Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы N 1077 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.

       Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.26 N 48 Қаулысымен.

      "Почта туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 8-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2011 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.26 N 48 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен мүдделi ұйымдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi жыл сайын жарты жыл және жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е.Шөкеевке жүктелсiн.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.26 N 48 Қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2004 жылғы 20 қазандағы
N 1077 қаулысымен 
бекітілген   

       Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "2010" деген сандар "2011" деген  сандармен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2009.01.26 N 48 Қаулысымен.          

Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2011 жылдарға арналған бағдарламасы

Астана қаласы, 2004 жыл

Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның       Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн
атауы               дамытудың 2005-2011 жылдарға арналған
                    бағдарламасы

Әзiрлеу үшiн        "Почта туралы" Қазақстан Республикасының 2003
негiздеме           жылғы 8 ақпандағы Заңы ;
                    "Қазақстан Республикасының почта-жинақтау
                    жүйесiн дамытудың 2005-2011 жылдарға арналған
                    бағдарламасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру
                    туралы" Қазақстан Республикасы
                    Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 5 мамырдағы
                    N 131-ө өкiмi ;
                    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы
                    5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген
                    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006
                    жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру
                    жөнiндегi іс-шаралар жоспарының 4.15-тармағы

Негізгі әзiрлеуші   Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
                    байланыс агенттігі

Бағдарламаның       Бағдарламаның негізгі мақсаты халыққа және
мақсаты мен         экономиканың нақты секторына халықаралық
мiндеттерi          стандарттар деңгейiнде көрсетiлетiн
                    почта-жинақтау жүйесiнiң қызметтерiне еркiн
                    қол жеткiзудi қамтамасыз ету болып табылады.
                    Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн мынадай
                    мiндеттердi шешу қажет:
                      почта-жинақтау жүйесiн жаңғырту және қазiргі
                    заманғы технологияларды енгiзу үшiн
                    экономикалық жағдай жасау;
                      почта-жинақтау жүйесiнiң өңiрлiк
                    инфрақұрылымының техникалық жағынан
                    жайластырылу деңгейін әсiресе селолық жерлерде
                    күшейту;
                      клиенттердiң қажеттілiктерiне бағдарланған
                    жоғары технологиялы қызметтердi енгізу есебiнен
                    почта-жинақтау жүйесi ұсынатын қызметтер
                    спектрін кеңейту;
                      почта-жинақтау қызметтерiнiң сапасын
                    халықаралық стандарттар деңгейiне дейiн көтеру.

Қажеттi             Бағдарламаны іске асыруға Ұлттық почта
ресурстар және      операторының жарғылық капиталын ұлғайтуға
қаржыландыру        республикалық бюджеттен 10,8 млрд. теңге, оның
көздерi             ішінде 2005 жылы - 1,4 млрд. теңге, 2006 жылы -
                    2,0 млрд. теңге, 2007 жылы - 2,4 млрд. теңге,
                    2008 жылы - 2,0 млрд. теңге, 2009 жылы - 1,0
                    млрд. теңге, 2010 жылы - 1,0 млрд. теңге, 2011
                    жылы - 1,0 млрд. теңге мөлшерінде қаражат қажет.
                    2005 - 2011 жылдарға болжамды қаржы шығыстарын
                    нақтылау тиісті кезеңге арналған "Республикалық
                    бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
                    сәйкес жүзеге асырылатын болады              

Бағдарламаны        Қазақстанда елдiң барлық аумағын қамтитын
iске асырудан       халықаралық стандарттар деңгейiндегі
күтілетін нәтиже    почта-жинақтау қызметтеріне еркiн қол
                    жетімділiктi қамтамасыз етуге қабiлеттi, тиiмдi
                    желілік инфрақұрылым құрылатын болады.
                      2011 жылға Ұлттық почта операторының курьерлiк
                    қызмет рыногындағы үлесiн 30% дейiн,
                    зейнетақылар мен жәрдемақыларды жеткізу қызмет.
                    тері бойынша - 60% дейiн, жалақы мен басқа да
                    ақшалай төлемдер төлеу бойынша - 15% дейiн,
                    коммуналдық, салық және өзге де төлемдердi
                    қабылдау бойынша - 10% дейiн, лездік почта
                    аударымдары бойынша - 22% дейiн ұлғайту
                    жоспарланып отыр. 2011 жылдың соңына дейін
                    мерзімді басылымдарға жазылуды 1,9 есеге, хаттар
                    мен бандерольдерді жеткізуді - 4,7 есеге,
                    сәлемдемелерді жіберуді - 3 есеге ұлғайту
                    жоспарланып отыр. 2011 жылдың аяғына дейін
                    компанияның таза кірісін шамамен 4 есеге, еңбек
                    өнімділігін - 2,8 есеге, ал айлық орташа жалақыны
                    - 4,2 есеге ұлғайту болжануда.
                    2011 жылдың соңына дейін құрылыс есебінен өзінің
                    почта байланысы желілерін көбейту арқылы ауылдық
                    жерлерде почта байланысы бөлімшелерін күрделі
                    және техникалық жайластыру деңгейі 25,7 %-ға;
                    ауылдық жерлерде Интернетке қоғамдық қолжеткізу
                    пункттерінің желісі 142 бірлікке; жоғары сапалы
                    деңгейде көрсетілетін почта-қаржы қызметтерінің
                    кеңейтілген түр-түрімен ауыл тұрғындарын қамту
                    2 есеге артады

Iске асыру          2005-2011 жылдар
мерзiмдерi

       Ескерту. 1-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.26. N 48 Қаулысымен.  

2. Кiрiспе

      Осы Бағдарлама "Почта туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына , "Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2011 жылдарға арналған бағдарламасын әзiрлеу жөнiндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 5 мамырдағы N 131-ө өкiмiне , сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспарының 4.15-тармағына сәйкес әзiрлендi.
      Аумағының ауқымдылығын, халық тығыздығының төмендігі мен бiркелкi еместiгiн, елдi мекендердiң бір-бірінен шалғай орналасқандығын, сондай-ақ ауыл халқының төлеу қабiлетiнiң төмендігін қоса алғанда, Қазақстанның географиялық және экономикалық-демографиялық ерекшелiктерi ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына терiс әсер етедi. Қаржы-банк құрылымдарының болмашы қатысуы негізiнен ауылдық елдi мекендердiң жалпы санының 5%-ынан азын қамтитын аудандық деңгейлерде шоғырланған ауылдық жерлерде ел халқының 43%-ы, тұратындығын ескерсек, Қазақстан экономикасын одан әрi қайта құру ауылдың қаладан өмiр сүру деңгейi мен жағдайлары бойынша артта қалу проблемаларын шешуге, сондай-ақ ауыл халқының өмiр салтындағы терiс өзгерiстердi жеңуге бағытталады.
      Осыған байланысты, 2000 жылдан бастап почта саласы оның қызметін әртараптандыруға және Қазақстан халқының қалың бұқара топтарына аумақтық және бағалық қол жетiмділiк қағидаттарындағы почта мен банк қызметтерiнің жекелеген түрлерiн көрсетудi көздейтiн почта-жинақтау жүйесiн қалыптастыруға бағытталған реформалауға ұшырады.
      Қазiргi кезде Қазақстанда почта-жинақтау жүйесiн қалыптастыруға арналған құқықтық және ұйымдастырушылық негіздер жасалған. "Почта туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес почта-жинақтау жүйесi қызметiн дамыту жөнiндегi мемлекеттік саясатты жүргiзушi ретiнде ("Қазпочта" акционерлік қоғамы (бұдан әрі -("Қазпочта" АҚ) тұрғысында Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы (бұдан әрi - Ұлттық почта операторы) белгiлендi. Заңнамаға сәйкес Ұлттық почта операторы почталық қызметтермен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң лицензиялары негiзiнде қаржы қызметтерiн жүзеге асыру және қаржы қызметтерiн көрсету құқығын алды. Мұндай шешiм мынадай факторлар негізге алына отырып қабылданды: "Қазпочта" АҚ-та іс жүзiнде елдiң бүкiл аумағын қанағаттандыратын, 617-i қалаларда және 278-i - ауылдық жерлерде орналасқан 3385 бөлiмшенi қамтитын ең тармақталған почта бөлiмшелерi желiсiнiң; ақпараттық және ақша ағымдарының қалыпқа түскен жүйесінің болуы; мемлекет Қоғамның бiрден-бiр құрылтайшысы және қатысушысы болып табылады.
      Почта-жинақтау жүйесін қызметтерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды және оларды халықаралық стандарттар бойынша ұсынуды қарастыратын сапалы жаңа деңгейде одан әрi дамыту үшiн мынадай кезеңге өту қажет: почта-жинақтау қызметтері рыногында Ұлттық почта операторының тұрақты жұмыс iстеуiне арналған инвестициялық және экономикалық қолайлы жағдай жасау.
      Бiрақ, Қазақстан Республикасында почта саласын қайта реформалау процесiнде "Қазпочта" АҚ құру кезiнде мемлекет почта-жинақтау жүйесiн қалыптастыруға арнап тиiстi қаржылық қаражат бөлiнбедi: бастапқыда Қоғамның жарғылық капиталы тек ғимараттар мен жабдықтар түрiнде қалыптастырылды. Бұл жағдай Почта байланысының республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының жинақтаушы зейнетақы қорларына, жалақы мен салықтар бойынша 1993-2000 жылдар кезеңiнде жинақталған жалпы сомасы 140,0 млн. теңге берешегiмен сипатталатын аса ауыр қаржылық жағдайымен қиындай түсті. Өткен жылдарда жинақталған шығындардың сомасы көрсетiлген кезеңде 250,6 млн. теңгенi құрады.
      Қаржыландырудың болмауы материалдық-техникалық базаға терiс әсерiн тигіздi, оның тозуы 45%-дан асты. Почта қызметiнiң ерекшелiгi негiзгi қаражаттың елеулi бөлігінiң iске қосылғандағынан және оларды ұстауға қаржы ресурстары бөлiнетiндiгiнен ескерсек, мұндай жағдай түбегейлi шешiмдердi қажет етедi.
      Жоғарыда көрсетiлген факторларды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының почта саласын дамытудың және почта-жинақ жүйесiн қалыптастырудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 15 қарашадағы N 1716 қаулысымен бекiтілген салалық бағдарламаның 2003 жылы орындалғанын ескерсек, онда мақсаттары, iске асыру жолдары мен тетiктерi айқындалатын Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2011 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) әзiрлеу қажеттілігі туындады.
      Бағдарламада көзделген мақсаттарға қол жеткiзуге арналған почта-жинақтау жүйесін дамыту стратегиясы мемлекеттiк саясаттың мынадай қағидаттарына сүйенетiн болады:
      почта-жинақтау жүйесін дамыту үшiн тиiмдi құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық тетіктерiн iске асыру;
      қала мен ауыл арасындағы почта-жинақтау қызметтерiне қол жетiмдiлiк деңгейдегі алшақтықты қысқартуға мемлекеттiң жәрдемдесуi;
      почта-жинақтау жүйесiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн күшейтуге бағытталған тиімді мемлекеттік саясат жүргізу.
      Ұлттық почта операторының бәсекеге қабілеттілігін күшейту тұтастай алғанда почта саласын дамытуға ықпал ететін және почта рыногының барлық ceгменттерін халықтың және нақты экономика секторының еркiн бәсеке жағдайында сапалы почта қызметтерiн алудағы қажеттілiктерiн қанағаттандыратын халықаралық стандартқа сәйкес келтiруге жәрдемдесетiн болады.

3. Қазақстандағы почта-жинақтау қызметтер рыногының
қазiргi жай-күйiн талдау және проблемалар

      3.1. Рыноктың жағдайы

      Қазақстан Республикасының почта саласын дамытудың және почта-жинақтау жүйесiн қалыптастырудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру почта саласын тұрақтандыруға және почта-жинақтау жүйесiн қалыптастыру үшiн алғышарттар жасауға ықпал етті.
      2000-2003 жылдар кезеңiнде почта алмасулар өсiмiнiң оң өзгерiстерiне қол жеткiзiлдi. Мәселен, мерзiмдi басылымдар көлемiнiң өсуi 39,8%, жедел почта - 90,7%, жазбаша хат-хабарлар - 10,9% құрады. Баршаға қолжетiмдi санатқа жататын жай хаттар, почта карточкалары мен бандеролдердi қоса алғанда жазбаша хат-хабарлар салу көлемдерiнiң өсуi почта қызметтерiнiң осы сегменттерiндегi құлдыраудың жойылғандығын сипаттайды. "Почта туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет оларды ұсыну жөнiндегі мiндеттемелер Ұлттық почта операторына жүктедi.
      Қаржы секторында көрсетiлетiн қызметтер көлемi бiрқатар елеулi түрде өстi. Мәселен, ақша аударымдарының көлемi - 11,4%, коммуналдық төлемдер мен салықтар қабылдау - 11 ece, жалақы төлеу - 185,4 есе, темiр жол көлiгімен жөнелтілетiн жiберiлетiн күнделiктi жүк ағымдары - 2 есе, әуе көлiгiмен жөнелтiлетiндерi - 3,25 есе өсті.

                                                       1-кесте

Ұлттық почта операторының почта-жинақтау қызметтерiнiң динамикасы

____________________________________________________________________
Көрсеткiш|Өл. |  2000 ж.    |  2001 ж.    |  2002 ж.    |  2003 ж.
атауы   |шем |_____________|_____________|_____________|___________
         |бiр.|саны |Алдыңғы|саны |Алдыңғы|саны |Алдыңғы|саны|Алдың.
         |лігі|     |  жылы | ны  | жылы  |     | жылы  |    |  ғы
         |    |     |       |     |       |     |       |    | жылы
_________|____|_____|_______|_____|_______|_____|_______|____|______
    1    | 2  |  3  |   4   |  5  |   6   |  7  |   8   |  9 |  10
_________|____|_____|_______|_____|_______|_____|_______|____|______
Мерзімді  млн.  65,1  100,3%  82,4  126,6%  93,6 113,6%  91,0 97,2%
басы.     дана.
лымдар

Жазбаша   млн.  14,6  98,0%   14,7  100,7%  15,1 102,7%  16,2 107,3%
хат-ха.   дана.                                                
барлар

Сәлемде.  млн.  1,2   133,3%  1,3   108,3%  1,2  92,3%    1,2  100%
ме        дана.

Жедел     млн.  170,4  8 есе  277,0 162,6%  243,0 87,7%  325,0 133,7
почта     дана.                                                  %
қызмет.
тері

Ақша      млн.  0,7   116,7   0,72  102,9   0,7  97,2%  0,78  111,4%
аударым.  дана.        %             %
дары

Зейнет.   млрд. 23,5  3 есе   57,3  2 есе   70,9  123,7  93,4 131,7%
ақы       теңге                                    %
төлеу    

Депозит.  млн.  363,1 40 есе  735,5  2 есе 753,7  102,4 1381,0 183,2
тер       теңге                                                  %
қабылдау

Жалақы    млрд. 0,14   -      10,4  74 есе  19,9  191,3  25,96 130,5
төлеу     теңге                                     %            %

Коммунал. млрд.  1,5  18 есе  2,0   133,3%  2,5  125,0% 11,3  4 есе
дық тө.   теңге
лемдер
қабылдау

Салық     млрд.   -    -      1,4    -      3,8  2 есе  5,4   142,1%
қабылдау  теңге

Ақша      млрд. 43,3  33 есе  91,0  2 есе  141,6  155,6% 184,7 130,4
инкас.    теңге                                                 %
сациясы
____________________________________________________________________

      Қазақстанда почта-жинақтау қызметтер рыногын сипаттау үшiн оның кейбiр сегменттерiн қарастырайық.
      Қазақстанның курьерлiк қызмет көрсету рыногында 30-дан астам компаниялар, соның iшiнде мынадай халықаралық iрi компаниялар "DHL", "FedEx", "TNT", "UPS", "OCS", "Pony Express", сондай-ақ Қазақстанның жекелеген облыс орталықтарында қызметтен ұсынатын бiрқатар отандық компаниялар бар. Аталған компаниялар өз қызметiн Қазақстанда 7-8 жыл көлемiнде жүзеге асырып жүр және Ұлттық почта операторына елеулi бәсекенi құрайды.
      Бүгiн баспа өнiмдерiн тарату бойынша қызметтер рыногында Ұлттық почта операторынан басқа мынадай "Аргументы и факты" ЖШС БК, "Евразия пресс" ЖШС, "Эврика-пресс" ЖАҚ, "Дауыс" БТММ АҚ, "Бико" ЖШС, "Бурда-Алатау пресс" ЖАҚ сияқты баламалы құрылымдар, сондай-ақ жекелеген облыс орталықтарында қызмет көрсететiн басқа да компаниялар жұмыс iстеуде. Облыстық газеттер редакцияларында Ұлттық почта операторының облыстық филиалдарына бәсекелестiк тудыратын, жергілiктi газеттердi таратып қана қоймай, республикалық және ресейлiк басылымдарды да тарататын бөлiмшелер құрылған. Егер буындары баламалы құрылымдар қабылдайтын жазылымдар Ұлттық почта операторының филиалдары арқылы жеткізілсе, бүгiнде осындай басылымдарды жеткізетiн жекеменшік қызметтер құрылуда. Бұл ретте Ұлттық почта операторы басылымдар мен жазылымдарды тарату бойынша қызмет көрсету рыногының ең iрi субъектiсi болып қала береді: оның еншісiнде республикада таратылатын мерзiмдi жазылымды басылымдар тираждарының 85%-ға жуығы, оның iшiнде 42%-ы шалғай ауылдық және шекаралық аудандарды қоса алғанда, Ұлттық почта операторы ауылдық жерлерге жеткiзетiн республикалық мерзiмдi басылымдар.
      Соңғы жылдары ақша аударымдар рыногы үдемелi түрде өсуде. Рыногтың негiзгі қатысушылары - Western Union, MoneyGram, Contact (АКБ "Русславбанк" - Ресей Федерациясы) және Анелик ("Банк Анелик" ЖШБ - Армения). Қазақстан рыногына Travelex Worldwide Money Ltd халықаралық аударымдар жүйесi қызығушылық танытуда. Қазақстандық қатысушылар арасында мынадай екiншi деңгейдегi банктер бөлiнiп шығуда: ЦентрКредит Банкi, Қазақстан Халық Банкi, Каспийский Банкi және басқалар. Бұл рыногта Ұлттық почта операторының еншiсi 1%-дан төмен, бiрақ ол кеңейтiлген өңiрлiк желiсiнiң болғандығынан жоғары даму потенциалына жетуде. Оған мынадай цифрлар дәлел бола алады: соңғы бес жыл iшiнде Қазақстан аумағында орналасқан коммерциялық банктер мен есеп-айырысу кассалық бөлiмшелер саны тиiсiнше 91 және 266 бiрлiкке, филиалдардың тармақталған желiсi және жинақтау қызметтерi мен зейнетақы төлеу бойынша ұзақ тәжiрибесi бар Халық банкiнде - 14 және 743 бiрлiкке қысқарды. Қазiргi уақытта әлеуметтiк төлемдер рыногындағы Халықтық жинақ банкiнiң еншiсiне 51%, Ұлттық почта операторына - 47%, екiншi деңгейдегі банктер еншiсiне 2% тиедi. Бұл ретте республиканың ауылдық елдi мекендерiнде төлемдердiң 100%-ын Ұлттық почта операторы жүргiзедi.
      Қазақстандағы депозит рыногын дамыту және оған ауылдық жерлердегi тұрғындарды тарту мақсатында "Почта туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық почта операторының шұғыл депозиттерге тартқан халық салымдарының сақталуы мемлекеттiк бағалы қағаздарға және басқа да өтiмдi қаржы құралдарына орналастыру жолымен мемлекет арқылы қамтамасыз етіледi. Бiрақ, бұл қызметке қол жетiмдiлiктiң кеңеюiне қарамастан, Ұлттық почта операторының жүйесiне орналастырылған салымдар үшiн төленетiн сыйақы деңгейiнiң төмендiгi депозиттiк қызметтердiң тартымдылығына керi әсерiн тигiзедi, ол банктiк секторда орналастырылған, депозиттердiң жалпы сомасының шамамен 1% құрайтын, олардың азын-аулақ үлесiмен расталады.
      Осылайша, Қазақстандағы почта-жинақтау рыногы тек қана қалалық деңгейдегі бәсекелестiктің жоғары деңгейiмен сипатталады. Ауылдық жерлерде Ұлттық почта операторы почталық және қаржылық қызметтер рыногының iс жүзiндегi бiрден бiр қатысушысы болып табылады, бірақ почталық инфрақұрылымның және телекоммуникациялық технологиялардың жетілмегендiгi оларды сапалы түрде көрсетуге мүмкiншiлiк бермейдi.
      Жүргізілген талдау көрсеткендей почта-жинақтау қызметтерiн сапалы түрде көрсетуде ауыл мен қала арасында алшақтық проблемасы байқалады, оның коммерциялық компаниялардың рыноктың тартымды бөлiктерiнің басып алуы мен өз қызметiн көбiнесе ауылдық жерлерде жүзеге асыратын, Ұлттық почта операторы үшiн бәсекелестiктiң тең емес жағдайында мемлекеттің реттеуiнсiз күшейiп кетуi мүмкiн. Осыған байланысты осы Бағдарлама почта-жинақтау рыногында Ұлттық почта операторының бәсекеге қабiлеттiлігін арттыруға бағытталған.

      3.2. Почта-жинақтау қызметтерi дамуының шетелдiк тәжiрибесi

      Рыногтың ырықтандырылуымен, сондай-ақ технологиялық эволюцияның халықаралық деңгейдегi құрылымдық өзгерiстерiне байланысты әлемдiк және аймақтық шеңбердегi (тиiсiнше кiрiстердiң де) почта алмасуларының күрт төмендеуi жағдайында почта индустриясын дамытудың жаңа стратегиясын жасап шығару қажеттілігі 2002-2004 жылдарға Пекиндiк почта стратегиясын бекіткен 1999 жылғы тамыз-қыркүйек айларында өткен Дүниежүзiлiк Почта Ұйымының XXII Конгресiнде жарияланған болатын. Осы стратегияның негізiн қалаушы қағида ретiнде әр түрлi қызмет түрлерiн, бiрiншi кезекте рыногқа бейiмделген, қаржылық қызметтердi енгiзу, және почта қызметiнiң сапасын көтеру қабылданған болатын.
      Әр түрлі қызметтерді қосу түрлi экономикалық даму деңгейіндегі көптеген елдерде оң нәтижелерге алып келдi. Ұлттық заңнамалық ерекшелiктерiне байланысты әр түрлi елдер почталық институттарға қосымша ретiнде почталық банктерді құру нұсқасын қалай таңдаса, филиалдық желi негізiнде почталық, қаржылық және агенттік қызметтердiң тiкелей үйлесуiн де солай таңдайды.
      Осылайша, Францияда көрсетiлетiн қызметтер аясы почталық қызметтерден басқа, бiрқатар банктiк қызметтердi, соның iшiнде, ипотекалық несиелеу, логистика қызметтері және өзге де қызметтерден тұрады. Германияда - аударым операциялары, есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, несиелеу, лизинг, электрондық коммерция, депозиттер қабылдау, логистика қызметтерi. Италияның почталық саласын осындай жолмен реформалау почта әкiмшілігіне 2000 жылдың 1 жартыжылдығында-ақ жедел қызметтердiң терiс нәтижесiнiң анағұрлым (336-дан 19 млрд. лирге дейiн) төмендеуiне алып келдi. 7 миллионнан астам адамдардың есепшоттары орналасқан, Нидерландының почта-жинақтау жүйесi елдiң барлық төлемдерiнiң 50%-дан астамын жүзеге асырады және де аса iрi қаржы қызметтерiн көрсетушілердiң бiрi болып табылады.
      Жапонияда почталық, қаржылық және сақтандыру қызметтерiнiң бiр мекеме аясында бiрегей үйлесуi iске асырылған. Жапонияның почта-жинақтау жүйесі әлемдегi аса ірі қаржы мекемелерінің бiрi болып саналады, оның бiрден-бір артықшылығы елдiң әрбiр елдi мекенінде болуы. Оның желiсi шамамен 150 мыңдай адам жұмыс iстейтiн, 24 100 почталық бөлiмшелердi құрайды. Жапондық почта-жинақтау жүйесi елдiң депозиттiк жинақ рыногының шамамен 20%-на қызмет көрсетедi. Халықтың депозиттерi 253 триллион йеннен аса немесе 2,2 триллион АҚШ долларын құрайды.
      Швейцарияның қазiргi заманғы почта қызметiнiң басым бағыттарына мынадай төрт сектордағы қызметтер жатады: қаржылық, көлiктік, почталық жөнелтілiмдер және логистика. Қаржылық секторда қызмет нақты қызметтерді қарастыратын банктермен келiсiм негiзiнде жүзеге асады. Қазiргi уақытта елдегi төлемдердiң 2/3-ci почта арқылы жүзеге асырылады, шоттардың саны шамамен 2,3 млн. бiрлiкті құрайды. Негiзгі қаржылық қызметтер спектрiне депозиттер, сақтандырудың түрлі үлгiлерi, ссудалар кiредi. Соңғы кездерде енгiзiлген қызметтердiң бiрi ипотекалық несиелеу болып табылады.
      Қытай почтасы жазбаша хат-хабарлар, почталық сәлемдемелер мен аударымдар, мерзімдік баспа басылымдарына жазылу, оларды жеткiзу және филателия қызметi сияқты дәстүрлі қызметтердi көрсетумен қатар, EMS жөнелтілiмдерiн, басымдылықты почта, электрондық почтаны жеткiзуге, почталық жинақтаушы касса қызметiн дамытуға, және агенттік қызметтердi көрсетуге кiрiсті. Қытайдың почта саласын реформалау кезiнде почталық жинақтаушы кассасы және почта арқылы төлем қызметi (ақша аударымдары) сияқты банктiк қызметтердi дамытуға басты назар аударылады.
      2000 жылы почтаны реформалаудың әлемдiк беталысы Қазақстан Республикасына жеттi. Қазақстан советтiк кезеңнен кейінгі кеңiстiктегі тиiмділігі шетелдiк тәжiрибемен және отандық почта операторының қол жеткiзген нәтижелерiмен расталатын почта-жинақтау моделiнiң негiзiн қабылдаған бiрiншi ел болды.
      ТМД және Балтық елдерi осы жолмен почта саласын дамытуды бастады.
      Шетелдердегі почта саласын реформалау, мемлекеттің қолдауымен, ұлттық операторларды қаржыландыруға жәрдемдесе отырып, жүзеге асырылғандығын айта кеткен жөн.

      3.3. Ұлттық почта операторының қазiргі жай-күйi

      2000 жылдан бастап қызметтің әртараптандырылуы соңғы он жыл iшiнде қалыптасқан дағдарыстан компанияның шығуына ықпалын тигiздi. Осылайша, 2000 жылдан бастап 2003 жылға дейiнгі аралықта өндiрiстiк процестердiң технологиялық тiзбесiнiң қалпына келуiне және почта желiсiнiң қысқару беталысының тоқтауы мен почта айырбасының төмендеуi тоқтатылды және оның өсу динамикасы белгілендi. Қаржы қызметтерiн көрсету қарқынды дамумен сипатталып, қаржылық ағымдарды басқару жүйесін жетiлдiрумен бiрге жүрдi. Бұл 2003 жылы 2000 жылмен салыстырғанда қаржылық нәтиженің 60 есе - 2,2 млн. теңгеден 131,3 млн. теңгеге артуына, ал жиынтық табыстардың - 1,5 есе өсiп, 5003,1 млн. теңгенi құрауына мүмкiндiк бердi. Бiрақ, қол жеткiзген оң нәтижелер өзектi мәселелердiң шешiлуiн қамтамасыз ете алмайды.
      Негiзгi қорлардағы ғимараттардың басым бөлігіне және оларды ұстауға кететін шығыстың жоғары деңгейiнде айқындалатын почта байланысы саласының ерекшелiгiн ескере отырып, Ұлттық почта операторының таза табысының көлемi қатардан шыққан негiзгі құралдарды қалпына келтiрудегі қажеттiлiктердi ғана жаба алады және де желілік инфрақұрылымның дамуына қаражаттарды шоғырландыруға мүмкiндiк бермейдi. Осыған байланысты, осы Бағдарлама белгiленген iс-шаралардың жүзеге асырылуы мемлекеттiң қатысуынсыз бiр он жылдыққа созылып ғана қоймай, нәтижесiнде мемлекеттiк деңгейдегi өзектi әлеуметтiк маңызды жобаларды таратуда, аймақтық желілердiң тиiмдi әрекеттену мүмкiндiгi әлсiрейдi.
      Почта-жинақтау жүйесiнiң жұмыс iстеуi мынадай iшкi және сыртқы мәселелермен жанасады:
      нарықтық экономикаға өту кезеңiндегі халықтың төлем қабiлетiнiң төмендеуi почталық алмасудың күрт төмендеуiне және почталық қызметтiң шығындылығына алып келдi;
      тұрғындар саны аз елдi мекендерде өмiр сүретiн ауыл тұрғындарының маңызды үлесi қалалық және ауылдық деңгейдегi байланыс қызметiн көрсетудiң күрт үзiлуiне алып келдi;
      электробайланыс саласының құрамындағы почта байланысын қаржыландырудың қалдық принципi материалдық-техникалық базаның күрт төмендеуiне алып келдi;
      қазiргi заманғы технологиялардың дамуы мен балама байланыс құралдарының пайда болуы почта қызметтерiн тұтынушылар сұранысының төмендеуiне ықпалын тигiздi;
      почта байланысының көлiкті пайдалануға және аймақтық желiлердi ұстауға кететiн тауарлық-пайдалану шығындарының жоғары деңгейi аумағының ауқымдылығы, халық тығыздығының төмендiгi елдiң демографиялық және географиялық ерекшелiктерiнiң салдары болып табылады;
      автомобиль жолдарының қанағаттандырарлықсыз жағдайы автомобиль көлігімен ауданаралық, аудан, қала iшiндегi маршруттарға қызмет көрсету шығысының қымбаттауына алып келдi;
      жалпы почта саласы бойынша төлем төлеудiң төмен деңгейiне және қаражаттың үнемi жетiспеушiлiгiне байланысты еңбек мотивациясының төмендiгi кәсiби персоналдардың жұмыстан кетуiне және жұмыс сапасының төмендеуiне әкелдi.
      Осы бөлiмде шешiлуi Қазақстанның почта-жинақтау жүйесiнiң дамуын қамтамасыз ете алатын бiрқатар мәселелер белгiленген.

      Тарифтiк саясат саласында
      Почта-жинақтау қызметтерi рыногын талдау қалалық жерлерде оның динамикалық дамуымен байланысты қызметтерге баға сұраныс пен ұсыныс арқылы реттелетінiн, олардың өзiндiк құны деңгейiнiң мейлiнше төмен екендiгін көрсеттi.
      Ауылдық жерлердi басқа жағдай қалыптасуда. Елдi мекендердiң ара қашықтығының үлкендiгi мен ауыл тұрғындарының тығыздығының төмендігінен оларды ұсынудың өзiндiк құны анағұрлым жоғары.
      Бағаларын мемлекет реттейтiн әлеуметтік маңызды қызметтер көрсететiн Ұлттық почта операторы оларды ауылдық жерлерде көрсетуден көбiнесе шығынға ұшырайды, өйткенi қалалық және ауылдық жерлерде көрсетiлетiн қызметкe қызмет көрсетудiң өзiндiк құнындағы айырмашылықты есептемейтiн орташаландырылған ставкалар бойынша, не нақты өзiндiк құнынан төмен белгiленген.
      Салыстыру үшiн, Ресей Федерациясында зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша баға төлем сомасының 1,5%-ын құрайды, Өзбекстанда - 1,4%, Украинада қалаларда - 0,9, аудан орталықтарында және ауылдық жерлерде - 1,8%, Белоруссияда қалаларда - 1,2%, аудан орталықтарында - 2,4%, ауылдық жерлерде - 2,4%, Қазақстанда - қалада - 0,4%, ауылдық жерлерде - 0,84%.
      Бұл факторлар жаңғыртудың жиынтық бағдарламаларын iске асыру мүмкiндiгiне және iстен шыққан жабдықтың ауыстырылуына керi әсерiн тигізедi, қызметкерлердiң еңбек мотивациясының төмендеуiне және қызмет көрсету сапасының төмендеуiне әкеп соғады.
      Почта қызметiнiң технологиялық жүзеге асырылуы табиғи монополия субъектiсi болып табылатын және тасымалдау бағасы монополияға қарсы ведомствомен реттелетiн, темiр жол көлiгімен почталық жөнелтілімдердi жеткізу үшiн ұлттық тасымалдаушының қызметiн пайдаланумен байланысты. Қалыптасқан практика вагондардың жүрiп өтуiне Ұлттық тасымалдаушының тарифтерiн арттыру Ұлттық почта операторы үшiн монополияға қарсы ведомство белгiлейтiн почта байланысының баршаға қолжетімдi тарифiн бiр уақытта арттырылуымен қоса жүрмейтінін көрсетті. Осылайша, Ұлттық почта операторының баршаға қолжетiмдi қызметкерiн көрсету бойынша шығыстары өтелмейдi, бұл оператордың қаржылық жағдайының төмендеуiне әкелiп соқтырады.
      Ұшақтардың бортына почтаны тиеудiң белгiленген кепiлдендiрiлген төмен нормалары нақты көлемдерге сәйкес келмейдi. Сонымен қатар, iшкi әуе тасымалдау бағасының жоғарылығы халыққа почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызметтерiн көрсету бойынша Ұлттық почта операторының шығыстарын жаппайды.
      Почталық қызметтер аясында қолданыстағы тарифтiк саясат проблемасы әрбiр қызмет түрiне өзiндiк құнның нақты деңгейiн белгiлеуге мүмкiндiк беретiн шығындардың бөлектеп есепке алуының жоқтығымен қиындатылған. Осыған байланысты, Ұлттық почта операторының ақталатын қызметін жүзеге асыру үшiн оны осы Бағдарламаның iске асыру шеңберiнде жетілдiру қажет.

      Негізгi қорлар жағдайы саласында
      Почта-жинақтау қызметтерiнiң өзiндiк ерекшелiгi олардың уақыт пен кеңiстiк ұзақтығы бойынша жоғары деңгейде бөлiнетiн жүйелi түрде көрсетiлуiнде: қызмет көрсету оның адресатқа тапсырылған кезiнде аяқталады. Осыдан, технологиялық процестердi байланыстырушы буындардың iшiнен мынадай компоненттердi бөлуге болады: ғимараттар, көлiк, почта, телекоммуникация жабдықтары және бүкіл өңiрлiк желi бойынша бөлiнген және технологиялық тiзбекте кешендi сипатта болатын ақпараттық технологиялар.
      Iстен шыққан жабдықтарды қалпына келтiру үшiн қаржы көздерiнiң тапшылығы негізгі құралдардың моральдық және табиғи тозуының жоғары деңгейіне алып келдi: ғимараттар мен құрылыстар бойынша ол 32%, автокөлiк бойынша 47% құрады. Негiзгi қорлардың сынды жағдайда болу себептерiне мыналар жатады.
      Қазіргі уақытта ғимараттардың жалпы санынан (1260 бiрлiк) ғимараттар мен құрылыстардың негізгі үлесi 1966 жылдан 1971 жылдар аралығында салынған, олардың 417-i қалаларда, 171 аудан орталықтарында, және 243-i ауылдық жерлерде орналасқан. Бұған зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша функцияларды орындау үшiн "Қазақстан Халық Банкi" ААҚ таратылған бiрқатар аудандық филиалдардың тозығы жеткен ғимараттарын тапсыру себепшi болды. Әрбiр 20 жыл сайын ғимараттар мен құрылыстарды күрделi жөндеуден өткiзу қаражаттың тапшылығынан жүзеге асырылмай отыр. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегi бос тұрған артық жайлардың болуы Ұлттық почта операторының оларды ұстауға бағытталған шығыстарын ақтамайды.
      Ұлттық оператордың автомобиль паркiнiң 982 бiрлiгiнен 50%-дан астам көлiк құралдарының пайдалану мерзiмi өткен, оны мәжбүрлi пайдалану тек қана почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдаумен ғана ақталып қоймай, сондай-ақ бюджеттiк ұйымдарға жалақы, халыққа зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге арналған ақша қаражатымен де ақталады. Автокөлiк жолдарының проблемалық жағдайы, әсiресе ауылдық жерлерде, автокөлiк құралдарына жөндеу жұмыстарын жүргiзумен байланысты шығындардың өсуiне алып келдi.
      Қолданылып жүрген почта вагондары паркi соңғы 15 жыл iшiнде жаңартылмаған, осыған байланысты почта вагондарының маңызды бөлiгі ресурстарды өндiру мерзiмiнiң шегiне жеткен: 49 почта вагондарының 18-i 25 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келедi және 14 почта вагондары шығынға жазуға жатады.
      Қазiргі уақытта қалалық және аудандық деңгейдегi бөлiмшелер компьютерлiк жабдықтармен жарақталған, Ұлттық почта операторының қызметiнің негізгі саласы ауылдық жерлерде шоғырланғанын ескере отырып (80%-дан астам бөлiмшелер ауылдық елдi мекендерде орналасқан) ауылдық желiнi компьютерлендiру және жаңаша бағдарламалық қамтамасыз етудi қондырудың өткiр проблемасы алда тұр.
      Негiзгi құралдардың көпшілігінің тозуы және техникалық прогрестен анағұрлым артта қалуы қызмет көрсету сапасының төмендеуiне және клиенттердiң кетуiне түрткi болды.
      Бүгінгі күнi тасымалдау жиілігінiң ұлғаюымен байланысты почталық жөнелтімдердiң және ақша төлемдерiн жеткiзу мерзiмiнiң қысқаруымен, мерзiмдiк баспа басылымдарын шыққан күнi жеткiзудi қамтамасыз етумен және басқалармен байланысты проблемалар бар.

      Қызметтер ұсыну сапасы саласында
      Почта-жинақтау қызметтерiндегi қоғамдық қажеттілiктер халықтың барлық бөліктерiнiң және бизнес-құрылымдардың қызметiне еркiн қол жеткізудi қамтамасыз ететiн құптауға лайық деңгейдегi ұлттық желi құру және қолдау қажеттілігін таңдады. Бұл халықтың тығыздығына және елді мекендер арасындағы ара қашықтыққа қарай өндiрiстiк нысандарды орналастырудың белгiлi бiр нормативтерінің болуын, әмбебап қызметтер тiзбесiн, сондай-ақ оларды көрсету сапасының параметрiн анықтауды меңзейдi.
      Бүгiнгi күнге тасымалдауды жиiлетумен, почта жөнелтiмдерi мен ақша төлемдерiн жеткiзу мерзiмдерiн қысқартумен, мерзiмдiк баспа басылымдарын баспадан шыққан күнi жеткізудi қамтамасыз етумен байланысты проблемалар бар.
      Қазiргі уақытта көптеген облыстардың аудан орталықтарында газеттердi жеткiзу тек 2-3 күндерi, ал ауылдық елдi мекендерде баспадан шыққан кейiнгi 3-4 күндерi жүргiзiледi. Мерзiмдi баспа басылымдарын жеткiзу жиiлiгi: облыс орталықтарында - аптасына 6 рет, аудан орталықтарында - аптасына 3 рет, ауылдық елдi мекендерде - аптасына 2 рет. Орталықсыздандырылған баспа пункттерi желілерiнің дамымай қалуы ауылдағы мерзiмдiк баспа басылымдарының уақытылы шығу және жеткiзу проблемасын тереңдете түседi.
      Ауылдық жерлерге тасымалданатын ақша қаражаттарының көлемiнiң өсуi олардың қауiпсiздігі мен сенiмділiгін қамтамасыз ету проблемасын күшейтедi. Сонымен қатар, ауылдық елдi мекендердi телефондандыру деңгейiнiң төмендігі ақпаратты таратудың автоматтандырылған процестерiн енгiзудi қиындатады.
      Почта қызметтерi сапасының төмендеуiне көп қабатты тұрғын үйлердiң кiре берiстерiне орналастырылған, көпшiлiгi жарамсыз жағдайға ұшыраған абоненттік почта жәшіктерiнің ағымдағы жай-күйi де септігін тигiздi. Бұрын абоненттiк жәшiктер үйдi басқару, тұрғын үй пайдалану кеңселерiнiң (ТҮПК) балансында болатын, оларға техникалық қызмет көрсеткенде, жөндеу, сырлау және ауыстыру жұмыстарын жүргiзген кезде почта байланысы органдарының жұмысына ақы төленетiн. ТYПК құлдырауымен почталық абоненттiк жәшiктердi орналастыру, пайдалану және ұстау мәселелерi қолданыстағы заңнамада көрiнiс таппады. Осыған байланысты абоненттiк почта жәшiктерiн орналастыруда және қызмет көрсетуде жеке меншiк құқығы туралы нормаларды енгiзуге қатысты "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу қажет.
      Ұлттық почта операторының бөлiмшелерiнде көрсетілетін, почталық қызметтердi қоса, сондай-ақ жаңа қаржы қызметтерi шеңберiнiң ұлғаюын ескере отырып, компьютерлiк сауаты бар және басқару мен деректердi өңдеудiң автоматтандырылған жүйелерiмен жұмыс iстеу дағдысы бар мамандандырылған персоналды тарту қажеттілігі туындап отыр. Бiрақ, Ұлттық почта операторының бiлiктi және кәсiби дайындығы бар қызметкерлердi тарту үшiн бәсекеге қабілеттi төлем деңгейiн қалыптастыратын қаржы мүмкiндiгi жоқ. Сондай-ақ ауылдық жерлердегi оператор қызметiнiң тиiмсiздігі қызметкерлердiң еңбегiн төлеу деңгейiнiң төмендiгiне ықпалын тигiзедi және почта байланысы қызметкерлерiнiң әлеуметтiк қорғалуының әрi қарай төмендеуiне әкелiп соғады. Мамандықтың беделiн көтеру және қызметкерлердi бекiту үшiн почта байланысы қызметкерлерiнiң жалақы деңгейiн көтеруге мүмкiндiк беретiн, қолайлы экономикалық жағдайлар құру қажет.
      Сонымен қатар елдiң жоғарғы оқу орындарында мамандарды дайындау проблемасы шешiлмей отыр. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және жеке бiлiм берудiң қазiргi жүйесiнде почта саласындағы мамандарды дайындау қарастырылмаған.
      Осылайша, құқықтық қамтамасыз етудiң жетiлмегендігі, әсiресе ауылдық жерлерде почталық инфрақұрылымның дамымағандығы, еңбектiң төмен мотивациясы почта-жинақтау қызметтерiн көрсету сапасына керi әсерiн тигiзедi және қала мен ауыл арасындағы олардың қол жетiмділiгiнiң ажырауын қиындатады.

      Күшті және әлсiз жақтарын бағалау
      Почта-жинақтау жүйесiнiң әлсiз жақтарына мыналар жатады: қалалық деңгейдегi бәсекеге қабiлетсiздiк және ауылдық деңгейдегi жоғары шығын әкелетiн қызмет; негiзгi құралдардың тозуының жоғары деңгейi және жетiлдiру үшін қаржы көздерiнiң жоқтығы материалдық ресурстарды ұстауға кететін шығынның жоғары деңгейi материалдық-техникалық базаның жетiлдiрiлуi мен дамуы үшiн негiз қалыптастыруға және жаңа технологияларды енгізуге мүмкiндiк бермейдi; еңбекақы төлеу деңгейiнiң төмендігі кәсiби мамандардың кетуiне, нәтижесiнде көрсетiлетiн қызметтер сапасының төмендеуiне алып келедi.
      Күшті жақтарына мыналарды жатқызуға болады. Бiрiншi кезекте, бұл халықтың қызметке қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн, iс жүзiнде елдiң барлық аумағын қамтитын аймақтық желiнiң бар болуы. Екiншiден, шұғыл депозиттерге орналастырылған халықтың салымдарының бүтiндiгін кепiлдендiру механизмi мен Ұлттық почта операторының мемлекеттiк институт ретiндегі мәртебесi почта-жинақтау қызметi рыногында оның қызметiне деген сенiмдi арттырады. Үшiншiден, салынған үш деңгейлiк басқару жүйесi Ұлттық почта операторының барлық құрайтын буындарының қызметiн оңтайландыруға және жетілдiруге үлесiн қосады.

4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

      Бағдарламаның мақсаты халыққа және экономиканың нақты секторына халықаралық стандарттар деңгейiнде көрсетілетiн почта-жинақтау жүйесiнiң қызметтерiне еркiн қол жеткiзудi қамтамасыз ету болып табылады. Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшін мынадай мiндеттердi шешу қажет:
      почта-жинақтау жүйесiн жаңғырту және қазiргi заманғы технологияларды енгізу үшiн экономикалық жағдай жасау;
      почта-жинақтау жүйесiнің өңірлік инфрақұрылымының техникалық жағынан жайластырылу деңгейiн әсiресе селолық жерлерде күшейту;
      клиенттердің қажеттіліктерiне бағытталған жоғары технологиялы қызметтерді енгiзу есебiнен почта-жинақтау жүйесi ұсынатын қызметтер спектрін кеңейту;
      почта-жинақтау қызметтерінің сапасын халықаралық стандарттар деңгейiне дейiн көтеру.

5. Бағдарламаның негiзгі бағыттары мен
iске асыру механизмдері

      Мемлекеттің өңiрлiк саясатын қалыптастыру негiзi елдiң бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiнiң тұтастық принципі болып табылады. Осыған байланысты осы Бағдарламада басымды бағыт ретінде қалалық және ауылдық деңгейдегі әлеуметтiк маңызды қызметтердiң қолжетiмдiлігін, сапасын және ассортименттік қатарының деңгейiн көтеру белгіленген.
      Бұдан бiрiншi кезекте почта-жинақтау жүйесiнің жабдықтары мен технологияларын жаңғырту үшiн қолайлы экономикалық жағдайларды болжайды. Басқа операторларға қарағанда, почта-жинақтау қызмет көрсету рыногында Ұлттық почта операторы бірден-бір құрылтайшысы және қатысушысы мемлекет болатын акционерлік қоғам болып табылады. Осыған байланысты почта-жинақтау қызметтер рыногының теңгерiмделiп дамуы үшін осы бағдарламада Ұлттық почта операторын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен капитализациялау жолымен жүзеге асыру болжануда.
      Қолданыстағы технологиялар мен жабдықтарды жаңғырту ұсынылатын қызметтер спектрiн кеңейтуге, соның iшiнде жоғары технологиялық жабдықтарды, сондай-ақ Ұлттық почта операторы қызметінiң сапа көрсеткiштерiн күшейтуге ықпалын тигiзедi. Бұл Ұлттық почта операторын өңірлік инфрақұрылымға енгізу үшiн ауылдық аумақтарды, зейнетақы жүйесiн, шағын және орта бизнесті, тұрғын үй құрылысы жинақ ақша жүйесін, Ұлттық банкаралық төлем карточкалары жүйесiн, сондай-ақ "электрондық үкiмет" жүйесiн дамыту бойынша шараларды жүзеге асыруға бағытталған технологиялық қалыптасқан жобаға кiруге негiз болады.
      Почталық, қаржылық және агенттік қызметтерді алуда тұтынушының сұранысын, бір байланыс бөлiмшесiнде қызмет көрсетілетін клиенттердің санын, халық тығыздығы көрсеткішінiң бағасын, экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік факторларды ескере отырып, Ұлттық почта операторының тиiмдi өңірлік желiсiн құру мақсатында, 2005-2011 жылдары желілерді кезең-кезеңмен дамыту қарастырылуда.
      1 кезең - 2007 жылға дейiн - облыс және аудан орталықтары деңгейiнде.
      2 кезең - 2011 жылға дейiн - 2000 астам тұрғыны бар елдi мекендерде орналасқан ауылдық почта байланысы бөлiмшелерi деңгейiнде, ал iскерлiк белсенділік пен дамудың жоғары әлеуетi жағдайында - 1000 астам тұрғыны бар жерлер деңгейiнде.
      Бұл ретте тұрғындардың саны аз елдi мекендер үшiн почта байланысы бөлiмшелерiнiң алыста орналасуы, зейнеткерлердiң саны, автомобиль жолдарының жағдайы және басқа да өлшемдерден шыға отырып жеке тұрғыда қарау қолданылатын болады.
      Осы Бағдарламаның алдына қойған мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру үшiн мынадай механизмдер белгiленген.

5.1. Ұлттық почта операторының материалдық-техникалық
базасын жаңғырту және жаңаша технологияларды енгiзу

      Ауылдық жерлерде почта-жинақтау қызметтерiне қол жетiмдiлiк және әр түрлiлігін кеңейту мақсатында "2004-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының селолық аумақтарын дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде селолық елдi-мекендердiң почта-жинақтау жүйесiн дамыту" бойынша iс-шараларды жүзеге асыру көзделiп отыр. Осыған байланысты 2005 - 2011 жылдар ішінде перспективалы ауылдық почта байланысы бөлімшелері қазіргі заманғы почта жабдықтарымен, көлік құралдарымен жабдықталатын болады, почта байланысы бөлімшелерін салу, күрделі жөндеу жүргізу және техникалық нығайтуды жүргізу жоспарлануда.
      Қалалық жерлердегi почталық кеңселердiң техникалық стандарттарын отандық банктердiң есептесу-кассалық бөлiмдерiнiң деңгейiне көтеру үшiн "Қалаларда инфрақұрылымды дамыту" бойынша iс-шараларды өткiзу жоспарланып отыр. Бұл ғимараттарды күрделi жөндеуден өткiзудi және техникалық нығайтуды жүргiзудi, техникалық қауiпсiздiк құралдарын сатып алу және қондыруды, сондай-ақ бөлiмшелердi өндiрiстiк жабдықпен жабдықтауды болжайды.
      "Магистралдық тасымалдау жүйесiн жетiлдiру" бойынша iс-шаралар почта жөнелтiмдерiн тасымалдау жүйесiнiң дамуына және оларды тасымалдау мерзiмдерiнiң қысқартылуына бағытталған. Бұл почта вагондарын күрделi-қалпына келтiрудi жұмыстарын жүргiзудi, сонымен қатар, почта жөнелтiмдерiн және ақша құралдарын тасымалдауға арналған автокөлiк құралдарын сатып алуды болжайды.
      Жаңа қызмет түрлерiн және технологияларды енгiзу мақсатында "Почта-жинақтау жүйесiн дамыту" бойынша iс-шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр, бұл компьютерлік, банктiк құрал-жабдықтарды, кассалық техниканы және бағдарламалық қамсыздандыруды сатып алуды, сондай-ақ резервтiк есептеу орталығын құруды болжайды.
      Алға қойылған iс-шараларды жүзеге асыру почта-жинақтау жүйесiнiң өзiн-өзi қаржыландыру және өз шығынын өзi өтеу принциптерiнде әрi қарай тиiмдi және тұрақты дамуының негiзін қалайды.
       Ескерту. 5.1-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.26. N 48 Қаулысымен.  

5.2. Тарифтiк саясатты жетiлдiру

      Почта операторлары үшiн тең бәсекелестiк жағдайларын құру мақсатында, әсiресе ауылдық жерлерде почта байланысы қызметтерiн ұсынатын почта операторлары үшiн баға белгілеудiң оңтайлы стратегияларын құру қажет.
      Осыған байланысты, почта қызметтерi саласында қызмет түрлерi бойынша шығыстарды жеке есепке алуды енгiзу қарастырылуда. Бұл қызметтердiң өзiндiк құнының шын мәнiндегi деңгейiн анықтауға, ағымдағы шығыстарды жабу үшін кiрiстердi қалыптастыруға және пайда табуға мүмкiндiк бередi.
      Темiр жол көлiгiмен почта жөнелтiмдерiн тасымалдау бойынша Ұлттық почта операторының тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн вагондардың жүру бағасы мен почта байланысының жалпыға бiрдей қызметтерiнiң бағасын бiрдей реттеу қажет.

5.3. Сапаның халықаралық стандарттарына көшу

      Ұлттық почта операторының сапаның жаңа стандарттарына көшу процесi өндiрiстi жаңғырту, басқарудың жаңа технологияларын енгiзу, персоналдың кәсiби деңгейiн көтеру, сондай-ақ қызметтердi дамыту және олардың жаңа түрлерiн енгiзумен жүзеге асады.

       А. Баршаға қолжетiмдi қызметтердi дамыту
      "Почта туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызметтердi тұтынушылардың жай хаттарын, почталық карточкалары мен бандерольдерiн жiберу бойынша қызмет көрсетуiнде белгiленедi. Қазiргi уақытта елдiң барлық аумағын қамтитын кең почта желiсiнiң бар екендiгiн ескере отырып, оларды ұсыну бойынша мiндет мемлекет атынан жеке меншiк иесi ретiнде почтаның Ұлттық операторына жүктелген.
      Халықтың баршаға қолжетiмдi қызметтерге сұранысы өсуiне iшкi факторлар - елдегi қолайлы экономикалық жағдай (халықтың төлем қабілеттігі деңгейiнiң өсуi, экономиканың жеке және iскерлiк секторының дамуы, төмен деңгейдегi инфляция және басқалар) әсер етедi. Халықтың баршаға қолжетiмдi қызметтерге сұранысын әрi қарай ынталандыру үшін Бағдарлама мынадай сала iшiндегi механизмдердi жұмылдыру қажеттiлiгiн қарастырады:
      Жалпы алғанда, почта рыногындағы бәсекелестiктiң дамуы баршаға қолжетімдi қызмет көрсету мүмкiндігі бар баламалы операторлардың пайда болуына ықпал етедi. Бұл аталған қызметтер бойынша монополистер қатарынан Ұлттық почта операторын шығарып тастау мүмкiншілігін қарастыруға және жеке операторлардың кiруiне құқықтық жағдайлар жасауға мүмкіндiк бередi.

       Б. Қаржы қызметтерiн дамыту
       Б.1. Төлем карточкалары
      Бағдарламаны iске асыру үшiн микропроцессорлық карточкаларды пайдалану арқылы бiрыңғай ақысыз бөлшек төлем жүйесiн құрудың жоспарлануына сәйкес төлем карточкаларының Ұлттық банкарарлық жүйесiн дамыту бағдарламасын тарату үшiн Ұлттық почта операторының аймақтық желiсiн iске қосу қарастырылуда. Бұл жалақыны, зейнетақы мен әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеу механизмiн жетiлдiруге; коммуналдық төлемдердi жинау, көлiк және байланыс қызметтерiн төлеу процесiн оңтайландыруға; ақысыз есеп айырысу формасында бюджеттiк (салықтық, кедендiк) және де басқа мiндеттi жиындарды жүзеге асыруға және нақты ақша эмиссиясына шығынды қысқартуға мүмкiндiк бередi.
      Осы мақсатта Ұлттық почта операторына төлем карточкаларын шығаруды, оларға қызмет көрсетудi ұйымдастыру және банкоматтар мен электрондық терминалдар желiсiн дамыту қажет.
      Бағдарламаның ойдағыдай тарауы Интернет - коммерция (Е - commerce), Электрондық әмиян (Е - саsh) сияқты жаңа қызметтердiң енгiзiлуiне және дамуына, сондай-ақ микропроцессорлық карточкалардың көмегiмен ақпараттық ресурстар мен қызметтердiң әртүрлi түрлерiне (медициналық сақтандыру карточкалары, электрондық жеке куәлiк, бонустық карталар және т.б.) қол жеткiзуге мүмкiндiк туғызады.
      Сонымен қатар, әртүрлi санаттағы салымшылардың талабын қанағаттандыру мақсатында салым операцияларын қосу арқылы несиелiк және қолма-қол ақша төлемiнсiз жүзеге асыру қызметтерi қарастырылуда. Халықтың басым бөлiгіне бағытталған стандартты қызметтердi таратумен қатар, Ұлттық почта операторымен дәулетті клиенттер үшiн жекелей қызметтер ұсынылатын болады.
      Төленбейтін қосымшалары бар микропроцессорлық карточкалардың енгізiлуi деректердiң бiрыңғай негізiнде жеке және заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi жинақтауға, ақпаратқа еркiн қол жеткiзу құқығын қамтамасыз ету арқылы азаматтық қоғамның дамуы үшiн технологиялық алғышарттарды құру мүмкiндiгiн бередi. Өз кезегiнде Ұлттық почта операторының тармақталған өңiрлiк желiсi "Электрондық үкiмет" жобасының ақпараттық ресурстарына халықтың қолын жеткiзуiн ұсыну үшiн пайдалануы мүмкiн.

       Б.2. Депозиттер
      Республикадағы қалыптасқан депозиттiк рыноктың талдауы, салымшылардың көбi өз қаражаттарын салу туралы шешiмдi қабылдау кезiнде бәрiнен бұрын, олардың бүтiндiгi үшiн қаржы институтының сенiмдiлiгiн басшылыққа алатынын көрсетедi.
      Елдiң барлық аумағында халыққа осы қызметке қол жеткiзудi қамтамасыз ету және салымшыларды әлеуметтiк-экономикалық қорғау үшiн "Почта туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген, Ұлттық почта операторымен тартылған, банктiк механизмге балама заңды тұлғалардың салымдарының бүтiндігін қамтамасыз ету механизмi енгiзiлген болатын. Бұл механизм Ұлттық почта операторымен шұғыл депозиттерге тартылатын халықтың салымдарын мемлекеттiк бағалы қағаздарға және басқа өтiмдi қаржы құралдарына орналастыру жолымен олардың бүтiндiгiн мемлекет арқылы қамтамасыз етуiн қарастырады.
      Ұлттық почта операторына почта-жинақтау жүйесiнде де, сондай-ақ жалпы қаржы рыногында да пайда болатын қауiп-қатердi ескере отырып, банктік қызметтерге шектеулi қолжетімдiгі бар тұлғалар үшiн қаржы қызметтерiн көрсету жүйесiн жетiлдiру қажет.

       В. Агенттiк қызметтер
      Елдiң барлық аумағын қамтитын Ұлттық почта операторының желiсi, "тауар-почтамен", сақтандырудың бiрқатар түрлерi, зейнетақы келiсiмдерiн бекiту, басқа қаржы институттарымен, сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiнің агентi ретiндегі, тұрғын үй құрылыс жинақтарының жүйесi арқылы берілген қарыздарды беру және жабу сияқты агенттiк қызметтер түрлерiн халықтың басым бөлiгiне ұсыну үшiн қолайлы жағдайлар жасайды.
      Осындай қызметтерге қол жеткiзудi қамтамасыз ету жоспарында әлеуметтiк маңызды жобалардың ойдағыдай таратылуы, сондай-ақ әртүрлi деңгейлерде басқару органдарымен құрылатын, шағын бизнес субъектілерiн және халықты микронесиелендiру қорларына, банктік ресурстар мен қызметтерге агенттік бастамаларда почта-жинақтау жүйесiнiң желілiк инфрақұрылымының қосылу тиімділігін растайды.

       Г. Tрансфер-агенттiк қызметтер
      Бағалы қағаздардың ұлттық рыногының техникалық инфрақұрылымын дамытудың негiзгі мiндетi болып, елдiң әртүрлi аймақтарында тұратын, Қазақстан халқының қаржылық ұйымдардың қызметтерiне қол жеткiзуiн қамтамасыз ету болып табылады. Ұжымдық инвесторлаудың схемасын дамытуды ынталандыру үшiн брокер-дилерлер бағалы қағаздарды тарату үшін бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттердiң желiсiн пайдалана алады. Бұл схема инвестициялық бағдарламаға халықтың басым бөлігін тарту үшiн барлық мүмкiн ресурстарды пайдалануға мүмкiндiк бередi.
      Клиенттердi тартуға және бекiтуге, ұзақ мерзiмдi өзара пайдалы серiктестiк жүйесiн құру алдыңғы қатарлы ақпараттық-технологияларды пайдалану, клиенттердiң қаражаттарын сенiмдi басқару қаржы рыноктарында жеке операцияларды қолдау бағдарламаларының дамуына ықпалын тигiзедi.
      Ұлттық почта операторының бөлiмшелерiнiң кең желiсi негiзiнде Қазақстанның облыс орталықтарында, аудандарында және қалаларында бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстейтiн, әртүрлi қаржы институттары арасындағы құжаттарды қабылдап-тапсыруды жүзеге асыратын пункттер ашылатын болады.

       Д. Интернет - бағытталған қызметтер
      Телекоммуникацияның дамуы интернет-коммерция базасы негiзiнде құрылған қызметтердiң дамуына септiгiн тигiзедi.
      Интернет - бағытталған қызметтердi дамыту негізiнде филателиялық өнiмдердiң жобаларын енгiзу, "Интернет арқылы жазылу" жобаларын енгізу, сонымен қатар алдағы уақытта өнiмдердi каталог бойынша Интернет арқылы сату жобасы жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, "Қазақтелеком" АҚ бiрге ауыл тұрғындарының Интернет-қызметтердi пайдалануына қол жеткiзу жобасы қаралуда.

6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздерi

      1,2 млрд. теңге сомасындағы Ұлттық почта операторының жеке қаражаттары 2005 жылдан 2011 жылға дейiнгі кезеңде iстен шыққан негiзгi құралдарды қалпына келтiруге қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Бiрақ, почта-жинақтау жүйесiн дамыту үшiн жоғарыда көрсетiлген қаражат жеткiлiксiз.
      Осыған байланысты, почталық және қаржылық қызметтердiң кең спектрiне әсiресе селолық жерлерде тұратын, Қазақстан халқының еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге бағытталған осы бағдарламаны таратудың маңыздылығын ескере отырып, мемлекетпен, 2004-2006 жж. республикалық бюджет есебiнен Ұлттық почта операторының жарғылық капиталын ұлғайту механизмi iске қосылады. Почта-жинақтау жүйесiн капиталдандыру оның өзiн-өзi қаржыландыру және өз шығынын өзi өтеу принциптерiнде ары қарай дамуы үшiн экономикалық алғышарттар құруға мүмкiндiк бередi.
      Осылайша, 2005 - 2011 жылдары республикалық бюджеттен берілетін қаражат есебінен Ұлттық почта операторының жарғылық капиталын қосымша 10,8 млрд. теңгеге, оның ішінде 2005 жылы - 1,4 млрд. теңгеге, 2006 жылы - 2,0 млрд. теңгеге, 2007 жылы - 2,4 млрд. теңгеге, 2008 жылы - 2,0 млрд. теңгеге, 2009 жылы - 1,0 млрд. теңгеге, 2010 жылы - 1,0 млрд. теңгеге, 2011 жылы - 1,0 млрд. теңгеге ұлғайту талап етіледі. 2005 - 2011 жылдарға арналған болжамды қаржы шығыстарын нақтылау тиісті кезеңге арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Тартылған қаржы көздері мынадай іс-шараларды іске асыруға бағытталатын болады (2-кесте):
       Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.26. N 48 Қаулысымен.

                                                               2-кесте
                        Инвестиция бағыттары
                                                       млрд. теңге 

Іс-шаралар атауы

Қолданыстағы бюджеттік бағдарлама 2004 ж.

Жоспарланатын бюджеттік бағдарламалар, барлығы

Оның ішінде жылдар бойынша

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

2010ж.

2011ж.

1. Инфрақұрылымды дамыту:










ауылдық жерлерде

0,4

6,83

0,73

1,10


2,00

1,00

1,00

1,00

қалаларда


2,04

0,33

0,61

1,10





2. Магистральды тасымалдау жүйесін жетілдіру


1,02

0,05

0,06

091





3. Почта-жинақтау қызметін дамыту


0,88

0,33

0,2

0,35





Жиыны:

0,4

10,77

1,44

1,97

2,36

2,00

1,00

1,00

1,00

      Ескерту. 2-кесте жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.01.26. N 48 Қаулысымен.

7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтижелер

      Жоспарланған бағдарламаның орындалуы қаржыландыру көздерiн қалыптастыру ауқымына тiкелей байланысты бұл Ұлттық почта операторына халықаралық стандарттау деңгейiндегi, елiмiздiң барлық аумақтарында почта-жинақтау жүйесінің қызметiн пайдалануға epiкті кiре алатындай дамыған өңiрлiк инфрақұрылымды жасауға мүмкiндiк бередi.
      Ұлттық почта операторының материалдық-техникалық базасын жақсарту және қазiргі заманғы технологияларды енгізу почта-жинақтау қызметтерiн жоғары сапалы деңгейде көрсетуiне мүмкiндiк туғызады: облысаралық почта тасымалдау бағытының жиiлiгi аптасына 5 рет, ауданаралық бағытының жиiлiгi аптасына 4 ретке дейін, елiмiздiң барлық аумағында почтамен ақша аудару бiр күн iшiнде жүзеге асырылатын болады. Почта тасымалдау жиілігін асыру облыс орталығы мен аудан (қала) орталығы аралығындағы почталық жөнелтiмдерiн жеткiзу мерзiмiн қысқартуға мүмкiндік бередi. Почта-жинақ жүйесiнің қызмет көрсету спектрiн түр-түрiмен қатар ажырауын бәсеңдету және қала мен ауыл арасына оны жеткiзу сапасы ауыл аумақтарының әлеуметтiк-экономикалық дамуына қолайлы жағдай туғызады.
      Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінің дамуын, электрондық үкiметтi, тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесiн, қаржы секторын, шағын және орта бизнестi, әсiресе ауылдық жерлерде зейнетақы реформасын қоса алғанда, Ұлттық почта операторының инфрақұрылымын маңызды мемлекеттiк бағдарламалармен бiрiктiру мемлекеттiң экономикасының жедел дамуына септігін тигізедi.
      Почта бөлiмшелерi арқылы кеңейтiлген ауқымдағы қаржылық қызметтер көрсетілетiн болады, терминал желiсi мен смарт-карталар технологиясы негiзiнде маңызды және өз шығынын ақтай алатын алдыңғы қатарлы өнiмдер енгiзiлген. Почталық жинақтаудың арқасында қаржылық қызмет көрсету, табыс көлемi төмен және орта адамдардың барлығына бiрдей қол жетiмдi болады.
      Почта-жинақтау жүйесiнiң қызмет ауқымын жаңа сапалы көлемде кеңейту Ұлттық почта операторының өндiрiстiк-қаржылық қызметiнiң жақсаруына әсер етедi және оның қызметiнiң өркендеп, толықтай жетiлуiне қажеттi рентабельдiк деңгейiн қамтамасыз етедi.
      Ұлттық почта операторының жетiстiктерiн ескере келе, 2003 жылмен салыстырғанда 2011 жылы мынадай нәтижелер күтiлуде:
      мерзімді басылымға жазылуды 1,7 есеге немесе жыл сайынғы өсуді орташа 5-10 % қамтамасыз етіп, қосымша 84,7 млн. данаға, хаттар мен бандерольдарды жеткізуді - 4 есеге немесе жыл сайын орташа есеппен 15% өсіріп, 48,1 млн. бірлікке, сәлемдемелер жіберуді - 3 есеге (жыл сайын орташа есеппен 11%) немесе 2,4 млн. бірлікке өсіру.
      курьерлiк қызмет көрсету рыногының үлесiн 30% дейiн, зейнетақы мен жәрдемақыны - 60% дейiн, жалақы төлеу мен басқа да ақшалай төлемдердi - 15% дейiн, коммуналдық, салық және басқа төлемдердi - 10% дейiн, жедел почта аударымдарын - 22% дейiн көтеру;
      таза табыс өсiмiн 4 есеге - 606,8 млн. теңгеге дейін, жеке орташа айлық еңбекақысын 4,2 есеге - 59,1 мың теңгеге жеткiзу;
      почта байланысы бөлімшелерін салу есебінен өзінің почта байланысы желісін көбейту арқылы ауылдық жерлерде почта байланысы бөлімшелерін күрделі және техникалық жайластыру деңгейін 25,7 %-ға көтеру; ауылдық жерлерде Интернетке қоғамдық қолжеткізу пункттерінің желісін 142 бірлікке кеңейту; жоғары сапалы деңгейде көрсетілетін почта-қаржы қызметтерінің кеңейтілген түр-түрімен ауыл тұрғындарын қамтуды 2 есеге арттыру.
      Почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2011 жылға көзделген іс-шараларының iске асырылуы оның динамикалық дамуын қамтамасыз етедi және Ұлттық почта операторын 2007 жылдан дивиденд төлеу арқылы мемлекеттің қаржы төлемiн қайтаруға мүмкiндiк туғызады. Одан басқа, мемлекеттiк бюджетке салық төлеу едәуір өседi, 2011 жылы бiр жылға 3 млрд. теңгеге көтерiледi.
      Тұрақты және нәтижелi жұмыс iстеген почта-жинақтау жүйесi Қазақстанның почта саласының дамуына септігін тигiзедi және елiмiздiң барлық аумағында сапалы, әмбебап почта қызметтерiн қалыптастырады.
       Ескерту. 7-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.26. N 48 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасының  
почта-жинақтау жүйесiн    
дамытудың 2005-2011 жылдарға
арналған бағдарламасына  
1 Қосымша      

       Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.26 N 48 ; 2009.05.15 N 730 Қаулыларымен.

Бағдарламаны Iске асыру жөнiндегi ic-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шаралар

Аяқталу
нысаны

Орындалуына
жауаптылар

Орындалу мерзімі

Күтілетін шығындар

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1 кезең. Ұлттық почта операторының материалдық-техникалық базасын
жаңғырту және қазiргі заманғы технологияларды енгiзу

1. Материалдық-техникалық базаны жаңғырту

1.1

Ұлттық оператордың материалдық-техникалық базасын жаңғырту үшiн негiзгi құралдар мен активтердi сатып алу жоспарын әзiрлеу


АБА-ға ақпарат ұсыну


"Қазпочта" АҚ (келісім бойынша)


2005 ж.
І тоқсан


Талап
етілмейді


1.2. Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауылдық жерлерде почта-жинақтау жүйесін дамыту бойынша іс-шаралар

1.2.1

Почта-жинақтау жүйесін дамыту жоспарланып отырған ауылдық елдi мекендердiң тiзбесi әзiрленсiн және Ауыл шаруашылығы министрлігімен
келiсілсiн

АШМ бұйрығы

"Қазпочта"
АҚ, АБА, АШМ

2005 ж.
І тоқсан

Талап
етілмейді


1.2.2

ПБАБ 2005 жылы - 30 ғимаратына,
2006 жылы - 142 ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу

АБА-ға ақпарат ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келісім бойынша)

2005 ж.
ІІІ-ІV
тоқсан

200,0

Республикалық бюджет

2006 ж.
ІІІ-ІV
тоқсан

295,7

1.2.3

ПБАБ 2005 жылы - 582 комплект, 2006 жылы - 581 комплект жиһазбен қамтамасыз ету

АБА-ға ақпарат ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келісім бойынша)

2005 ж.
ІІІ-ІV
тоқсан

91,5

Республикалық бюджет

2006 ж.
ІІІ-ІV
тоқсан

91,6

1.2.4

Ауылда ПББ жылжымалы желісін 2005 жылы 58 бірлікке ұлғайту

АБА-ға ақпарат ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келісім бойынша)

2005 ж.
ІІІ-ІV
тоқсан

139,2

Республикалық бюджет

1.2.5

Почта вагондары паркін 2005 жылы - 5 бірлікке, 2006 жылы 15 бірлікке қалпына келтіру

АБА-ға ақпарат ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келісім бойынша)

2005 ж.
ІІІ-ІV
тоқсан

285,5

Республикалық бюджет

2006 ж.
ІІІ-ІV
тоқсан

712,5

1.2.6

Ауылдық жерлерде почта жәшіктері желілерін 2005 жылы 2000 бірлікке кеңейту

АБА-ға ақпарат ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келісім бойынша)

2005 ж.
ІІІ-ІV
тоқсан

37,7

Республикалық бюджет

1.2.7

Ауылдық жерлерде 9 бірлік ғимараттар мен жайларды сатып алу

АБА-ға ақпарат ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келісім бойынша)

2005 ж.
ІІІ-ІV
тоқсан

30,0

Республикалық бюджет

1.2.8

142 АПББ жиһазбен қамтамасыз ету

АБА-ға ақпарат ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келісім бойынша)

2008ж.
IV тоқсан
- 2009ж.
III
тоқсан

80,8

Республикалық бюджет

1.2.9

Құрылыс пен техникалық бекемдеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау:
2008 жылы -
142 АПББ;

АБА-ға ақпарат ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келісім бойынша)


 
 
 
2008 ж. IV тоқсан
- 2009 ж.
III тоқсан


 
 
1 598,6

Республикалық бюджет


2010 жылы - 82 АПББ;



2010 ж.
II тоқсан
- 2011 ж. I тоқсан

1 000,0



2011 жылы - 82 АПББ



2011 ж.
IV тоқсан

1 000,0


1.3. Қалаларда инфрақұрылымдарды дамыту бойынша іс-шаралар

1.3.1

Қалаларда 2005 жылы - 1 ғимаратқа,
 
2006 жылы - 175 ғимаратқа

АБА-ға ақпарат
ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

2005 ж.
ІІІ-IV
тоқсан

120,0
 
 

Республикалық
бюджет

2006 ж.
ІІІ-IV
тоқсан

502,7


2005 жылы - 201 ғимаратқа күрделi жөндеу жүргізу


2007 ж.
ІІІ-IV
тоқсан


1025,5


1.3.2


ОФ, ОА, ПБҚБ, ПБАБ қоса алғанда, 725 объектілерде техникалық қауіпсіздік құралдарын орнату


АБА-ға ақпарат
ұсыну


"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)


2005 ж.
ІІІ-IV
тоқсан
2006 ж.
ІІІ-IV
тоқсан


151,9
 
 
66,0


Республикалық
бюджет

1.3.3

ПБҚБ 2005 жылы - 223 комплект, 2006 жылы - 311 комплект, 2007 жылы - 425 комплект жиһазбен қамтамасыз ету

АБА-ға ақпарат
ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

2005 ж.
ІІІ-IV
тоқсан
2006 ж.
ІІІ-IV
тоқсан
2007 ж.
ІІІ-IV
тоқсан

57,8
 
 
45,2
 
 
72,0

Республикалық
бюджет

1.4. Магистральдық тасымалдау жүйесiн жетілдiру бойынша іс-шаралар

1.4.1

Брондалған автокөлiк паркін 2006 жылы - 17 бiрлікке, 2007 жылы - 38 бiрлiкке ұлғайту

АБА-ға ақпарат
ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

2006 ж.
ІІІ-IV
тоқсан
2007 ж.
ІІІ-IV
тоқсан

56,1
 
 
125,4

Республикалық
бюджет

1.4.2

2007 жылы автомобиль паркiн жалпы мақсаттағы 300 автомобильдi қалпына келтіру

АБА-ға ақпарат
ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

2005 ж.
ІІІ-IV
тоқсан
2007 ж.
ІІІ-IV
тоқсан

47,5
 
 
427,5

Республикалық
бюджет

1.4.3

Почта вагондары паркiн 2005 жылы - 1 бiрлiкке, 2006 жылы - 9 бiрлiкке қалпына келтiру

АБА-ға ақпарат
ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

2005 ж.
ІІІ-IV
тоқсан
2007 ж.
ІІІ-IV
тоқсан

47,5
 
 
427,5

Республикалық
бюджет

1.4.4

2007 жылы 7 вагонға күрделi қалпына келтiру жөндеу жұмыстарын жүргізу

АБА-ға ақпарат
ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

2007 ж.
ІІІ-IV
тоқсан

63,0

Республикалық
бюджет

1.5. Почта-жинақтау қызметтерiн дамыту бойынша іс-шаралар

1.5.1

Кассалық техникалармен 2005 жылы - 257 бiрлiкке,
2006 жылы - 977
бiрлiкке,
2007 жылы - 192
бiрлікке

АБА-ға ақпарат
ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

2005 ж.
ІІІ-IV
тоқсан
2006 ж.
ІІІ-IV
тоқсан
2007 ж.
ІІІ-IV
тоқсан

86,7
 
 
201,8
 
 
55,9

Республикалық
бюджет

1.5.2

2005 жылы банк жабдықтарын саны 1372 бiрлiкте пайдалануға енгізу

АБА-ға ақпарат
ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

2005 ж.
ІІІ-IV
тоқсан

219,3

Республикалық
бюджет

1.5.3

2007 жылы компьютер жабдықтарын саны 1211 комплектке ауыстыру

АБА-ға ақпарат
ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

2007 ж.
ІІІ-IV
тоқсан

194,6

Республикалық
бюджет

1.5.4

2007 жылы Астана қ. почтампты базасында "Қазпочта" АҚ резервтік есептік орталығын құру

АБА-ға ақпарат
ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

2007 ж.
ІІІ-IV
тоқсан

98,2

Республикалық
бюджет

1.5.5

Төлем карточкалары бойынша клиенттер есебi базасын жүргiзу үшiн бағдарламалық қамсыздандыруды орнату

АБА-ға ақпарат
ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

2007 ж.
ІІІ-IV
тоқсан

25,5

Республикалық
бюджет

1.5.6

142 жиынтық мөлшерінде компьютерлік техника сатып алу

АБА-ға ақпарат
ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

2008 ж.
IV
тоқсан - 2009 ж. III тоқсан

124,7

Республикалық
бюджет

1.5.7

Саны 142 бірлік телекоммуникациялық жабдық сатып алу

АБА-ға ақпарат
ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

2008 ж. IV тоқсан - 2009 ж. III тоқсан

181,7

Республикалық
бюджет

1.5.8

АПББ үшін саны 142 бірлік "Қазпочта" АҚ қоғамдық қол жеткізу пунктін басқару жүйесін орнату

АБА-ға ақпарат
ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

2008 ж.
IV тоқсан
- 2009 ж. III тоқсан

14,2

Республикалық
бюджет








2. Баға саясатын жетiлдiру

2.1

Шығындарды бөлу жөнiндегi, қызмет көрсетулер құнын
анықтау почталық байланысы саласында тарифтердi есептеу әдiстемесiн енгiзу

АБА бұйрығы

АБА,
"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

2005 ж.
І тоқсан

Талап
етілмейді


2.2

Вагондардың жүру бағасын және почталық байланыстың жалпыға бiрдей қызмет көрсетулерiнiң
бағасын бiрдей реттеудi жүргізу

АБА бұйрығы

АБА,
"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

Қажет
болғанша

Талап
етілмейді


3. Сапаның халықаралық стандарттарына көшу

3.1

Ұлттық почта операторының почталық байланыс объектілерi индекстері Анықтамалығын бекiту

АБА бұйрығы

АБА,
"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

2005 ж.
І тоқсан

Талап
етілмейді


3.2

Ұлттық почта операторының қызметiн реттейтiн нормативтi құқықты кесiмдердің электронды базасын жасау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

2005 ж.
ІІ тоқсаны

Талап
етілмейді


3.3

Халықаралық қаржы жүйесі арқылы басқа мемлекеттердiң почта операторларымен ұлттық почта операторы арасында электронды ақша
аударымдарын енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

2006 ж.
ІV тоқсаны

Талап
етілмейді


3.4

Ұлттық почта операторының корпоративті ақпараттық жүйесiн енгізу

АБА-ға ақпарат
ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

2006 ж.
ІV тоқсаны

Талап
етілмейді


3.5

Жаңа қызмет көрсетулерін енгізу және iске асыру






3.5.1

Төлем карточкалары






3.5.1.1

Төлем карточкаларын шығаруды ұйымдастыру

АБА-ға ақпарат
ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

2005 ж.
ІІ тоқсаны



3.5.1.2

Салым операцияларын несиелiк операцияларымен қocу арқылы қызметтер көрсету және төлем карточкалары арқылы ақшасыз есеп төлемдерiн жүзеге асыру

АБА-ға ақпарат
ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

2006 ж.
ІV тоқсаны

Талап
етілмейді


3.5.1.3

Клиенттерге жеке қызмет көрсету үшiн төлем карточкалары бойынша қызметтер көрсету

АБА-ға ақпарат
ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

2006 ж.
ІV тоқсаны

Талап
етілмейді


3.5.2

Трансфер-агенттiк
қызмет көрсетулер






3.5.2.1

Трансфер-агенттiк қызметтер көрсету үшін пункттер ашу

АБА-ға ақпарат
ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

2006 ж.
ІІІ-ІV тоқсаны

80,0

Жеке
қаражаттар

3.5.3

Интернет-бағытталған қызметтер






3.5.3.1

Интернет-коммерция қызметтерін көрсету

АБА-ға ақпарат
ұсыну

"Қазпочта" АҚ (келiсiм
бойынша)

2006 ж.
ІV тоқсаны

Талап
етілмейді



Барлық қаражат (млн. теңге), соның ішінде

10778,4





2005 жылы
2006 жылы
2007 жылы
2008 жылы
2009 жылы
2010 жылы
2011 жылы

1444,7
1971,7
2362,0
2 000,0
1 000,0
1 000,0
1 000,0

       Пайдаланылған қысқартулар

      АБА - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі
      TMPA - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi
      ҚРЗ - Қазақстан Республикасының Заңы
      ҚТЖ - "Қазақстан темiр жолы ҰК" акционерлiк қоғамы
      ККМ - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі
      АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ҚР  - Қазақстан Республикасы
      ПБАБ - Почта байланысының селолық бөлiмшесi
      ПБҚБ - Почта байланысының қалалық бөлiмшесi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады