Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 қарашадағы N 1189 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 755 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 755 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын жетілдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1472 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Құрлық әскерлерi Бас қолбасшысының басқармасы" мемлекеттiк мекемесi таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң арнайы әскерлерi штат санының лимитi шегiнде "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Жауынгерлiк даярлық бас басқармасы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Бас басқарма) құрылсын.

      3. (Құпия).

      4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен:

      1) Бас басқарманың жарғысын және оның құрылымын бекiтсiн;

      2) оның әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 6 тамыздағы N 785 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 31, 317-құжат) мынадай өзгерiс енгiзілсiн:

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң қайта аталатын мекемелерi тiзбесiнiң 1) тармақшасы алынып тасталсын.

      6. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерi қолбасшысының басқармасы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 649 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 17, 191-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады