2004 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен жүзеге асырылатын ауылдық кредит серiктестiктерi жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне кредит беру үшiн қарыз берушi банктi белгiлеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 қазандағы N 1070 Қаулысы

      "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Ауылдық кредит серiктестiктерi жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне кредит беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 ақпандағы N 233  қаулысына сәйкес 2004 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген 241203000 (екi жүз қырық бiр миллион екi жүз үш мың) теңге сомасындағы қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауылдық кредит серiктестiктерi жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне кредит беру үшiн қарыз берушi банк ретiнде "Аграрлық кредит корпорациясы" акционерлiк қоғамы белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi, "Аграрлық кредит корпорациясы" акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) осы қаулыны iске асыру үшiн тиiстi шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады