Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Республика аумағында жануарлардың жiтi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою және жануарлар мен адамға ортақ аурулардан азаматтардың денсаулығын қорғау және эпизоотологиялық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi N 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 185-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн кездегi жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тiзбесiнде:
тақырыбы "Жануарларды" деген сөздiң алдынан "Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацтағы "туляремия" деген сөзден кейiн ", аусыл" деген сөзбен толықтырылсын;
бесiншi абзацтағы "аденомотоз" деген сөзден кейiн ", шешек, күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы" деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Алдын алуы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тiзбесiнде:
екiншi абзацтағы "нодулярлық дерматит (зкзотикалық aуpу)" деген сөздерден кейiн ", қойдың хламидиоздық (энзоотикалық) iш тастауы" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi абзацтағы "(экзотикалық аурулар)" деген сөздерден кейiн ", күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы" деген сөздермен толықтырылсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылауында болатын жүктердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы алып өту кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру ережесiнде:
8 және 19-тармақтар мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Бақылауда болатын жүктердi әкелуге уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттың қолданылу мерзiмi 30 күннен аспайды.";
23-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Бақылауда болатын жүктердiң транзитiне уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттың қолданылу мерзiмi 30 күннен аспайды.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі