Мемлекеттің кірістерін пайдалану бағыттарын айқындаудың кейбір мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 қазандағы N 1092 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңы  9-бабының 8) тармақшасына сәйкес және заңнамалық кесімдерде көзделмеген мемлекет кірістерін пайдаланудың бағыттарын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 1997 жылғы 18 қарашадағы "Аджип Қарашығанақ Б.В.", "БГ Интернэшнл Лимитед", "Тексако Интернэшнл Петролеум Компани", "ЛУКойл" мұнай компаниясы" ашық акционерлік қоғамы, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық үлгiдегi акционерлік қоғамы мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалған Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мердiгерлiк учаскесiнiң өнiмiн бөлу туралы түпкілiктi келiсiмнің II бабы 2.1-бөлiмiнiң d) тармағында көзделген төлем мемлекеттiң кiрiсi деп саналсын.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген төлем Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсiм және кiрiс ретiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алынады деп белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi осы қаулының орындалуы жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады