Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрi жетiлдiру туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 қазандағы N 1068 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары
мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі
жетiлдiру туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай актiлерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгізiлсiн:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметiн белгiлеу туралы" 2002 жылғы 19 қыркүйектегі N 947  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 30, 328-құжат):
      аталған Жарлықпен бекiтiлген Адам құқықтары жөнiндегі уәкiл туралы ережеде:
      "Уәкiлдiң құзыреті және оны iске асыру тәртібi" деген 3-бөлімнiң 15-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2), 2-3) және 2-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "2-1) адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен iстi сотта қарауда қатысуға;
      2-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа немесе прокуратураға заңды күшіне енген сот шешiмiн, үкiмiн, ұйғарымын немесе қаулысын тексеру туралы өтінiшпен жүгінуге;
      2-3) Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың шағымдарын қарау нәтижелерi бойынша, сондай-ақ құқықтар мен бостандықтарды бұзу туралы ақпаратты өзге де жолмен алған кезде осы мәселелер бойынша парламенттік тыңдаулар өткізу ұсынысымен Парламент Палаталарына жүгiнуге;
      2-4) адам құқықтары жөнiндегi халықаралық ұйымдардың, басқа да үкiметтік емес құқық қорғау ұйымдарының жұмысына қатысуға;";
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптiк немесе әкiмшілік іс жүргiзудi не қылмыстық іс қозғау туралы, сондай-ақ материалдық немесе моральдық залалды өтеу шараларын қабылдау туралы өтiнiшпен уәкiлетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға жүгінуге;";
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының мәртебесi мен өкiлеттігі туралы" 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 1148  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы 2003 ж., N 28, 263-құжат):
      4-тармақтың 3) тармақшасындағы "Адам құқықтары жөнiндегі комиссия," деген сөздер алынып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" 2003 жылғы 19 наурыздағы N 1042  Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 11, 125-құжат; 2004 ж., N 15, 183-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады