Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Еуропалық қоғамдастық арасындағы 2002 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Еуропалық көмiр және болат бойынша бiрлестiк арасындағы Болаттан жасалатын белгiлi бiр бұйымдармен сауда жөнiндегi келiсiмге Өзгерiстер енгiзу туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қарашадағы N 1143 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Еуропалық қоғамдастық арасындағы 2002 жылғы 22 шілдедегi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропалық көмiр және болат бойынша бiрлестiк арасындағы Болаттан жасалатын белгiлi бiр бұйымдармен сауда жөніндегі келісімге Өзгерістер енгiзу туралы келiсімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдiгіндегі Төтенше және Өкілеттi Елшiсi Константин Васильевич Жигаловқа Келiсiм жобасына қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропалық қоғамдастық арасындағы 2002 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Еуропалық көмiр және болат бойынша бiрлестiк арасындағы Болаттан жасалатын белгiлi бiр бұйымдармен сауда жөнiндегi келiсiмге Өзгерiстер енгiзу туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттік берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба   

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропалық
қоғамдастық арасындағы 2002 жылғы 22 шiлдедегi
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропалық
көмiр және болат бойынша бiрлестiк арасындағы
Болаттан жасалатын белгiлi бiр бұйымдармен
сауда жөнiндегі келiсiмге
Өзгерiстер енгiзу туралы келiсiм

      Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр тараптан және Еуропалық қоғамдастық екiншi тараптан,

      осы Келiсiмнің Тараптары бола отырып,

      Тараптар Қазақстан мен Еуропалық қоғамдастық арасындағы болат саудасын ұйымдасқан түрде және әдiл дамытуға жәрдемдесуге ұмтылатын фактiсiн назарға ала отырып;
      1995 жылғы 23 қаңтардағы бір тараптан Қазақстан Республикасы және екiншi тараптан Еуропалық қоғамдастық пен оның мүше мемлекеттерi арасындағы әріптестік орнатқан Әріптестік және ынтымақтастық туралы  келiсiмнің 1999 жылғы 1 шiлдеде күшiне енгендiгі фактiсiн назарға ала отырып;  P011765
      Әрiптестiк және ынтымақтастық туралы келiсiмнiң 17 (1) бабы Еуропалық көмiр және болат бойынша бiрлестiк бұйымдарының саудасы оның 11-бабын қоспағанда, Әріптестiк және ынтымақтастық туралы келiсiмнің III бөлімiмен және Келiсiмнiң ережелерiмен реттелетіндiгін көздейтiн фактiсiн назарға ала отырып;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропалық көмiр және болат бойынша бiрлестiк арасындағы 2002 жылғы 22 шiлдеде болаттан жасалатын белгiлi бiр бұйымдардың саудасы жөнiндегi келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) ережелерiн басшылыққа ала отырып;
      Еуропалық көмiр және болат бойынша бiрлестік туралы келiсiмнiң қолданылу мерзiмi 2002 жылғы 23 шілдеде аяқталғандығы және Еуропалық қоғамдастық Еуропалық көмір және болат бойынша бiрлестiктің барлық құқықтары мен міндеттемелерiн өзiне алғандығы фактiсiн назарға ала отырып;
      Келiсiмнiң 11 (2) бабына сәйкес келiсiмнiң ұзартылатынына, ал осы Келiсiм шеңберiнде Тараптардың барлық құқықтары мен мiндеттемелерi оның қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн оның күші сақталатындығына Тараптардың келiскендігі фактісін назарға ала отырып;
      Келiсiмнің 2 (6) бабына толықтыруында Тараптар Еуропалық Одақтың кеңеюiн ескере отырып, 2004 жылғы 1 мамырдан бастап Келiсiмнiң сандық шектеулерiн өзгерту (бейiмдеу) мүмкiндiгiн қарауға келiскендiгi фактісін назарға ала отырып;
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      1.1. Келісiмнiң ІІ-қосымшасында жазылған 2004 жылға арналған сандық шектеулер осы Келiсiмге қол қойылған күнiнен бастап I-қосымшада айтылған көлемдер шегiнде ұлғайтылуы тиiс.
      1.2. Тараптар Келiсiмiң I-қосымшасында қамтылған және 2004 жылғы 1 мамырға дейiн түсiрiлген тауарлардың Қазақстаннан Чех Республикасына, Эстонияға, Кипрге, Латвияға, Литваға, Венгрияға, Мальтаға, Польшаға, Словенияға және Словакияға экспорты Келiсiмнiң II-қосымшасында белгiленген сандық лимиттерден алынбайтынын келiстi.
      1.3. 1.2-тармағын орындау мақсатында жөнелтiм немесе басқа да көлiктiк құжаттарға сәйкес экспорттық көлiкке тиелген күн тауарды жiберген күн болып танылады.

  2-бап

      2.1. Келiсiмнің А хаттамасының 13 (2) бабы қоса берiлген II-қосымшада айтылғандай ауыстырылады.
      2.2. Келiсімнің А Хаттамасында қоса берiлген ұлттық құзырлы органдардың тiзбесi қоса берiлген III-қосымшамен ауыстырылады.

  3-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

  4-бап

      Осы Келiсiм қазақ, орыс, чех, дат, голланд, ағылшын, эстон, фин, француз, немiс, грек, венгер, итальян, латыш, литван, мальта, поляк, португал, словак, словен, испан және швед тiлдерiнде жасалды, мәтiндердiң әрқайсысының күші бiрдей.

      ...................................................жасалды.

       Қазақстан Республикасының Үкiметi үшін

      Еуропалық қоғамдастық үшiн

  І-қосымша

                                             (тонна)
      Бұйымдар                                 2004
       SA. Қаңылтыр прокат

      SA1.  Орамдар                            5228
      SА1а. Қайталама прокаттауға арналған     500
            орамдар
      SА2. Қалың қаңылтырлы болат              852
      SА3. Бacқa қаңылтыр прокат               21582

  II-қосымша

      А хаттамасының 13 (2) бабы мынадай болып ауыстырылды:
      "2. Әрбiр құжаттың ол оның сәйкестендiрiлуi мүмкiн басылғанына немесе басылмағанына қарамастан белгiлi бір стандарттық сериялық нөмiрi болуы керек.
      Бұл нөмiр мынадай элементтердi қамтиды:
      экспорттаушы елдi сәйкестендiретiн екi әрiп, яғни
      KZ = Қазақстан;
      кедендiк тазалау жөнiндегi қоғамдастыққа тиiстi мүше мемлекеттi сәйкестендiретiн екi әріп, яғни:
      BE = Бельгия
      CZ = Чех Республикасы
      DK = Дания
      DЕ = Германия
      ЕЕ = Эстония
      ЕL = Греция
      ЕS = Испания
      FR = Франция
      IЕ = Ирландия
      IT = Италия
      CY = Кипр
      LV = Латвия
      LT = Литва
      LU = Люксембург
      HU = Венгрия
      MT = Мальта
      NL = Нидерланды
      АТ = Австрия
      РL = Польша
      PT = Португалия
      SI = Словения
      SK = Словакия Республикасы
      FI = Финляндия
      SЕ = Швеция
      GB = Ұлыбритания;
      жылдың соңғы санына сәйкес келетін, жылды анықтаушы бiр сан, мысалы, 2004 жыл үшін "4";
      экспорттайтын елдiң белгілі беруші органын анықтаушы 01-ден 99-ға дейiнгi екі таңбалы нөмiр;
      кедендiк тазалау жөнiндегi қауымдастыққа мүше мемлекетке берiлген бірте-бірте өсетiн 00001-ден 99999-ға дейінгi бес таңбалы нөмiр.

  ІІІ-қосымша

      ҰЛТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІ ОРГАНДАРДЫҢ ТІЗБЕСІ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады