Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының мәртебесi мен өкілеттiгi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 1148 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.08.13. N 379 Жарлығымен.

       Ескерту. Жарлықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы  N 379  Жарлығымен.

      "Президент пен Үкімет актілерінің  
жинағында" жариялануға тиіс     

      Қазақстан Республикасы Конституциясының  44-бабының  19) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы (бұдан әрi - Мемлекеттiк хатшы) Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғасы болып табылады.

      2. Мемлекеттiк хатшы өз қызметiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң тiкелей басшылығымен жүзеге асырады және оған есеп бередi әрi бақылауында болады.

      3. Мемлекеттiк хатшы қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы,  заңдары, осы Жарлық пен Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де актiлерi құрайды.

      4. Мемлекеттiк хатшы мынадай өкiлеттiктердi жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының Президентi үшiн:
      iшкi саясат пен өңiрлiк дамудың негiзгi бағыттары;
      <*>
      жекелеген қоғамдық-маңызды iс-шараларды iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды талдап жасайды;
      2) Мемлекет басшысының тапсыруы бойынша мемлекеттiк органдармен, саяси партиялармен және өзге де қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда оның мүдделерiн бiлдiредi;
      3) Мемлекет басшысының жанындағы мынадай консультативтік-кеңесшi органдардың қызметiн үйлестiредi: Ұлттық кеңес, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы, Адам құқықтары жөнiндегi комиссия, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия, Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығын тапсыру жөнiндегi комиссия, Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссия, Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия, мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Құрмет дипломын тапсыру жөнiндегi комиссия;
      4) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң актілерi мен тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      5) Қазақстан Республикасында қоса атқарушы ретiнде тiркелген шетелдiк мемлекеттердiң елшiлерiнен сенiм грамоталарын қабылдайды;
      6) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмаларына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 наурыздағы N 1306  Жарлығымен.

       5. Осы Жарлықпен белгiленген өкiлеттiктердi iске асыру мақсатында Мемлекеттiк хатшы:
      1) өкiмдер шығаруға;
      2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға тапсырмалар беруге;
      3) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның Палаталарының, Үкiметiнiң отырыстарына қатысуға;
      4) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардан қажеттi ақпаратты, құжаттар мен басқа да материалдарды сұратуға және алуға;
      5) Мемлекеттiк хатшының құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентi актiлерiнiң жобаларын әзiрлеу, Мемлекет басшысы алға қойған өзге де мiндеттердi шешу үшiн ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға хақылы.

      6. Мемлекеттiк хатшының қызметiн ұйымдық-құқықтық, ақпараттық-талдау және өзгедей қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiгi жүзеге асырады.

      7. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң мәртебесi мен өкiлеттiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 12 наурыздағы  N 824  Жарлығының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 9, 64-құжат).

      8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады