Алматы қаласында Көктөбе тауындағы төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Алматы қаласының әкiмiне Көктөбе тауындағы төтенше жағдайдың салдарын жою жөнiндегi жұмыстарды жүргізуге 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 200000000 (екi жүз миллион) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Алматы қаласының әкiмi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне 2004 жылы орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есептi ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі