі туралы қорытындысы бар Акт жасалғаннан кейiн уәкiлетті орган актiнiң он күн мерзiмiнде Сертификатты ресiмдеудi және берудi жүргiзедi.
      19. Сертификатты беруден бас тарту мынадай жағдайларда жүргiзiледi:
      1) авиациялық қауіпсіздiктi қамтамасыз ету осы санаттағы тұлғалар және ұйымдар үшiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен тыйым салынғанда;
      2) сертификаттық тексеру нәтижелерi бойынша өтiнiш берушi сертификаттау талаптарына сәйкес келмегенде;
      3) өтінім берушіге қатысты оған авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыруды тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешiмi болғанда.
      20. Сертификат беруден бас тарту кезiнде өтiнiш берушiге бас тарту себептерiн көрсетiп, он тәулiк iшiнде дәлелдi жауап берiледi.
      21. Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе оны қайтарып алу мынадай себептер бойынша жүргiзiлуi мүмкiн:
      1) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн азаматтық авиация ұйымы инспекциялық бақылау барысында анықталған сертификаттық талаптарға сәйкес келмеген кезде;
      2) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн азаматтық авиация ұйымының өтiнiшi бойынша.
      22. Сертификат беруден бас тарту сертификат беруден бас тартқан органның орналасқан жерi бойынша сотқа шағымдануы мүмкiн.
      23. Уәкiлеттi орган инспекциялық бақылау нәтижелерi бойынша Сертификаттың қолданылуын тоқтату себептерiн көрсетiп, алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата алады.
      Сертификаттың қолданылуын тоқтатуға негiз болған себептер жойылмаған жағдайда, ол қайтарылып алынады.
      24. Сертификат қайтарылып алынған кезде авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететін азаматтық авиация ұйымы уәкiлеттi органға Сертификатты дереу қайтарады.
      25. Сертификаттың қолданылуын қалпына келтiрудi (оның қолданылуы тоқтатылған жағдайда) ұйым анықталған кемшіліктердi жойғаннан, уәкiлеттi органға растайтын құжаттарды көрсеткеннен және ол қажетті тексерулердi жүргізгеннен кейiн ғана уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      26. Авиациялық қауiпсiздіктi қамтамасыз ететiн азаматтық авиация ұйымының атауы, оның ұйымдастырушылық құқықтық нысаны өзгерген жағдайда және басқа өзгертулер болғанда, егер олар сертификаттық талаптарға сәйкессiздікке соқтырмаса, берiлген сертификаттарды қайта ресiмдеу жүргiзiледi.

2004 жылғы "___" ______ N ___

      Азаматтық авиация ұйымдарының
авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi
қызметтерiн сертификаттау  
ережесiне          
1-қосымша          

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
сертификаттау жүйесі

Сәйкестік  _______________________________________________________
белгісi       (сертификаттау жөнiндегі органның атауы және
           _______________________________________________________
                             оның мекен-жайы)

                    КСУ N ___________________________

                       Сәйкестік сертификаты

200_ жылғы "___" _____            Сериясы _________ N ____
                                  200_ жылғы "__" ____дейiн жарамды

___________________________________________________________________
          (қызмет орындаушының атауы, заңды мекен-жайы)

Осы Сертификат ____________________________________________________
                                   (атауы)
қызметi (қызметтер) ___________________________________ нормативтiк
құжаттардың _______________________________________________________
                                (белгiленуi)

талаптарына сәйкестiгiн куәландырады. _____________________________
Сертификат ________________________________________________________
                  (атауы, N, құжаттарды тiркеу күнi)

негiзiнде берiлдi

Инспекциялық бақылауды ____________________________ жүзеге асырады.
                        (уәкiлетті органның атауы)
МО

                     Сертификат берген органның басшысы
__________                            ____________________
  (қолы)                                  (аты-жөнi)

Сәйкестік сертификатына 
қосымша         
Сериясы ____ N ____   

Сертификаттың қолданылу саласы

___________________________________________________________________
p/c  |  Азаматтық авиация | Соған сәйкестiкке тексеру |  Ескерту
N   |   ұйымының атауы   |  жүргізілген нормативтік  |
     |                    |     құжаттың атауы        |
_____|____________________|___________________________|____________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      МО                     Уәкiлетті органның басшысы
                           ________________________________
                                 (Қолы, аты-жөнi)

2004 жылғы "___" ______ N ___

Азаматтық авиация ұйымдарының
авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi
қызметтерiн сертификаттау  
ережесiне          
2-қосымша          

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнде қызметтердi сертификаттауды жүргізуге арналған
Өтінім

1. ________________________________________________________________
                           (ұйымның атауы)
___________________________________________________________________
                    (басшының лауазымы, аты-жөнi)

авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету бойынша қызметтерге
сертификаттық тексеру жүргiзуге өтiнедi.
2. Ұйым туралы мәлiмет:
1) меншiк нысаны _________________________________________________
2) тiркеу туралы куәлiк __________________________________________
                             (нөмiрi, кiм және қашан бердi)

3) банктiк деректемелерi _________________________________________
          (е/ш N, коршот, МФО, банктiң атауы мен орналасқан жерi)
4) заңды мекен-жайы және басқа деректемелер ______________________
                                   (почталық мекен-жайы, тел. факс)

__________________________________________________________________
3. Қоса берiліп отырған құжаттар _________________________________
                                          (қанша бет)

Ұйым басшысы: _________________  200_ жылғы "___" ______
              (аты-жөнi, қолы)
M.O.
Құжаттарды: ____________________ 200_ жылғы "__" ______ қабылдады
    (уәкілеттi органның лауазымды тұлғасы)

2004 жылғы "___" ______ N ___

Азаматтық авиация ұйымдарының
авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi
қызметтерiн сертификаттау  
ережесiне          
3-қосымша          

Азаматтық авиация ұйымдарын авиациялық қауiпсiздiк бойынша сертификаттау жүргiзуге арналған өтiнiм бойынша
Шешім

200_ жылғы "___" ______ N ___

___________________________________________________________________
                          (ұйымның атауы)
"___" ______ N ___  _______________________________________________
                        (объектінің атауы)
___________________________________________________________________
  ұсынылған сертификаттау жүргiзуге арналған өтiнiмдi қарап,
___________________________________________________________________
мыналарды хабарлаймыз:
      1. Сiздер ұсынған құжаттар сертификаттау талаптарына сәйкес
келедi (сәйкес келмейдi) (сәйкес келмеген жағдайда сәйкес келмейтiн
тармақ көрсетiледi) _______________________________________________
      2. Сертификаттық тексеру ___________ бастап _________ кезеңде
өткiзiледi.
      3. Тексеру __________________________________________________
                 (нормативтік құжаттардың атауы мен белгіленуi)
талаптарына сәйкестiгiне жүргiзiледi.
      4. Инспекциялық бақылауды ___________________________________
                             (уәкiлеттi органның атауы, мекен-жайы)
жүзеге асырады.
      5. Жұмыстар _________________________________________________
негiзiнде жүргiзiледі.

                                       Уәкiлеттi органның басшысы
M.O.                               __________    __________________
                                    (қолы)            (аты-жөнi)
200_ жылғы "___" ______

2004 жылғы "___" ______ N ___

Азаматтық авиация ұйымдарының
авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi
қызметтерiн сертификаттау  
ережесiне          
4-қосымша          

Авиациялық қауіпсіздiк қызметі өндірістік базасының авиациялық персоналы, техникалық құралдар мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде өтінім берушімен шарттық қатынастары бар ұйымдардың тізбесі бойынша жиынтық деректер

1. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз
етуді тікелей жүзеге асыратын
(өтініш беруші ұйымның атауы)

  басшы құрамы бойынша деректер

____________________________________________________________________
Негiзгі|Штаттық |Аты-|Туған|Негізгi|Авиациялық |Лауазым.|Авиациялық
функ.  |лауазымы|жөні|жылы |білім  |қауіпсіздік|дағы    |қауіпсіздік
циясы  |        |    |     |       |бойынша    |жұмыс   |бойынша
       |        |    |     |       |жұмыс      |стажы   |біліктілі.
       |        |    |     |       |стажы      |        |гін арттыру
       |        |    |     |       |           |        |(күні, оқу
       |        |    |     |       |           |        | орны)
____________________________________________________________________

      Әуежай (авиакомпания) басшысы
      Әуежай (авиакомпания) басшысының авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегі орынбасары.
      Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнің басшысы.
      Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнің (бұдан әрi - АҚҚ тексеру, қауіпсіздік бөлімшелерінің, әкімшілік бөлімшесінің басшылары.
      Әуежай (авиакомпания) басшысы _____________________
                                      (қолы, аты-жөнi)

      Күні ________________________ М.О.

2. Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң персоналмен
жинақталуы бойынша деректер
(азаматтық авиация кәсiпорнының атауы)

Жалпы саны ____ адам
Нақты саны ____ адам
___________________________________________________________________
            Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң құрылымдық
                  бөлімшелері бойынша деректер
___________________________________________________________________
Штаттық лауазымдары              |  Санаты  |  Штат    |  Нақты
                                 |          |бойынша   |  саны
                                 |          |  саны    |
_________________________________|__________|__________|___________
АҚҚ басшы құрамының штаттық
лауазымдары
1.
2.
___________________________________________________________________
Тексеру бөлiмшесiнiң штаттық
лауазымдары
1.
2.
___________________________________________________________________
АҚҚ қауiпсiздiк бөлiмшесiнiң
штаттық лауазымдары
1.
2.
___________________________________________________________________
АҚҚ басқа бөлiмшелерінің штаттық
лауазымдары:
1.
2.
___________________________________________________________________

Әуежай (авиакомпания) басшысы _____________________________________
                                        (қолы, аты-жөнi)

Күні __________               М.О.

3. Авиациялық қауiпсiздiк қызметінің өндірiстiк
базасы бойынша деректер
әуежай (авиакомпания) атауы

___________________________________________________________________
АҚҚ-ке арналған өндiрiстiк үй-жайлар   | Саны және жалпы ауданы -
        мен құрылыстар                 |       (шаршы м.)
                                       |____________________________
                                       |  Меншiктi   Жалға алынған
_______________________________________|___________________________
1. АҚҚ-тың қызметтік үй-жайлары
___________________________________________________________________
2. АҚҚ-тың тұрмыстық үй-жайлары
___________________________________________________________________
3. Қару мен оқ-дәрiлердi сақтауға
арналған үй-жайлар (жарақтау мен
дабыл бepу)
___________________________________________________________________
4. АҚҚ-тың оқу бөлмесi
___________________________________________________________________
5. Өтеуге/жүруге арналған БӨП
___________________________________________________________________
6. Күзеттік мұнаралар және тұрақты
бекеттер (жарақтау мен байланыс)
___________________________________________________________________
7. Жолаушыларды, ӘК экипаждарының
мүшелерiн, авиаперсоналды тексеру
пункттері
___________________________________________________________________
8. Багажды, жүкті, почтаны, борттық
қорларды тексеру пункттерi
___________________________________________________________________
9. "Дабыл" операциясының оперативтiк
штабына арналған үй-жай (жарақтау,
байланыс)
___________________________________________________________________
10. ӘК-тiң арнайы тұрағы
___________________________________________________________________
11. Қосымша ақпарат
___________________________________________________________________

      Әуежай (авиакомпания) басшысы  ______________________________
                                            (қолы, аты-жөнi)
      Күні: ____________________     М.О.

4. Авиациялық қауiпсіздiктi қамтамасыз етудiң техникалық құралдарының тiзбесi

___________________________________________________________________
Тексеру             1. Халықаралық желiлерде _________________
пункттерiнiң        2. Iшкi желiлерде________________
саны                3. БӨП-те ______________________
                    4. CIP/VIP залында ________________
                    5. Багажды, жүктi, борттық қорларды тексеру үшiн
                    ________________________________
___________________________________________________________________
Авиациялық қауіпсіздiк техникалық          |   Үлгісі,  | Саны
құралдарының тағайындалуы мен атауы        |   моделі   |
___________________________________________|____________|__________
                1                          |     2      |    3
___________________________________________________________________
1. Жолаушыларды, экипаж мүшелерін,
авиаперсонал мен олардың қол жүгін
тексерудiң техникалық құралдары:
- Интроскоптар
- тұрақты темір іздегіштер
- тасымалданатын (қол) темір іздегіштер

2. Багажды, жүктерді, почтаны және
борттық қорларды тексерудің
техникалық құралдары:
- жүк (басқа) интроскоптары
- тасымалданатын (қол) темір іздегіштер

3. Жарылғыш заттарды табудың,
оқшаулаудың және зиянсыздандырудың
техникалық құралдары

4. Техникалық күзет құралдары:
- бейне-бақылау құралдары
- күзеттiк дабыл құралдары
___________________________________________________________________

      Әуежай (авиакомпания) басшысы  ______________________________
                                            (қолы, аты-жөнi)
      Күні: ____________________     М.О.

5. Өтініш берушімен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шарттық қатынастары бар азаматтық авиация ұйымдарының тізбесі

___________________________________________________________________
Р/с |  Ұйымның ресми атауы    |   Базалық  |   Шарттың нөмірі,
  N  |                         |   пункті   |  қол қойылған күні
_____|_________________________|____________|______________________
  1  |          2              |      3     |          4
_____|_________________________|____________|______________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Әуежай (авиакомпания) басшысы  ______________________________
                                            (қолы, аты-жөнi)
      Күні: ____________________     М.О.

2004 жылғы "___" ______ N ___

Азаматтық авиация ұйымдарының
авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi
қызметтерiн сертификаттау  
ережесiне          
5-қосымша          

Авиациялық қауiпсiздiк бойынша сертификаттық тексеру
Актісі

____________________________    200__ жылғы "____" ________ N ____
(уәкiлеттi органның атауы)

бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия:

Комиссия төрағасы: ________________________________________________
                             (аты-жөнi, лауазымы)
Комиссия мүшелерi: ________________________________________________
                             (аты-жөнi, лауазымы)
                   ________________________________________________
                             (аты-жөнi, лауазымы)
___________________________________сертификаттық тексеру жүргiзiлдi
     (ұйымның атауы)

қорытынды мәтiнi:

      Комиссия төрағасы:  __________________   __________________
                             (аты-жөнi)             (қолы)

      Комиссия мүшелерi:  __________________   __________________
                             (аты-жөнi)             (қолы)

                           __________________   __________________
                             (аты-жөнi)             (қолы)

      Актiмен таныстым:
      Ұйымның басшысы      __________________   __________________
                             (аты-жөнi)             (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады