"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне қаржы нарығын реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 желтоқсандағы N 1290 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қаржы нарығын реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілеріне
қаржы нарығын реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік
органдар қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; 2004 жылғы 30 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде және 2004 жылғы 30 қазанда "Казахстанская правда" газетiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілеріне кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 22 қазандағы  Заңы ):
      50-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орны жабылмаған шығындарын өтеу;".

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 10, 123-құжат; 2003 ж., N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат):
      1) бүкіл мәтiн бойынша "(мүдденің)" деген сөз алынып тасталсын;
      2) 3-баптың екiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесiн бекiтуi;";
      3) 8-бапта:
      а) тармақшасының:
      бiрiншi бөлігіндегі "Қазақстан Республикасында айналыстағы ақша көлемiнiң мөлшерiн реттеу жолымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлігіндегі "жауап бередi" деген сөздер "мiндеттемелер атқарады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      д-1) тармақшасындағы "ломбардтық операциялар;", "және салып жiберу" және "Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгiленген жағдайларда қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкілеттi орган) банк операцияларының жекелеген түрлерi бойынша уәкiлеттi органның лицензия беру мүмкiндігі туралы қорытынды бередi" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы д-2) тармақшасымен толықтырылсын:
      "д-2) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгiленген жағдайларда қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) банк операцияларының жекелеген түрлерi бойынша уәкiлетті органның лицензия беру мүмкiндiгi туралы қорытынды бередi, сондай-ақ осындай қорытынды берудің тәртiбiн айқындайды;";
      и-1) және и-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "и-1) қызметiнiң ерекше түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға валюталық операциялар жүргізуге, бөлшек сауданы жүзеге асыру мен қолма-қол шетел валютасына қызмет көрсетуге, сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi;
      и-2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға: банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды; банкаралық клирингті; сейф операцияларын; төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруға лицензиялар бередi;";
      мынадай мазмұндағы и-3), и-4) және л-4) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "и-3) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде инкассация жөнiндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметінiң ерекше түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерiн және қалыптастыру тәртiбiн белгілейдi;
      и-4) қызметiнiң ерекше түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әділет органдарында мемлекеттік тiркелуге рұқсат бередi;";
      "л-4) уәкілеттi органдармен келiсiм бойынша банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үйлерiн күзетудi ұйымдастыру жөнiндегі орындауға мiндеттi талаптарды белгілейдi;";
      р) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "р) есептiк төлем теңгерiмiн, халықаралық инвестициялық ұстанымды және елдiң жалпы сыртқы борышының бағасын қалыптастырады, төлем теңгерiмiнiң қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi болжамдық бағаларын әзiрлеуге қатысады, валюталық операцияларды тiркеудi және мемлекеттік кепiлдiктерi жоқ мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша шарттардың мониторингiн жүзеге асырады;";
      т) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "т) мемлекеттiк органдар мен қаржылық ұйымдар үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;";
      у-4) тармақшасы "активтердi" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ басқа да заңды тұлғалардың активтерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      у-6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "у-6) ең aз резервтiк талаптардың нормативтерiн белгілейдi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;";
      мынадай мазмұндағы у-8), у-9), у-10) және у-11) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "у-8) тиiстi лицензиялар алмай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерiнде айқындалған банк қызметiн, сондай-ақ инвестициялық портфельдi басқару жөніндегі кәсiби қызметті, шоттарды жүргiзу құқығымен нақтылы ұстаушы ретiнде кастодиандық, дилерлiк және брокерлiк қызметтi жүзеге асырады;
      у-9) Қазақстан Ұлттық Банкi лицензиялайтын банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзу тәртiбi бұзылған жағдайда, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңнамасында белгіленген тәртiппен ықпал ету шараларын қолданады және санкциялар салады;
      у-10) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар банк қызметi, ақша төлемдерi мен аударымдарын есепке алу, валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актілердi бұзған жағдайда, оларға өз құзыретi шегiнде банктік және валюталық заңнамада белгіленген тәртiппен ықпал ету шараларын қолданады және санкциялар салады;
      у-11) заңды және жеке тұлғаларға инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасын белгiлейдi;";
      4) 9-баптың бiрiншi бөлігіндегі "өзi алған" деген сөздер "бөлiнбеген" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) 10-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
      "жарғылық капиталы мөлшерiнде құрылып" деген сөздер "кемiнде жарғылық капиталы мөлшерiнде қалыптасып" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "таза табысы" деген сөздердiң алдында "бөлiнбеген" деген сөзбен толықтырылсын;
      6) 11-баптағы:
      бiрiншi бөлiгiнде "таза" деген сөз "бөлiнбеген таза" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Банк активтерi бойынша құрылған жалпы провизиялардың (резервтердің) сомасына және алтынвалюта активтерiн қайта бағалаудан жұмсалған кiрiс сомасына азайтылған Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бөлiнбеген таза кiрiсi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген мөлшерде жарғылық және/немесе резервтiк капиталдарды ұлғайтуға жiберіледi.";
      үшiншi бөлiгiнде:
      "алынған" деген сөз "бөлiнбеген" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "келесi қаржы жылында" деген сөздер "бiр қаржы жылына мерзiмiн ұзарта отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Егер резервтiк капиталдың мөлшерi жарғылық капитал сомасынан аз болған жағдайда, барлық бөлiнбеген таза кiрiс Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқаруында қалады және резервтiк капиталдың мөлшерi жарғылық капиталдың мөлшерiне жеткенге дейiн толықтыруға жiберіледi. Қаржы жылының шығындарын өтеу үшiн резервтiк капиталдың қаражаты жеткіліксiз болғанда өтелмеген шығындар Қазақстан Ұлттық Банкіне толық көлемде республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен бір қаржы жылына мерзiмiн ұзарта отырып өтеледi.";
      7) 15-баптағы:
      бiрiншi бөлік:
      мынадай мазмұндағы б-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "б-1) банктерде операциялар жасауға сенімхат беру тәртiбiн белгілеу;";
      в) тармақшасы ", Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын шығару, олардың дизайны (нысаны) өзгерген кезде банкноттар мен монеталарды ауыстыру туралы шешiм қабылдау, сондай-ақ тозған және бүлiнген банкноттар мен монеталарды айырбастау тәртiбiн белгілеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы в-1), в-2) және в-3) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "в-1) коллекциялық және инвестициялық монеталардың шығарылу тақырыбын, дайындалу таралымын, қоспасын, шығарылу мерзiмдерi мен күнiн айқындау;
      в-2) басқа елдердiң тапсырыстары бойынша қымбат және жай металдардан коллекциялық монеталар соғу туралы шешім қабылдау;
      в-3) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттар мен монеталарды сату және сатып алу тәртiбiн айқындау;";
      г) тармақшасындағы "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банктермен жасалатын операциялар бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      e) тармақшасы:
      "беру" деген сөзден кейiн ", қолданылуын тоқтата тұру және қайтарып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
      "бiрден-бiр" деген сөздер "айрықша" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "қолма-қол" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы e-4) тармақшасымен толықтырылсын:
      "e-4) Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын немесе оның аумағына әкелiнетін вексель қағазының қорғалу дәрежелерiне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды бекiту;";
      ж) тармақшасындағы "банктерге" деген сөзден кейiн "ең аз" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы ж-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "ж-1) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негізiнде инкассация жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнiң ерекше түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерiн және қалыптастыру тәртiбiн белгiлеу;";
      мынадай мазмұндағы з-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "з-1) монетарлыққа жататын қызметті айқындау;";
      и) тармақшасы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы и-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "и-1) тауарлар, жұмыстар және қызметтер көрсету экспортынан түскен шетел валютасындағы түсiмдi мiндеттi түрде сату режимiн енгізу және жою туралы шешiмдер қабылдау;";
      к-1) тармақшасы "ереженi" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтыруларды" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы к-2) тармақшасымен толықтырылсын:
      "к-2) уәкілетті орган басшысының ұсынуы бойынша уәкілетті органды қаржыландырудың жалпы сомасын бекiту;";
      м) тармақшасында "сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi департаментінің директорларын, филиалдарының, өкілдiктерiнiң және ұйымдарының басшыларын бекiту" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы м-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "м-1) Қазақстан Ұлттық Банкi департаментiнiң директорларын, филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және ұйымдарының бiрiншi басшыларын қызметке тағайындауға (қызметтен босатуға) келiсiм беру;";
      о) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "о) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң, оның филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және ұйымдары қызметкерлерінің еңбек жағдайларын, оған ақы төлеудi, әлеуметтік-тұрмыстық жағынан қамсыздандыруды, білiктiлiгін арттыру және қайта даярлауды айқындау және бекiту;";
      ф) тармақшасы алынып тасталсын;
      ц) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "ц) осы Заңның 11-бабына сәйкес жарғылық және/немесе резервтiк капиталдарды қалыптастыруға жіберілетін бөлінбеген таза кiрiстiң мөлшерiн белгілеу;";
      үшінші бөлiгі алынып тасталсын;
      8) 16-бап мынадай мазмұндағы төртiнші бөлікпен толықтырылсын:
      "Уәкiлеттi органның лауазымды адамы Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжiлiстерiне кеңесшi дауыс құқығымен қатысуға құқылы.";
      9) 29-баптың:
      бiрiншi бөлігіндегі "инфляцияның төменгі деңгейiн және ұлттық валютаның тұрақтылығын" деген сөздер "бағалардың тұрлаулылығын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлігiнiң төртiншi абзацындағы "міндетті резервтердің нормативтерін (резервтiк талаптарды)" деген сөздер "резервтiк талаптарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "32-бап. Резервтiк талаптар
      Банктердің депозиттері мен заемдары бойынша сыйақы көлемін және ставкаларын реттеу мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi ең аз резервтiк талаптардың нормативтерін пайдаланады.
      Ең аз резервтiк талаптардың нормативтерiн Қазақстан Ұлттық Банкi банктер міндеттемелерінің сомасынан пайыз ретiнде есептейді.
      Есеп айырысуға қабылданатын банктер міндеттемелерінің құрылымын, ең aз резервтiк талаптарды орындау шарттарын және оларды резервтеу тәртібiн, сондай-ақ ең аз резервтiк талаптардың нормативтерін Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.
      Ең аз резервтiк талаптардың нормативтерін өзгерту осындай шешiм қабылданған күннен бастап бір айдан кейiн қолданысқа енгізіледі.
      Ең aз резервтiк талаптардың нормативтерi бұзылғанда банктер заң актілерiнде белгiленген жауапкершілiк атқарады.
      Тарату комиссиясының төрағасы тағайындалған күннен бастап он күндiк мерзiмде Қазақстан Ұлттық Банкi банктің тарату комиссиясына өзінде резервтелген қаражатты қайтарады.";
      11) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-бап. Банкноттар мен монеталарды шығару

      Банкноттар мен монеталарды шығаруды, олардың Қазақстан Республикасының аумағында айналысын ұйымдастыруды және айналыстан шығаруды Қазақстан Ұлттық Банкi ғана жүзеге асырады.
      Банкноттар мен монеталарды айналысқа шығаруды Қазақстан Ұлттық Банкi оларды заңды және жеке тұлғаларға сату арқылы жүзеге асырады.";
      12) 42-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Монеталар мынадай түрлерге бөлiнедi:
      инвестициялық монеталар - қымбат металдардан жасалған, инвестициялау және жинақтау объектiсi болып табылатын және белгіленген құнынан ерекшеленетiн құны бойынша сатылатын монеталар;
      коллекциялық монеталар - монеталарға тән арнайы қасиет беретiн күрделі соғу технологияларын және/немесе көркем безендіру әдiстерiн пайдалана отырып қымбат металдан және сол сияқты жай металдар қоспасынан, шектеулі таралыммен дайындалған, коллекциялау және жинақтау үшiн қызығушылық туғызатын, белгiленген құнынан ерекшеленетiн құны бойынша сатылатын мерейтойлық, ескерткiш және өзге де арнайы соғылған монеталар;
      айналыстағы монеталар - жай металдар қорытпасынан жасалған және белгіленген құны бойынша есеп айырысу мен ақша ұсақтау операциялары кезiнде қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар.";
      13) мынадай мазмұндағы 43-1-баппен толықтырылсын:
      "43-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттар мен монеталарды сатуы және сатып алуы
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттар мен айналыстағы монеталарды сатуы және сатып алуы олардың белгіленген құны бойынша жүзеге асырылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатуы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтік құқықтық актілерiнде белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қымбат металдардан жасалған инвестициялық, коллекциялық монеталарды сатып алуы бастапқы салмағын сақтау шартымен олардың құрамындағы қымбат металдардың құны бойынша, бiрақ белгiленген құнынан төмен емес құн бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жай металдардың қоспасынан дайындалған, арнайы және сол сияқты арнайы емес соғылған коллекциялық монеталарды сатып алуы олардың белгiленген құны бойынша жүзеге асырылады.";
      14) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "48-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ақша төлемдерi мен
               аударымдарын және төлем жүйелерiн ұйымдастырудағы
               және реттеудегi өкiлеттіктерi

      Қазақстан Ұлттық Банкi ақша төлемдерi мен аударымдарын ұйымдастырады, үйлестiредi, реттейдi және:
      1) ақша төлемдерiн және (немесе) аударымдарын жүзеге асыру ережесiн және қолдану тәсiлдерiнiң ерекшелiктерiн, төлем нұсқауларына қойылатын негiзгi талаптарды;
      2) қолма-қол ақшаны пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерінің жұмыс iстеуiнің тиімділігін және сенiмдiлігін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілердi қабылдайды.
      Төлем жүйелерінiң жұмыс iстеуiн қадағалауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi:
      төлем жүйелерін ұйымдастыру және жұмыс iстеу шарттары мен тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;
      төлем жүйелерінің жұмыс істеуiнің мониторингiн жүзеге асыруға және оны жүргiзу тәртiбiн белгілеуге;
      төлем жүйелерінің ұйымдастырылуын және жұмыс iстеуiн тексеруге;
      төлем жүйелерінің қатысушыларынан және операторларынан ақпарат алуға;
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкес төлем жүйелері қатысушыларының қызметiн тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ақша төлемдерi мен аударымдарын және төлем жүйелерін ұйымдастыру тәртiбiн реттейтін, сондай-ақ ақша төлемдерiн және (немесе) аударымдарын жүзеге асыру ережесiн және тәсiлдерiн қолдану ерекшелiктерiн, төлем нұсқауларының мазмұнына қойылатын негiзгі талаптарды белгілейтiн нормативтiк құқықтық актiлерi бұзылған жағдайда өзiнiң құзыреті шегiнде Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында белгіленген тәртiппен банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға ықпал ету шараларын және санкциялар қолдануға құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға санкциялар қолданған кезде бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi өзiнiң құзыреті шегiнде халықаралық (мемлекетаралық) төлемдер жүйесін ұйымдастыруға қатысуға құқылы.";
      15) 48-1-бап алынып тасталсын;
      16) 56-бапта:
      б) тармақшасындағы "шетел валютасымен және шетел валютасындағы бағалы қағаздармен" деген сөздер "валюталық құндылықтармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      в), г) және ж) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "в) валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгілейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерінде шоттар ашу тәртiбiн айқындайды;
      г) валюта заңнамасында көзделген валюталық операцияларды лицензиялау және тiркеу тәртiбiн белгілейдi, лицензиялар мен тiркеу куәлiктерiн бередi;";
      "ж) мемлекеттік органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасында барлық заңды және жеке тұлғалар орындауға мiндетті валюталық операциялар бойынша есепке алу және есеп беру тәртiбi мен нысандарын белгілейдi;";
      з), м) және н) тармақшалары алынып тасталсын;
      17) 58-баптың үшінші бөлiгiндегi "Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмiмен" деген сөздер "Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының алтынвалюта активтерiн басқару қағидаттарын және стратегиясын айқындайтын шешiмдерiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 59, 60 және 61-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "59-бап. Алтынвалюта активтерінің өтімділігі және сақталуы
               Қазақстан Ұлттық Банкi алтынвалюта активтерінің
               өтімділігін және сақталуын қамтамасыз етуге,
               сондай-ақ олардың сыртқы нарықтардағы сатып алу
               күшiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндетті.

      Қазақстан Ұлттық Банкi алтынвалюта активтерiн ұлттық валютаның тұрақтылығын және айырбасталуын қамтамасыз ету үшін, Қазақстан Республикасының мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн қажетті деңгейде қолдауға тиiс.

      60-бап. Алтынвалюта активтерiн қайта бағалау шоты

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң активтерiн немесе мiндеттемелерін бағалау өзгерістерінің салдары болып табылатын алтынвалюта активтерi бойынша бағамдық айырмалар олар пайда болған есептік кезеңнiң жүзеге асырылмаған кiрiстерi немесе шығыстары шоттарына жатқызылады. Қаржы жылында Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтік құқықтық актілерiне сәйкес есептелген жүзеге асырылған кiрiс/шығыс сомасы есептік кезеңнiң кiрiстерi мен шығыстарының тиiстi шоттарына бағытталады. Қаржы жылының аяқталу нәтижелерi бойынша жүзеге асырылмаған кiрiстер және шығыстар тиісті қайта бағалау шоттарына жатқызылады. Қайта бағалау шоттарында алтынвалюта активтерінің түрлерi бойынша қалдық болмаған жағдайда, пайда болатын терiс бағамдық айырма есептік кезеңнiң шығыстарына жатқызылады.
      Алтынвалюта активтерiн қайта бағалаудан жүзеге асырылған кiрiстер толық көлемде резервтiк капиталды ұлғайтуға бағытталады.

      61-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң реттеу мен қадағалауды
              жүзеге асыру қағидаттары

      Қазақстан Ұлттық Банкi қаржылық ұйымдардың қызметiн реттеу мен қадағалауға қатысады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ықпал ету шараларын қолданады және санкциялар салады. Қазақстан Ұлттық Банкi өз құзыреті шегiнде банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға санкциялар қолданған кезде бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкінiң реттеушi функциялары Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етуге бағытталған.
      Қазақстан Ұлттық Банкi қаржылық ұйымдардың жедел қызметіне араласпайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi өзiнiң функцияларын орындау үшiн мемлекеттік органдардан, қаржылық және өзге де ұйымдардан, сондай-ақ олардың қауымдастықтарынан қажетті ақпаратты және/немесе статистикалық eceпті сұратуға және алуға құқылы.";
      19) 62-баптың үшінші бөлігіндегі "Қазақстан Ұлттық Банкi" деген сөздерден кейiн "уәкілетті органмен," деген сөздермен толықтырылсын;
      20) 68-баптың:
      бірінші бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi негізiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметін тексерудi, оның iшiнде қаржылық есептің аудитiн құрылтайшыларының құрамына мемлекеттің орталық банкіне аудит жүргізу тәжірибесі бар аудиторлық ұйым - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) мүшесi кiретiн аудиторлық ұйым жыл сайын жүзеге асырады.";
      үшiншi бөлігіндегi "бөлiмшелерiнiң" деген сөз "ұйымдарының" деген сөзбен ауыстырылсын.

      3. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат, N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат):
      1) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттік органның, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкiнiң заң актілерiнде белгіленген өкілеттiктерi шегiнде жүргізетiн қызметiн (операцияларын) қоспағанда, лицензия болғанда ғана қызметті жүзеге асыруға немесе лицензиялауды талап ететін белгілi бiр iс-қимылдарды (операцияларды) жасауға жол беріледі.";
      2) 15-бапта:
      он екіншi бөлiктегі "он күннің" деген сөздер "он жұмыс күнінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он үшiншi бөлiгiнде "қажеттi құжаттарды" деген сөздерден кейiн ", қажет болған жағдайда," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы он төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Лицензияланатын қызмет түрінің атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгерiс лицензияланатын қызмет түрінің шеңберiнде орындалатын операциялардың мәнiн өзгертуге әкеп соқпаса, лицензиат лицензияны қайта ресiмдеуге өтiнiш ұсынады. Қажет болған жағдайда лицензиар лицензияны қайта ресiмдеген кезде лицензиаттан лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырумен байланысты қосымша құжаттарды талап етуге құқылы.".

      4. "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкілдіктердi есептiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат):
      6-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қызметiнiң ерекше түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшiн әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң рұқсаты қосымша талап етіледi.".

      5. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат ; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N  11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат):
      1) бүкіл мәтiн бойынша "(мүдденің)" деген сөз алынып тасталсын;
      2) 6-баптың 2-тармағы "операциялары" деген сөзден кейiн ", мемлекеттiк органның, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкiнiң заң актілерiнде бекiтілген өкілеттіктерi шегiнде жүргiзетiн қызметiн (операцияларын) қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 30-бапта:
      2-тармақта:
      г) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "г) кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды ұсақтау, айырбастау, қайта санау, сұрыптау, қаттап буу, сақтау және одан кейiн беру мақсатында оларды қабылдау бойынша қызмет көрсету;";
      о) тармақшасында "және басқа жаққа салып жiберу" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-3. Осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға осы баптың 2-тармағында көзделген операцияларды жүргізуге лицензияларды уәкілетті орган бередi.
      Банктерге және кредиттік серiктестіктерге осы баптың к), л), н), о), п) тармақшаларында көзделген операцияларды, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға осы баптың 2-тармағының п) тармақшасында көзделген операцияны жүргізуге лицензия берген кезде Ұлттық Банктiң оң қорытындысы талап етіледi.
      Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға, кредиттік серiктестiктердi қоспағанда, осы баптың к), л), н), о) тармақшаларында көзделген операцияларды жүргiзуге және қызметiнiң ерекше түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға осы баптың 2-тармағының п) тармақшасында көзделген операцияны жүргiзуге лицензияларды Ұлттық Банк бередi.";
      4) 41-баптың бiрiншi бөлiгінiң екiншi абзацындағы "резервтiк талаптар нормаларын" деген сөздер алынып тасталсын;
      5) 42-баптың 3-тармағындағы "резервтiк талаптардың нормаларын" деген сөздер алынып тасталсын;
      6) 46-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      "9. Ұлттық Банк реттелуi өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу анықталған жағдайда, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 1-тармағының а), в), г) тармақшаларында көрсетілген ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.";
      7) 47-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Ұлттық Банк бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға санкциялар қолдануға құқылы. Ұлттық Банк санкция ретiнде банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 2-тармағының а) тармақшасында көрсетiлген шараларды, сондай-ақ лицензиясын Ұлттық Банк беретiн банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 2-тармағының б) тармақшасында көрсетiлген шараларды қолдануға құқылы.";
      8) 48-баптың 1-тармағының г) тармақшасындағы "уәкiлетті орган белгілеген" деген сөздер алынып тасталсын;
      9) 50-баптың 4-тармағының екiншi бөлiгіндегі "хабарлауы" деген сөзден кейiн "валюталық заңнамаға сәйкес экспорт-импорт валюталық бақылауды жүзеге асыру үшiн клиенттердің экспорт және (немесе) импорт операциялары жөнiндегi мәліметтердi кеден органдарына беруi," деген сөздермен толықтырылсын.

      6. "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 сәуiрдегі  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 8, 87-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 15, 138-құжат):
      1) 83-1-баптың төртінші бөлiгi алынып тасталсын;
      2) 86-баптың үшінші бөлігінде "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми есеп жүргізу ставкасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген ресми қайта қаржыландыру ставкасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат):
      49-бапта:
      тақырыбындағы "eceпкe алу" деген сөздерден кейiн "және есеп бepу" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      "қаржылық" деген сөзден кейiн "және статистикалық" деген сөздермен толықтырылсын;
      "активтерi бойынша" деген сөздерден кейiн "уәкілеттi органға және/немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен толықтырылсын.

      8. "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 177-құжат; N 24, 445-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 10, 49, 51-құжаттар; N 15, 138-құжат):
      1) 3-бапта:
      он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "төлем карточкаларының ұлттық жүйесi - Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ұлттық төлем карточкасын пайдалана отырып, төлемдерге қызмет көрсету жүйесi;";
      мынадай мазмұндағы он екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "ұлттық төлем карточкасы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және/немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінiң нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, белгiленген талаптарға және стандарттарға сәйкес шығарылған, оның ұстаушысына Қазақстан Республикасының аумағында операцияларды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн, төлем карточкалары ұлттық жүйесiнiң логотипi бар төлем карточкасы;";
      2) 6-бапта:
      1-тармақтың екiншi бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Банк шоттары банк пен клиенттің арасында банк шотының шарты және банктік салым шарты жасалған кезде ашылады. Банк шотының шарты ағымдағы шоттың шарты және карт-шот шарты болып бөлiнеді.";
      2-1-тармағында:
      бiрiншi бөлiгiнде "банк шотының" деген сөздер "ағымдағы шоттың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) клиентке Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) карт-шоттың шартында көзделген өзге де банктік қызмет көрсетудi жүзеге асыруға.";
      3) 11-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "11-1-бап. Төлем карточкаларының ұлттық жүйесi
      Төлем карточкаларының ұлттық жүйесiнiң жұмыс iстеуiне қойылатын жалпы талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтік құқықтық актілерiнде белгіленедi.
      Ұлттық төлем карточкасы Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады және төлем карточкаларына қызмет көрсетуге арналған құрал-жабдығы бар сауда (қызмет көрсету) ұйымдары шектеусіз қабылдайды. Төлем карточкаларын шығаруға лицензиясы болған жағдайда банктер ұлттық төлем карточкасын шығаруға және қызмет көрсетуге қабылдауға мiндеттi.
      Төлем карточкаларының ұлттық жүйесiнiң логотипін, сондай-ақ ұлттық төлем карточкасының функционалдық сипаттамасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекiтедi.
      Төлем карточкаларының ұлттық жүйесiнiң операторы құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және банктер болатын ұйым болып табылады. Төлем карточкаларының ұлттық жүйесі операторының функциялары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтік құқықтық актілерiнде белгiленедi.";
      4) 20-баптың 4-тармағында "күннен кейінгі операциялық күннен" деген сөздер "күннен бастап екi операциялық күннен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат):
      1) 21-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгі "Үкiметi" деген сөзден кейiн "немесе Ұлттық Банкi" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 74-бапта:
      тақырыбындағы "Қаржылық" деген сөзден кейiн "және өзге де" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ол белгілеген нысанда оның сұратуы бойынша, оның құзыреті шегiнде статистикалық есептілікті және өзге де ақпаратты ұсынуға мiндетті.".

      10. "Почта туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 3, 17-құжат; N 15, 139-құжат):
      4-баптың 3-тармағының 9) тармақшасында "және жiберу" деген сөздер алынып тасталсын.

      11. "Кредиттік серiктестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 28 наурыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 5, 32-құжат):
      1) 26-баптың 4-тармағы алынып тасталсын;
      2) 27-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Кредиттік серіктестіктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ол белгілеген нысанда оның сұратуы бойынша, оның құзыреті шегінде статистикалық есептілікті және өзге де ақпаратты ұсынуға мiндеттi.".

      12. "Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 11, 63-құжат):
      1) 4-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) Қордың есептілігінің (қаржылық есептіліктi қоспағанда) көлемiн, табыс ету тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды;";
      2) 5-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Ұлттық Банк уәкілетті органмен келiсiм бойынша Қордың қаржылық есептілігінің көлемiн, табыс ету тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды.";
      3-тармақта "уәкілетті органның үш өкiлi" деген сөздер "уәкілетті органның екі өкiлi, құрылтайшының бір өкiлi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегі  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 15, 132-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат):
      7-бап:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Уәкілетті органның еңбекақы төлеу жүйесiн Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсілген уәкiлетті орган Басқармасының ұсынысы бойынша бекiтедi.";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Уәкiлетті орган өзі туралы Ережеде айқындалатын тәртiппен шығыстарды өтеуге байланысты өзге де қаржылық түсiмдерге ие болуға құқылы, олар қаржы жылының нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетiне аударылады.";
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Уәкiлеттi органның қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттарын оның Басқармасы айқындайды.".

       2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады