Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң "Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 1247 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң "Отан соғысының мүгедектерiне арналған республикалық клиникалық госпиталь" мемлекеттік мекемесі одан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң "Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталь" мемлекеттік мекемесiн (бұдан әрi - Мекеме) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгімен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) Мекеменiң әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен;
      2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға  229-қосымшада :
      010 "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету" деген бағдарламада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
      5-бағанда:
      үшiншi абзацта:
      "576" деген сандар "409" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
      "Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталь - 167 бiрлiк;";
      төртiншi абзацтағы "госпиталін;" деген сөзден кейін "Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталін" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесiншi абзацтағы "госпиталь" деген сөзден кейiн ", Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-бағандағы "госпиталь," деген сөзден кейiн ", Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталь;" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) <*>
      Ескерту. 3) тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы  N 214 қаулысымен.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады