Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң кейбiр мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1129 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.24  N 387  (қолданысқа енгізілу тәртібін  10-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже;
      2) Комитеттiң құрылымы бекiтiлсiн.

      2. Комитеттiң төрағасына төрт орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.08.  N 320 , 2005.08.10. N  823  қаулыларымен.

      3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметінiң        
2004 жылғы 29 қазандағы 
N 1129 қаулысымен   
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң
Қазынашылық комитетi туралы
ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Қазынашылық комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретінің шегінде мемлекеттiк бюджеттің атқарылуы саласындағы іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнің ведомствосы болып табылады.
      Комитеттің негізгі міндеттері:
      республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;
      жергілікті бюджеттерге, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің шоттарына қызмет көрсету;
      Комитет органдарына бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкестігін бақылау болып табылады.
      2. Комитет өзінің қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметінiң кесiмдерін және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      Комитеттің аумақтық бөлімшелері болады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Қазынашылықтың егер оған заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттiк берiлген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Комитет өз құзыретінің мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күшi бар бұйрықтар шығарады.
      5. Комитеттің құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
      6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
      473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 11.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.22. N  1063  қаулысымен.
      7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
      8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      Комитетке кәсіпкерлiк субъектілерiмен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер, Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберіледi.

  2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары

      10. Комитет заңнамада белгіленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
      1) мынадай салада мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
      мемлекеттік бюджеттiң атқарылуына қызмет көрсету және республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу нәтижелерi туралы ақпаратты даярлау;
      кезекті қаржы жылына арналған бюджеттiк тағайындауларға сәйкес республикалық бюджеттiң шығыстарын қаржыландыру;
      мемлекеттік мекемелердiң тапсырыстары бойынша ұлттық, сол сияқты шетел валютасы түрiнде де ақша аударымын жүзеге асыру;
      екiншi деңгейдегi банктер және банктiк қызметтердiң тиiстi түрлерiн көрсетуге арналған лицензиясы бар ұйымдар арқылы мемлекеттiк мекемелердi қолма-қол ақшамен қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
      жергiлiктi атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жергiлiкті бюджеттердiң атқарылуы туралы ақпарат ұсыну;
      республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жедел, айлық, тоқсандық және жылдық есеп берудi даярлау;
      республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiне, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бағдарламалар, кiшi бағдарламалар және ерекшелiктер бөлiнiсiнде жүргiзiлген шығыстар туралы ай сайын ақпарат берiп отыру;
      ақылы қызметтерден, демеушiлiк және қайырымдылық көмектен алынатын қаражаттың пайдалануы туралы, валюталық шоттардан шығыстар жасалғандығы туралы жиынтық есептер дайындау;
      қазынашылықтың мемлекеттiк ақпараттық жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      мемлекеттiк кепiлдiктерi бар мемлекеттiк сыртқы қарыздар мен мемлекеттік емес сыртқы қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету кезiнде ақша аударымын жүзеге асыру;
      мемлекеттiк кепiлдiк, қарыз алушылардың қаражаты күшiне енген жағдайда бюджеттік кредиттер мен республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты беру, оларға қызмет көрсету және қайтару жөнiнде жұмыстар жүргiзу;
      үкiметтік және мемлекет кепiлдiк берген борыштық мiндеттемелер мен талаптардың есебiн және үкiметтік сыртқы қарыздар шоттарынан қаражатты алу жөнiндегi операцияларды қамтамасыз ету;
      қарыз алушылардың республикалық бюджет алдындағы бюджеттік кредиттер, Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету;
      республикалық бюджеттi қаржыландырудың жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру және ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қаржыландырудың нақтыланған жиынтық жоспарын жүргiзу;
      бюджет ақшасы есебiнен мемлекеттік мекемелермен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асыру;
      республикалық бюджеттiң қолма-қол ақша ағынын болжау және оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң салымдарына (депозиттерiне) орналастыру жолымен кiрiс алу мақсатында республикалық бюджет ақшасының ағымдағы қалдықтарын басқару;
      жергілікті атқарушы органдардың сенiмдi басқаруға алған уақытша бос ақшасын басқару, оларды орналастыру және есептелген сыйақымен қайтару;
      республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасындағы мемлекеттiк салықтар мен төлемдердi бөлудi қамтамасыз ету және оларды түрлi деңгейдiң бюджеттерiне есепке алу;
      мемлекеттiк мекемелер заңсыз және мақсатсыз пайдаланған кезде, қаржылық бақылау органдарының ұсынысы бойынша ақшаны бюджетке даусыз тәртiппен өндiрiп (қайтарып) алуды жүзеге асыру;
      2) бақылау-қадағалау функциялары:
      бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерi жиынтық қаржы жоспарының мемлекеттік мекемелердi қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкестігін бақылау;
      мемлекеттiк мекемелер қабылдайтын мiндеттемелер сомаларының берiлген рұқсаттардың сомаларына сәйкестігiн бақылау;
      мемлекеттiк мекемелер қабылдайтын мiндеттемелердiң бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарында көрсетiлген iс-шараларға сәйкестiгiн бақылау;
      мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың бюджет заңнамасына сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асыру;
      мемлекеттік мекемелердiң валюталық операциялар жүргізу кезiнде валюта заңнамасының сақталуы бойынша тексерулер ұйымдастыру;
      мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп туралы заңнаманың сақталуын алдын-ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асыру;
      мемлекеттік мекемелердiң, ақылы қызметтердiң, демеушiлiк және қайырымдылық көмектiң шоттарын және депозиттік шотты ашуға рұқсаттар берудiң дұрыстығын бақылау;
      ақылы қызметтер көрсетуден алынған кiрiстердi мемлекеттiк мекемелердiң шоттарына есептеудiң дұрыстығын бақылау;
      ақылы қызметтердiң, демеушiлiк және қайырымдылық көмектiң шоттары бойынша шығыстар жөнiндегі операциялардың жүргізiлуiн бақылау;
      мыналар:
      бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары жиынтық қаржыландыру жоспарына;
      жүргiзiлетiн төлемдер қабылданған мiндеттемелерге сәйкес келмеген жағдайда қазынашылық төлем операцияларының атқарылуын тоқтата тұру;
      мемлекеттiк мекемелердiң бюджет қаражатын игеру және шығыстары есебiнiң мониторингi;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiндегі Комитеттiң тиiстi банктiк шоттары арқылы мемлекеттiк мекемелердiң валюталық операцияларын жүргiзу және есепке алу;
      бюджеттiк қаражат, валюталық және ағымдағы шоттар бойынша қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң тоқсандық және жылдық есептерiн қабылдау мен тексерудi жүзеге асыру;
      үкiметтік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың мониторингi мен оны басқаруды және республикалық бюджет берешегi бойынша талаптардың сақталуына мониторингті, сондай-ақ жергілiкті атқарушы органдар борышының мониторингiн және оны бақылауды қамтамасыз ету;
      қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiмен жұмыс iстеу кезiнде ұйымдастыру шараларының сақталуын бақылау;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі агенттерiнiң бюджеттiк кредиттерге, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарға қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттемелерiн орындауын бақылау.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.27.  N 135  қаулысымен.
      11. Комитеттiң мыналарға:
      мемлекеттiк мекемелерден республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын ұйымдастыру үшiн қажеттi ақпарат пен мәлiметтер алуға, ал олар уақтылы ұсынылмаған жағдайда бухгалтерлiк есеп берудi сұрауға;
      теңгеде және шетел валютасында бiрыңғай қазынашылық шоты мен банктiк шоттарының болуына;
      тиiсті қаржы жылына арналған жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру және оларға өзгерiстер енгiзу кезiнде бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ұсынатын есептемелердiң негiздiлігін тексеруге;
      қаржы тәртiбiнiң сақталуына және мемлекет қаражатының мақсатты әрi тиiмдi пайдаланылуына бағытталған ұсыныстарды енгiзуге;
      мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есеп беруiнде жолсыздықтар анықталған жағдайда әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға және оларды қаржылық бақылау органдарына қарауға жiберуге;
      өз құзыретінің шегiнде бюджеттiк және бухгалтерлiк есеп, бюджет жүйесiндегi есеп беру және қазынашылық органдарындағы iшкi аудит, есеп операцияларын жүргiзу мәселелерi бойынша бұйрықтар қабылдауға және олардың атқарылуын бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысуға;
      халықаралық шарттардың, келiсiм-шарттардың және келiсiмдердiң жобаларын дайындауға қатысуға;
      инвестициялық жобаларды iске асыруға жауапты министрлiктерден үкiметтік сыртқы қарыздар қаражатының түсуi (игерiлуi) және жұмсалуы туралы есептердi сұратуға және алуға;
      мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу кезiнде бюджеттiк кредит берудi жүзеге асыру үшiн қажеттi барлық ақпаратты қаржы агенттерiнен, қарыз алушылардан, мемлекеттік органдардан алуға;
      Комитет органдарының қызметiн тексерудi жүзеге асыруға, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      шет елдердiң қазынашылық жұмыс тәжiрибесiнiң практикалық пайдалануы жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге;
      тек қана мемлекеттік бюджеттiң қаражатына қатысты және оның есебiнен олардың жүзеге асырылуын үшiншi тұлғаларға беру құқығынсыз, ұлттық және шетелдiк валютада мынадай банктiк операцияларды:
      заңды тұлғалардың депозиттерiн қабылдауды, банктiк шоттарын ашуды және жүргізудi;
      аударым операцияларын: заңды тұлғалардың ақшаны аудару жөнiндегі тапсырмаларын орындауды;
      есеп операциялары: заңды тұлғалардың вексельдерiн және өзге де борыштық мiндеттемелерiн есепке алуды (дисконт);
      қарыз операциялары: ақшалай нысанда кредиттер берудi;
      аккредитивтi ашуды (көрсетудi) және растауды әрi олар бойынша мiндеттемелердi орындауды жүзеге асыруға құқығы бар.

  3. Комитеттiң мүлкi

      12. Комитеттiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
      13. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      14. Комитеттiң өзiне бекiтіліп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк жүргiзуге құқығы жоқ.
      Заңнамада белгiленген жағдайларда және шекте Комитетке мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру

      15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      Комитет төрағасының заңнамада белгіленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын, санын Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайтын орынбасарлары болады.
      16. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
      17. Төраға осы мақсатта:
      өз орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгілейдi;
      заңнамаға және Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтетiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жүйесi органдарының қызметкерлерi лауазымдарының номенклатурасына сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      заңнамада белгiленген тәртіппен Комитет қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;
      Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды;
      Комитет аумақтық бөлiмшелерiнiң үлгілiк ережесi мен үлгiлiк құрылымын бекiтедi;
      Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;
      бекiтiлген үлгілік құрылым мен штат санының лимитi шегiнде Комитет аумақтық бөлiмшелерiнiң құрылымын, штат санын бөлудi және штаттық кестелердi бекiтедi;
      Комитеттi мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда бiлдiредi.

  5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      18. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2004 жылғы 29 қазандағы 
N 1129 қаулысымен     
бекiтілген        

  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қазынашылық комитетiнiң
құрылымы

      Басшылық
      Жиынтық қаржылық жоспар басқармасы
      Республикалық бюджеттiң шығыстарын қаржыландыру басқармасы
      Түсiмдердi есепке алу басқармасы
      Төлем операциялары басқармасы
      Қолма-қол ақша, шоттарды талдау және салыстыру басқармасы
      Кредит беру басқармасы
      Мемлекеттік борышқа қаржылық қызмет көрсету басқармасы
      Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың мониторингi және оны қайтару басқармасы
      Жиынтық есеп беру және Бас кiтап басқармасы
      Бюджеттік есепке алуды ұйымдастыру басқармасы
      Қазынашылық жүйесiн сүйемелдеу басқармасы
      Бағдарламалық-технологиялық құралдарды сүйемелдеу басқармасы
      Ұйымдастыру және кадр жұмысы басқармасы
      Iшкi бақылау басқармасы

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2004 жылғы 29 қазандағы 
N 1129 қаулысымен     
бекiтілген        

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Қазынашылық комитетінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 24 мамырдағы N 626  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 22, 215-құжат) 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары.

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Бас есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 9 шiлдедегі N 951  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 34, 303-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 4-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 24 мамырдағы N 626 және 1999 жылғы 5 шiлдедегi N 930 қаулыларына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 шiлдедегi N 1084  қаулысының  1-тармағының 1) тармақшасы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 12 маусымдағы N 813  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 22, 276-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 24 мамырдағы N 626 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 тамыздағы N 862  қаулысы .

      6. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiн қайта атау, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 маусымдағы N 695  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 25, 328-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағының төртiншi абзацы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады