Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын жетiлдiру жөнiндегi кейбiр мәселелер" туралы Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қарашадағы N 1170 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын жетiлдiру жөнiндегi кейбiр мәселелер" туралы Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң
құрылымын жетiлдiру жөнiндегі кейбiр мәселелер

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын жетілдiру мақсатында  ҚАУЛЫ ETEMIH:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2003 жылғы 7 мамырдағы N 1085  Жарлығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      1-тармақта:
      мәтiндегi "басқару органдары" деген сөздердiң алдынан "әскери" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) тармақшаның үшіншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жедел-стратегиялық - Қарулы Күштер түрлерінің құрамына кiретiн бас қолбасшылардың, Қарулы Күштер әскер тектерінің қолбасшылары мен Қарулы Күштер Тылы бастығының басқармалары";
      бесiншi абзац ", арнайы әскерлердiң бас басқармалары" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшаның екiншi абзацындағы "басқару органдары,", "әскери оқу орындары," деген сөздер алынып тасталсын;
      5) тармақшадағы "жауынгерлiк" деген сөзден кейiн ", арнайы" деген сөзбен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерi Бас қолбасшысының басқармасы" мемлекеттiк мекемесiн таратсын;
      2) осы Жарлықты iске асыру жөніндегi өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады