Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 тамыздағы N 897 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 1256 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.08.22. N 797 (қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығының кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 26 тамыздағы N 897  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 30, 418-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Құлекеев                    - Қазақстан Республикасының Білім
Жақсыбек Әбдiрахметұлы        және ғылым министрi, төраға

Аманшаев                    - Қазақстан Республикасының
Ермек Әмiрханұлы              Мәдениет, ақпарат және спорт вице-
                              министрi, төрағаның орынбасары

Қадiров                     - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Данияр Рамазанұлы             ғылым министрлiгiнiң Жастар саясаты
                              департаментi директорының мiндетiн
                              атқарушы, хатшы

      көрсетiлген құрамнан мыналар шығарылсын: Қасейiнов Дүйсен Қорабайұлы, Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы, Дияров Дәурен Кеңесұлы.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады