Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 1229 Қаулысы

      "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңына және "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамын капиталдандыруға 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 2000000000 (екі миллиард) теңге бөлінсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.24. N  1375 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады