"Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы" акционерлік қоғамын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы N 1279 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 сәуiрдегi N 411  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және eciрткі бизнесiне қарсы күрестің 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру мақсатында, "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы  Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.

      2. Қоғам қызметiнің негізгi мәнi есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк оңалтуды жүзеге асыру, есiрткiнi терiс пайдаланудың алдын алу болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеті Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесіне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөнiндегі комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) Қоғамның құрылтайшы төлейтін 45950000 (қырық бес миллион тоғыз жүз елу мың) теңге, оның iшiнде 35640750 (отыз бес миллион алты жүз қырық мың жетi жүз елу) теңге мөлшерiндегi жарғылық капиталын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 сәуiрдегi N 411  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесіне қарсы күрестiң 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасында көзделген республикалық бюджет есебiнен қалыптастыруды;
      2) Қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тiркеудi және Қоғамның жарғысын бекiтудi қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеті белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөнiндегi комитетiне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелік ету және оны пайдалану құқықтарын берсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Ақмола облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 13-8-жолмен толықтырылсын:
      "13-8 "Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы" АҚ";
      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетiлген қаулының қосымшасында:
      "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 266-4-жолмен толықтырылсын:
      "266-4 "Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы" АҚ".

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады